Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жолдас Б. Д «Астана қаласындағы 160 орынды 2...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.43 Mб
Скачать

3.2.7. Сапаны қадағалау және жұмыстарды қабылдау

Ерітілген рубероидтан шатырды құру процесі кезінде контакттілі электроқыздыру әдісі қолданылады:

- қолданатылатын материалдардың сапасы және олардың ГОСТ-тарға, қолданыстағы рекомендацияларға сәйкестігі тексеріледі;

- жұмыстар технологиясының оптималды таңдауын тексеру және механизация құралдарын қабылдау параметрлері (жапсыру құрылғысы);

- жұмыстардың әрбір кезеңдерін дұрыс орындауын қадағалау;

- жабын және шатырдың жеке конструктивті элементтеріндегі жүретін жұмыстарды қадағалау;

- жобада көрсетілген шатыр кілемшесінің қабаттар санының сәйкестігі.

Тексеру нәтижелерін жұмыстар журналына тіркейді.

Шатырдың жеке қабаттарын жапсыру сапасы оның беткі қабатын тексеруден басталады. Кілемше бетінде сызаттар, раковиндер, күйіктер, үрлену шарлары, бөлініп түскен жерлер болмауы керек. Ерітілген рубероид жолағының шеттері беттестіру кезінде бір-бірімен тығыз, орнықты беттесуі қажет. Үрлену және басқа да әр ерітілген рубероид қабатын жапсырғаннан кейін байқалған дефектілер шатыр кілемшесінің келесі қабаттарын жапсырмас бұрын қалпына келтірілуі керек.

Шатырды орналастыру кезінде әрбір қабаттың аралық қабылдауын жүргізіп отырады. Бұл аралық қабылдауда жабынның конструктивті элементтерінің сәйкестігін және материалдардың жобаға сай талаптардардың орындалуын жүзеге асырады. Ал жабық жұмыстарда (шатырдың астына негіз орналастыру, шығып тұрған конструкцияларға түйіндесу орындары, шатырдың төменгі қабаттары) сапаны бағалау актілері құрастырылып толтырылады. Шатырды соңғы рет қабылдауда материалдарды лабороторияда тәжірибеден өткізізгендегі мәндері көрсетіледі, жұмыс өндірісінің журналдары толтырылады, жабық жұмыстарға акттер жасалынады.

3.2.8. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ерітілген рубероидтан шатырды құру процесі кезінде контакттілі электроқыздыру әдісімен құрылыстағы техникалық қауіпсіздік ережелері сақталынуы қажет [ҚНжЕ II-2-80 «Противо­по­жарные нормы проектирования зданий и сооружений»].

Ерітілген рубероидтан шатырды құру процесі кезінде 18 жастан асқан адамдар ғана жұмыс істейді, олар медициналық тексерістерден өткен, арнайы теориялық және практикалық білімі бар деген куәлігі бар адамдар болып табылады.

Өндірістік іс-тәжірибеге қарамастан шатыр жұмысшылары алдын-ала техникалық қауіпсіздік бойынша кіріспе (жалпы) инструктаждан өтуі қажет, сондай-ақ жұмыс орнында өндірістік инструктаж жүргізіледі. Жұмыс жүргізілу жаңбырда және 7м/с жел соқса тоқтатылады. Шатыр жұмысшылары брезент костю­мдармен, қолғаптармен және тері етіктермен қамтамасыз етіледі. Жұмыс уақытында үстіңе май төгілген киіммен жұмыс жасауға және темекі шегуге болмайды. Жұмыстағы өндіріс орны өртсөндіру мен жедел жәрдем құралдарының келесідей түрлерімен қамтамасыз етілуі керек: шатырдың 500 м2 жететін көпірме өртсөндіргіштер— 2 шт. кем емес, құм салынған жәшік 0,5 м3 — 1 шт.; күректер — 2 шт.; асбестті жолақтар — 3 м2, медикаменттердің жинағы бар аптечка — 1 шт.

Сурет 3.2.16 – Жабын жұмыстарына арналған машиналар мен механизмедер.

Сурет 3.2.17 –. Жабын жұмыстарына арналған машиналар (Рулонды жабын құрылғысы).