- •Кәрі жіліктің тән жерден сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •Монтеджи шығып – сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы.
- •Жамбас сүйектері сынықтарының жіктелуі.
- •5. Өкше сүйегінің сынықтары.Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •6. Галеацци сынығы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.
- •7.Бел омыртқалары денелерінің компрессиялық сынығы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •10. Сирақтың диафизарлы сынықтары: Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •12. Пневмоторакс. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •14. Қабырғалардың сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз. Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз.
- •16. Тоқпан жіліктің дистальды бөлімі сынықтарының жіктелуі.
- •17. Монтеджи шығып – сынуы.
- •18. Ортан жіліктің жарақаттық шығуы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •19. Бел омыртқалары денелерінің компрессиялық сынығы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •20. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.
Кәрі жіліктің тән жерден сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
Кәрі жіліктің тән жерден сынуы бұл буын беткейінен 2 – 3 см проксимальды болатын сынықтың түрі.Сыну сызығы көлденеңінен немесе қиғаш көлденең бағытта өтеді.Қарағанда шанышқы тәрізді немесе үшкір басты деформация байқалады.Пальпация кезінде, осьтік жүктеме кезінде ауырсыну күшейеді. Білезік буынында қозғалыс шектелген және ауырсынады. Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емі: ығысусыз болған сынықтарда: саусақ ұшынан бастап білектің жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипстік лонгетамен бекітіледі. Ығысу болатын болса, жергілікті жансыздандырумен репозиция жасалады. Репозиция жасалмаса, оперативті ем жүргізіледі.
Монтеджи шығып – сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
Монтеджи шығып – сынуы – бұл шынтақ сүйегінің ортаңғы және жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде сынуы мен кәрі жілік басының шығуы. Қарағанда: шынтақ сүйегі жағында ойық, кәрі жілік жағында томпаю анықталады. Білек қысқарған. Пальпация кезінде шынтақ сүйегінің бүтіндігінің бұзылуы, сынық бөлшектерінің ығысуы және шыққан кәрі жіліктің басы анықталады. Пальпация кезінде ауырсыну күшейеді. Белсенді қозғалыстар мүмкін емес. Пассивті қозғалыс кезінде ауырсыну және серіппелі қарсылық белгісі анықталады. Диагностикасы: білезік буынын қамтумен 2 проекцияда рентгенография. Емі: репозиция. Репозиция жасалмаса, оперативті емге жүгінеді, шынтақ сүйегінің остеосинтезі. Репозиция немесе остеосинтезден кейін алақан қоспасы сүйектерінен иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипстік байлам салады.
Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы.
Жіктелуі: пронациялық, супинациялық сынықтар және Потта – Десто сынықтары.Дюпюитреннің пронациялық сынығы (классикалық «аяқталған» Дюпюитрен сынығы) – бұл 1) ішкі тобықтың сынуы немесе дельта тәрізді байламның жыртылуы, 2) сыртқы тобықтың немесе кіші жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігінен сынуы, 3) дистальды, жіліншік аралық синдесмоздың жыртылуы, 4) аяқ басының сыртқа қайырылуы немесе шығуы. Тобығының ауырсынуы, аяқтың тіректік қызметі толық бұзылады. Тобығы ісінген. Аяқ басы сыртқа қайырылған және табаны вальгустық қалыпта. Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емі: гипстік байлам салумен бір мезетті репозиция. Қаңқалық тарту тері жамылғысының зақымдалуына байланысты бір мезетте репозиция жасалмайтын және жаңқаланған сынықтарда көрсетілген. Оперативті ем ашық сынықтарда және жабық репозиция сәтсіз болған жағдайларда көрсетілген. Тобықтардың остеосинезі бұранданың, сымның, сүйек және металл штифттердің көмегімен жасалады.
Жамбас сүйектері сынықтарының жіктелуі.
Жіктелуі: А. шеткері сынықтар. Жамбас шеңберін түзуге қатыспайтын жамбас сүйектерінің сынуы: мықын қырларының, отырықшы бұдырларының, құйымшақтың сынуы, сегізкөз – мықын буынынан төмен сегізкөздің сынуы, мықын сүйегінің сынуы. Б. жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылмай жамбас сүйектерінің сынуы. Жамбас шеңберін түзетін сүйектердің сынуы. Жамбас шеңберінің беріктігі бұзылады, бірақ тіректік қызметі сақталады. 1) шат сүйегі тармағының бір – немесе екі жақты сынығы; 2) отырықшы сүйектің бір – немесе екі жақты сынығы; 3) шат сүйегі бір тармағының бір жақтан және отырықшы сүйектің екінші жақтан сынуы. В. жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылып жамбас сүйектерінің сынуы. Жамбастың тіректік қызметі бұзылады. 1) сегізкөздің тігінен сынуы немесе сегізкөз бүйірлік массасының сынуы; 2) сегізкөз – мықын буынының ажырауы; 3) мықын сүйектің тігінен сынуы; 4) шат сүйегінің қос тармағының бір немесе екі жақтан сынуы; 5) шат және отырықшы сүйектердің бір немесе екі жақтан сынуы («көбелек» сынығы); 6) шаттың ажырауы. Г. Бір мезгілде алдыңғы және артқы жартылай щеңбер бүтіндігінің бұзылуы (Мальгень сынықтары). Д. ұршық ойығының сынықтары.
