- •1 Ғимаратқа жалпы сипаттама
- •1.1 Ғимараттың конструктивті шешімі
- •1.2 Іргетастар
- •1.2 Ұстындар
- •1.2.3 Қабырғалар
- •1.2.4 Баспалдақ
- •1.2.5 Арақабырға
- •1.2.6 Төбежабын
- •1.2.7 Әрлеу жұмыстары
- •1.2.8 Еден
- •1.2.9 Терезе және есіктер
- •1.2.11 Инженерлі-техникалық қондырғылар
- •1.2.12 Желдеткіш
- •1.2.13 Жылутехникалық есеп
- •2 Есептік – конструктивтік бөлім
- •2.1 Бастапқы деректер
- •2.2 Негізгі жобалық шешім
- •2.3 Конструктивті құрастыру схемасы
- •2.4 Алдын-ала кернелген дөңгелек қуысты жабын тақтасының жобасы
- •1М2 жабын тақтасы үшін есептік жүктемесі.
- •Жабын үшін материалдар
- •2.5Көлденең жатқан раманың каркасын есептеу Раманың жүктемесін жинау
- •1М2.Жердегі тұрақты жүктеме
- •1М жердегі жабын арқалығының тұрақты жүктемесі
- •1М2 жердегі жабынның тұрақты жүктемесі
- •1М жабын арқалығының уақытша жүктемесі
- •2.6 Құрылыс алаңының геологиялық жағдайларын инженерлік талдау
- •2.7 Іргетас табанының өлшемдерін анықтау
- •2.8 Іргетастың шөгуін анықтаймыз
- •2.9 Іргетасты есептеу
- •3. Технологиялық бөлім
- •3.1.1 Бір құйылымды сылақтың дамытылған құрылымның технологиялық картасы.
- •3.1.2 Қорғаныш жабулар жасау процесстерінің технологиясы
- •3.2 Төбе жабындысын жасау процесстерінің технологиясы
- •3.2.1 Төбе жабындыларының міндеті және түрлері
- •3.2.2. Орамалы жабындар жасалу процесстерінің технологиясы
- •3.2.3. Қолдану аясы
- •3.2.4. Құрылыс процесінің технологиясы және ұйымдастырылуы
- •3.2.5 Жұмыстардың калькуляциясы
- •3.2.7. Сапаны қадағалау және жұмыстарды қабылдау
- •3.2.8. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •3.2.9 Кран маркасын таңдау
- •3.2.10 Опалубтык жұмыстар
- •3.2.10.11 Опалубтын жалпы мәліметтер
- •3.2.11 Арматуралық жұмыстар
- •3.2.12 Бетон жұмыстар
- •3.2.13 Бетон қоспасын төсеудің амалдары
- •3.2.14 Бетондау тәртібі
- •3.2.15 Бетон қоспасын тығыздау және күту
- •3.2.16 Бетон жұмысының сапасын тексеру
- •3.2.17 Бетон жұмыстарының еңбек шығындарынның калькуляциясы
- •3.2.18 Шатыр жұмыстары
- •3.2.19 Өңдеу жұмыстар
- •3.2.20 Сылақ жұмыстары
- •4. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру бөлімі
- •4.1. Құрылыс және өндіріс жұмыстарын ұйымдасытыру
- •4.2. Құрылыс жұмыстарының күнтізбелік жоспары
- •4.3. Құрылыстық бас жоспар
- •4.4. Құрылыстық бас жоспар жұмыстары орындалуы кезінде қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларын ұйымдастыру жұмыстары
- •4.4.1 Құрылыс алаңын ұйымдастыру
- •4.4.2 Даярлық кезең
- •4.4.3 Негізгі кезең
- •4.4.4 Құрылыс жұмыстарының ауқымы мен көлемі
- •4.4.5 Құрастыру кранын таңдау
- •4.4.6 Құрылыс жоспарының кестесі
- •4.4.7 Қажеттілігі мен құрылыс материалдарын қамтамасыз ету және ресурстар
- •4.4.8 Еңбек ресурстарының уақыт үшін қажеттілігі
- •4.4.9 Құрылыс машиналарының қажеттілігі
- •4.4.10 Энергия қажеттіліктері мен су есептеу
- •4.4.11 Сақтау объектілерін және алаңдарды есептеу
- •4.4.12 Уақытша ғимараттарға қажеттіліктер
- •4.4.17 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру мен әдістері
- •4.4.18 Техника қауіпсіздігі
- •5. Экономикалық бөлім
- •5.1 Құрылыстың сметалық құның анықтау.
- •5.2 Нысандық смета
- •5.3 Жиынтық сметалық есеп
КІРІСПЕ
Құрылыс - біздің еліміздің экономикасының ең басты салалары болып табылады. Қазіргі таңдағы құрылыстың мүмкіншіліктері өте кең және көп салалы болып келеді. Толық құрылыстың қазіргі таңдағы ең негізгі шешімдері болып:
Инвестицияны тарту, өндірісті және құрылысты дамытуға арналған негізгі фондтарды құру және жаңалау;
Жаңа нысандарды енгізу, құрылыста және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жаңа техникалық құрал-саймандарды енгізу мен реконструкциялау эффективтілігін арттыру;
Қазіргі таңдағы әлемдік және отандық құрылыстық ілім жобалаушы мен кәсіпкерге кең ауқымдағы инженерлік мүмкіншіліктер, үлкен көлемдегі машиналар паркін, құрылғылар, механизмдер мен құрал-саймандар, жұмыс ұйымдастырудың көптеген түрлерін ұсынады. Нақтылап келген кезде жұмыстың сәттілігі нақты мамандардан, олардың профессионалды дайындығынан, ой-өрісінің дамуынан,ойлау және әр түрлі мүмкіншіліктерден ең тиімдісін таңдай білу қабілетінен іске асады.
