Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
travma_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.08 Кб
Скачать

5. Өкше сүйегінің сынықтары.Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.

Аяқ басының ауырсынуы, ісінуі. Осьтік жүктеме түсіргенде ауырсыну күшейеді, белсенді қозғалыстар шектелген. Сынық бөлшектерінің ығысуы болатын болса, өкше аймағының вальгусты немесе варусты деформациясы, оның енінің ұлғаюы. Сыртқы тобық күмбезінен табан беткейіне дейінгі қашықтықтың кішіреюі. Табанның ұзын күмбезінің жазылуы және ісінуі. Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емдеу әдістері: консервативті, жартылай белсенді (қаңқалық тарту) және белсенді (оперативті ем). Сыммен немесе шегемен остеосинтез.

6. Галеацци сынығы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.

Галеацци шығып – сынуы – бұл кәрі жілік диафизінің төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде сынуы мен шынтақ сүйегі басының шығуы. Қарағанда деформация. Білектің сыртқы бетінде кәрі жілік жағында ойық, алақан жағында томпаю анықталады. Пальпация кезінде ауырсыну, кәрі жіік осінің қисаюы анықталады. Осьтік жүктеме кезінде ауырсыну күшейеді. Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емі: жабық репозиция, саусақ ұштарынан бастап, иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипстік байлам. Репозиция сәтсіз болған жағдайда остеосинтез.

7.Бел омыртқалары денелерінің компрессиялық сынығы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.

Омыртқаның зақымдануы: тұрақсыз: омыртқалардың шығуы және сынып – шығуы, алдыңғы бөлімде омыртқа денесінің бойымен және одан көп деңгейде омыртқа денесінің сына тәрізді жаншылып сынуы, флексия – ротациялық сынық; омыртқа денелерінің тұрақты сынықтары – бұрышының үзілуі, омыртқа денесінің биіктігінің жартысынан төмен сына тәрізді жаншылуы, жарылып сынулар (омыртқаға бүгу және жазуыз осьтік жүктеме түсірген кезде пайда болады). Зақымдалған аймақта ауырсыну, сонымен қоса іштің ауруы және алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюы. Омыртқаға осьтік жүктеме түсірген кезде ауырсынудың күшеюі. Силин симптомы оң (науқас шалқасынан жатқанда жазылған күйде аяқтарын көтерген кезде сүйір өсінділерінің пальпациясы). Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емі: корсет салумен бір мезетті репозиция немесе функциональды әдіс (қисайтылған щитте қолтық асты ойығынан бойлай тарту) немесе бірнеше мезетті репозиция әдісі (омыртқаны жазуды кезеңдік ұлғайту: реклинаторы бар төсекте немесе белінің астына жастықша салумен).

8.Менисктердің зақымдануы. Негізгі клиникалық белгілері.

Зақымдалған мениск жақта буын қуысында ауырсыну, буын «тежелуі» симптомы (аяқты бүккен немесе жазған кезде кенте өте қатты ауырсынудың пайда болуы), төрт басты бұлшық еттің солуы мен Чаклин симптомы (науқас түзу аяғын көтерген кезде тігінші бұлшық еттің жалпаюы мен тырысуы анықталады), Байков симптомы («жазу» симптомы) (тізе буыны 900 қалыпта бүгілген жағдайда буын қуысын сыртқы және ішкі жағынан I және II саусақтармен бекітіп ұстайды. Осыдан соң тізені пассивті түрде жазады, егер де жыртылған мениск болатын болса, ауырсыну белгісі пайда болады), науқас тізерлеп, «түрікше» отырамын деген кезде ауырсынудың күшею симптомы.

9. Кәрі жіліктің дистальды бөлімінің сынықтары. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.

Кәрі жіліктің дистальды бөлімінің сынықтары (кәрі жіліктің тән жерден сынуы). Ажыратады: жазылған сынық – Коллис сынығы (сыртқа қайырылған қол басына тіреп құлаған кезде пайда болады) және бүгілген – Смит сынығы (ішке қайырылған қол басына тіреп құлаған кезде пайда болады). Қарағанда шанышқы тәрізді немесе үшкір басты деформация байқалады. Пальпация кезінде, осьтік жүктеме кезінде ауырсыну күшейеді. Білезік буынында қозғалыс шектелген және ауырсынады. Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емі: ығысусыз болған сынықтарда: саусақ ұшынан бастап білектің жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипстік лонгетамен бекітіледі. Ығысу болатын болса, жергілікті жансыздандырумен репозиция жасалады. Репозиция жасалмаса, оперативті ем жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]