- •1 Ғимаратқа жалпы сипаттама
- •1.1 Ғимараттың конструктивті шешімі
- •1.2 Іргетастар
- •1.2 Ұстындар
- •1.2.3 Қабырғалар
- •1.2.4 Баспалдақ
- •1.2.5 Арақабырға
- •1.2.6 Төбежабын
- •1.2.7 Әрлеу жұмыстары
- •1.2.8 Еден
- •1.2.9 Терезе және есіктер
- •1.2.11 Инженерлі-техникалық қондырғылар
- •1.2.12 Желдеткіш
- •1.2.13 Жылутехникалық есеп
- •2 Есептік – конструктивтік бөлім
- •2.1 Бастапқы деректер
- •2.2 Негізгі жобалық шешім
- •2.3 Конструктивті құрастыру схемасы
- •2.4 Алдын-ала кернелген дөңгелек қуысты жабын тақтасының жобасы
- •1М2 жабын тақтасы үшін есептік жүктемесі.
- •Жабын үшін материалдар
- •2.5Көлденең жатқан раманың каркасын есептеу Раманың жүктемесін жинау
- •1М2.Жердегі тұрақты жүктеме
- •1М жердегі жабын арқалығының тұрақты жүктемесі
- •1М2 жердегі жабынның тұрақты жүктемесі
- •1М жабын арқалығының уақытша жүктемесі
- •2.6 Құрылыс алаңының геологиялық жағдайларын инженерлік талдау
- •2.7 Іргетас табанының өлшемдерін анықтау
- •2.8 Іргетастың шөгуін анықтаймыз
- •2.9 Іргетасты есептеу
- •3. Технологиялық бөлім
- •3.1.1 Бір құйылымды сылақтың дамытылған құрылымның технологиялық картасы.
- •3.1.2 Қорғаныш жабулар жасау процесстерінің технологиясы
- •3.2 Төбе жабындысын жасау процесстерінің технологиясы
- •3.2.1 Төбе жабындыларының міндеті және түрлері
- •3.2.2. Орамалы жабындар жасалу процесстерінің технологиясы
- •3.2.3. Қолдану аясы
- •3.2.4. Құрылыс процесінің технологиясы және ұйымдастырылуы
- •3.2.5 Жұмыстардың калькуляциясы
- •3.2.7. Сапаны қадағалау және жұмыстарды қабылдау
- •3.2.8. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •3.2.9 Кран маркасын таңдау
- •3.2.10 Опалубтык жұмыстар
- •3.2.10.11 Опалубтын жалпы мәліметтер
- •3.2.11 Арматуралық жұмыстар
- •3.2.12 Бетон жұмыстар
- •3.2.13 Бетон қоспасын төсеудің амалдары
- •3.2.14 Бетондау тәртібі
- •3.2.15 Бетон қоспасын тығыздау және күту
- •3.2.16 Бетон жұмысының сапасын тексеру
- •3.2.17 Бетон жұмыстарының еңбек шығындарынның калькуляциясы
- •3.2.18 Шатыр жұмыстары
- •3.2.19 Өңдеу жұмыстар
- •3.2.20 Сылақ жұмыстары
- •4. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру бөлімі
- •4.1. Құрылыс және өндіріс жұмыстарын ұйымдасытыру
- •4.2. Құрылыс жұмыстарының күнтізбелік жоспары
- •4.3. Құрылыстық бас жоспар
- •4.4. Құрылыстық бас жоспар жұмыстары орындалуы кезінде қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларын ұйымдастыру жұмыстары
- •4.4.1 Құрылыс алаңын ұйымдастыру
- •4.4.2 Даярлық кезең
- •4.4.3 Негізгі кезең
- •4.4.4 Құрылыс жұмыстарының ауқымы мен көлемі
- •4.4.5 Құрастыру кранын таңдау
- •4.4.6 Құрылыс жоспарының кестесі
- •4.4.7 Қажеттілігі мен құрылыс материалдарын қамтамасыз ету және ресурстар
- •4.4.8 Еңбек ресурстарының уақыт үшін қажеттілігі
- •4.4.9 Құрылыс машиналарының қажеттілігі
- •4.4.10 Энергия қажеттіліктері мен су есептеу
- •4.4.11 Сақтау объектілерін және алаңдарды есептеу
- •4.4.12 Уақытша ғимараттарға қажеттіліктер
- •4.4.17 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру мен әдістері
- •4.4.18 Техника қауіпсіздігі
- •5. Экономикалық бөлім
- •5.1 Құрылыстың сметалық құның анықтау.
