Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом6.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.2 Кб
Скачать

1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:

кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;

өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;

инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;

кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;

іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;

мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;

жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;

қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;

өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;

инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;

инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;

бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.

Түптеп келгенде, кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;

инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;

қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;

отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы жағдайлар жасау;

барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек экономикалық табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды) тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;

меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын), инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын жүйесін қалыптастыру;

елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]