Қала экономикасының дамуында тұрғын үйлердің жобасын өңдеу құрылыстағы үлкен адымдардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша халықтың шоғырлануы бойынша Астана қаласы алдыңғы қатарда болып келеді. Сол себептен, бала бақша мәселесі бұл аймақта күрделі болып табылады.
Астана қаласының тұрғындары жұмыс уақытында өз балаларын балбақшаға апарады. Қазіргі кезде бала бақшалар аз, өйткені оларды сатып алып, бұзып орнына ғимараттар салып жатыр. Бала деген біздің болашағымыз, біздің жалғасымыз. Сондықтан да менің дипломдық жобамның тақырыбы балабақша.
Берілген дипломдық жобада «Астана қаласындағы 160 орынды 2 қабатты балабақша» жобаланған. Осы жобда қазіргі таңдағы құрылыс материалдарын, құрылғыларды, құрылыстың әдіс-тәсілдерін, және осыған ұқсас ғимараттардың жоба жасаудағы жетістіктерін іске асыру қажет еді. Осыған байланысты имарат белгілі бағыттағы қызметіне және құрылыс ержелерінің талаптарына толығымен жауап беруі тиіс. Осы жоғарыдағы айтылғандарға орай, жоба жайындағы диплом жұмысының тақырыбы белсенді әрі қазіргі заңға сай болып отыр.
1 Ғимаратқа жалпы сипаттама
Құрылыс салу алаңы Астана қаласының Оңтүстік-шығыс ауданының орта- лығында Қаныш Сәтпаев, Обаған, Зеренді көшелермен шектелген аймақта орна ласқан.
Ғимарат 2 қабатты. Қабат биіктігі 3,3 м.
Шеткі өстер бойынша ғимараттың өлшемдері: ұзындығы 36.0 м, ені 32.0 м.
Өрт болған жағдайда адамдар 1-7, 7-1, А-Ж, Ж-А қасбетте жобаланған есіктерден шығады.
Мұнда салынатын жердің еңістігі көрсетіліп, салынған және салынатын үймереттер мен ғимараттардың орны, олардың өлшемдері, бағытталуы, жел тармақтарына қарай жоспарлануы көрсетілді.
Құрылыс салынатын жер – Астана қаласы.
Қала ап-аласа, елдiң аумағының көпшiлiгiн құрайтын шөл жердегi Есiл өзенiнің бойында орталық Қазақстанның бiр бөлiгiнде орналастырылған. Теңiз деңгейiнiң үстiнде Астана төбесi – 347м. Астана ландшаф бойынша жер бедері көлемдi жазықта орналастырған.
Климаты бойынша Астана әлемде екінші суық бас қала болып келеді, әдетте қыстың басында ауа температурасы -35°С тен -40° С болады. Ең суық бескүндік температура 37°С , ал ең суык тәуліктік температура 39°С. Жаз айларында шамалы ыстық болып келеді.
Жел бағыттары: оңтүстік – батыс.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы – 4,8 м/сек.
Құрылыс жүргізілу алаңы – саздақ.
Топырақтың қату тереңдігі – h=2,05м.
Жерасты суларының деңгейі – 4-5м тереңдікте орналасқан.
Жер бедері – тегіс.
Қар жүктемесі бойынша ІІI район – 100 кг/м2
Ғимараттың инженерлік құрылғылары: су құбыры – шаруашылық және ауыз су қалалық жүйеден; канализация – қалалық жүйеге қосылған; жылу жүйесі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, оның параметрлері Т=70-95°С; ішкі ауаны жаңарту үшін вентиляция орнатылған; ыстық су сыртқы жүйеден; электрмен қамтамасыз ету – сыртқы жүйеден кернеулігі 380/220 В; байланыс құрылғылары – радио, телефон, видео бақылау және өрт қауіпі төнгенде белгі беру жүйесі орнатылған.
Ғимараттың өмір сүру дәрежесі І, оның құрылымдық элементтері 100 жылға есептелген (қабырғалары керамикалық кірпіштен, іргетасы мен аражабындары құймалы темірбетоннан). Ғимараттың жауапкершілік классы I ҚНжЕ 2.01.07-85 бойынша. Ғимарат өртке төзімділігі бойынша 2 дәрежеге жатады,ҚҚН 2.02.01-89 сәйкес.
Технико-экономикалық көрсеткіштер (сәйкес ҚНжЕ 3.02-02-01 «Қоғамдық ғимараттар және имаратттар»):
- құрылыс алаңы
Аз=(12.6+0.62)×(24+0.62)+(24-0.31+0.31)×(9+0.62)+(12.6+0.62)×(12+0.31-0.31)= 772,8 м2
- құрылыс көлемі
Vбүкіл жер үсті =4521м3
Vжер асты=1622 м3
Vғим=1622+4521=6143 м3
- құрылыстың барлық алаңы
2×[(12.6-0.4)×(24-0.4)+(24-0.2+0.2)×(9-0.4)+(12.6-0.4)×(12-0.2+0.2)]= 1432,8 м2
-Ғимараттың қажетті ауданы
Ап=1212 м2
- ғимараттың есептік ауданы.
Ар=1007,3 м2
1.1 Ғимараттың конструктивті шешімі
Ғимараттың конструктивті жүйесі – қаңқалы, ұстыны тұтас құймалы темірбетон құйылған. Көтергіш қабырға бойлық және көлденең орналасқан. Ғимараттың тұрақтылығы тұтас құймалы темірбетон ұстындарымен өзін-өзі көтергіш қабырғалармен баспалдақ торлары, аралық жабындары арқылы жүзеге асырылады.