- •5.2 Нысандық смета
- •5.3 Жиынтық сметалық есеп
4.2. Құрылыс жұмыстарының күнтізбелік жоспары
ҚЖКЖ – жалпы құрылыстық арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзақтылығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жөбаларының құрамына кіреді. КЖ жасау үшін қажетті бастапқы мәліметтер:
- Құрылыстың мөлшерлі ұзақтығы немесе құсқаулары:
- Жұмыс сызбалары мен сметалары:
- негізгі мамадықтар мен кәсіптік шеберлеліктер бойынша кадрлармен, өндірістік-техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизімдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар.
Жұмыстың жүруі КЖ негізделіп бақыланады. Астана қаласындағы 160 орынға арналған бала бақша ғимаратының құрылысы 1.01.03-85 ҚНжәнеЕ бойынша анықталып толық 10 айға жалғасады 1 кесте
4.3. Құрылыстық бас жоспар
Құрылыстық бас жоапар нысанның негізгі құрылыс бөлігіне жасалады. Құрылыстық бас жоспарда келесі шаралар көрсетіледі:
Жобаланатын ғимаратпен үймерет;
жобаланатын және уақытша машина жолдары ;
Құрылыс материялдарын қоятын алаңдар менен қоймалар, құрылымдар, бұйымдар, жартылай фабрикаттар және қондырғылар;
Мобильді (инвентарных) уақытша үймереттер менен ғимараттар ды орналастыру алаңдары;
- [МЕМСТ 23407-78] бойынша қоршаулар және шығатын есік ұзындығы 4,5м ;
жобаланатын, салынатын және құрылысқа дайындық кезінде қажет болатын уақытша инженерлі жүйелер;
Құрастыру кранының жолдары;
Құрастыру кранының жұмыстық және қауіпті аймақтары;
Қазылып алынған топырақтарды түсіу орындары;
Уақытша жарықтандыру және электірменен қамтамасыз ету .
Құрылыс алаңында әсіресе құрастыру кранымен көліктердің қозғалыстары айқындалып көрсетіледі.
Құрылыстық бас жоспарға негізделе отырып ПОС, ППР және технологиялық карталр құрастырылып жасалынады.
Ішiнде негiзгi жинақтау және жүк көтеретiн механизмдердiң, құрылыс кезеңiнде салынып, пайдаланылатын уақытша үймереттер мен ғимараттардың, жабдықтардың орналастырылуы көрсетiлген құрылыс алаңының бас жоспары құрылыстық бас жоспар.
Ол құрылыс шаруашылығы объектiлерiнiң құрамын анықтау және оларды орналастыру үшiн пайдаланылады. Бас жоспарда құрылыс мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану және еңбектi қорғау талаптарын қамтамасыз етудiң жолдары да мұқият қарастырылады. Ол техникалық құжаттардың өте маңызды құрамды бөлiгi және алаңды ұйымдастыру мен уақытша құрылыс көлемiн реттейтiн негiзгi құжат болып есептеледi.
Құрылыстың бас жоспар жалпыалаңдық және объектiлiк болып екi түрге бөлiнедi. Бiрiншiсiн жобалаушы ұйым жұмысшы жоба деңгейiнде құрылысты ұйымдастыру жобасының, ал екншiсiн құрылыс ұйымы жұмысшы құжаттар деңгейiнде жұмыс өндiрiсi жобасының құрамында жасайды.
Объектiлiк құрылыстың бас жоспар жалпыалаңық құрылыстың бас жоспарға кiретiн барлық салынып жатқан үймереттер мен ғимараттарға арналып, бөлек жасалады. Күрделi үймереттер үшiн объектiлiк құрылыстың бас жоспар түрлi кезеңдерге және жұмыс турлерi (жер жумыстары, жерасты ғимараттарын немесе ғимараттың жерасты бөлiгiн салу, жабын жұмыстары және басқа) арналып жасалуы мүмкiн.
Құрылыстың бас жоспарды жасау үшiн пайдаланатын бастапқы құжаттар:
- құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамындағы құрылыстың бас жоспар шешiмi;
- кешендi торкөздi график немесе жұмыс өндірiсiнiң мерзiмдiк жоспары;
- технологиялық карталар, үймереттің және ғимараттың жұмысшы сызбасы.
Объектiлiк құрылыстық бас жоспарды мердiгер немесе оның тапсырмасымен бiрлестiктiң немесе ведомствоның жобалау — технологиялық ұйымы жасайды.
Жұмыс өндiрiсiнiң жобасының құрам ындағы объектiлiк құрылыстың бас жоспардың графикалык бөлiгi әдетте 1:500, 1:200, 1:100 және 1:50 масшабымен орындалады және ол негiзінен құрылысты ұйымдастыру жобасындағы құрылыстык, бас жоспар элементтерiнен құралады.
Құрылыстық бас жоспар құрылысты ұйымдастыру жобасында қабылданған принциптi шешiмдердi дәлдей, анықтай түседi және онда жобалық шешiмдердi нақтылы жүзеге асыруға қажет егжей — тегжейлi талданған және мейлiнше жан — жақты қамтылған мәлiметтер бар. Құрылыстық бас жоспарда нақтылы үймереттi немесе ғимаратты салумен тiкелей байланысты және объектiге жалғасқан территорияны қамтитын құрылыс шаруашылығы алаңын ұйымдастыру жөнiндегi ойластырылған шешiмдер көрсетiледi.
Құрылыстық бас жоспар құрылыс алаңының шекаралары, оның қоршауларының түрлерi, пайдаланылып жүрген және уак,ытша жерасты, жерүстi және әуе жүйелерi мен коммуникациясы, тұрақты және уақытша жолдар, транспорт құралдары мен механизмдердiң қозалту схемалары, құрылыс және жүк көтергiш машиналарды орнататын жерлер мен олардың қозғалу жолдары және пайдалану аймағы, тұрақты салынып жатқан және уақытша үймереттер мен ғимараттардың өткiндерi, энергия қуатымен қамтамасыз ететiн көздер мен құралдардың орналасуы, жерге қосьлған контурлары, материалдар мен түзiлiстердi үйетiн қоймалар мен алаңдар, жұмысшыларға санитарлы - тұрмыстық қызмет көрсететiн
үйлердiң орналасуы, iшетiн су қондырғылары, демалыс орындары, қауiптiлiгi жоғары аймақтар, белгiленген құрылыс алаңын игеру жолдары көрсетiлiп жасалады.
Құрылыс шаруашылығының уақытша объектiлерiн орналастыруды жинақтау және жүк көтергiш механизмдерден бастау керек, өйткенi құрылыстық бас жоспардың қалған барлық шешiмдерiнiң орындалуы — ең алдымен, солардың қалай орналастырылуына байланысты.
Жинақтау крандары мен жүк көтергiштердi орналастыру мен объектiге байлау, құрылыс алаңындағы жұмыстарды тежеу және қауiптi аймақтарды анықтауға байланысты мәселелердi жұмыс өндiрiсiнiң әрбiр нақтылы жағдайын, қауiпсiздiктi сақтаудың техникалық талаптарын, жұмыс өндiрiсiнiң картасын ескере отырып жобалау керек.
Объектiлiк құрылыстың бас жоспарында техника қауiпсiздiгi талаптары нақтылана түсiп, жұмысқа қауiптi деп коршалған механизмдер орналасқан және жоғары кернеулi электр желiлерi өтетiн аймақтар, темiр жол өткелдерi, көлiк қозғалысын реттейтiн белгiлердiң қойылған жерлерi, тағы басқалар көрсетiледi. Осы сияқты құрылыс шаруашылығының басқа да элементтерi аталады.
