- •3.3 Талдау, бағалау................................................................................
- •1.1 Инвестицияның түрлері және тікелей инвестицияның талаптары
- •1 .2 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде
- •1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мақсаты мен оның принциптері
- •Іі инвестициялық әдістерді талдау және тиімділігін бағалау
- •2.1 Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстерi
- •2.2 Кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастыру
- •Ііі қазақстандық кәсіпорын мысалында инвестициялық жобаны талдау
- •3.1. Жшс “Итеко Полюс” қызметінің жалпы сипаттамасы
- •Компанияның жалпы сипаттамасы
- •Жобаның технологиялық бөлімі
- •Жоба өнімі
- •Коммерциялық бөлім
- •Экологиялық бөлім
- •Автомобиль двигателінде бензин жаққаны үшін экологиялық төлемдер есебі 10 – кестеде көрсетілген:
- •Өндірістік, көмекші және әкімшілік персоналға кететін шығындар келесі 11 – кестеде келтірілген:
- •Әлеуметтік талдау
- •Жобаның сандық талдануы
- •12 Кесте. Көрсеткіштер кестесі
- •Қоытынды
Экологиялық бөлім
Қандай өндіріс болмасын өзінің шығаратын қалдықтары болады, ол өз кезегінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтанда соңғы жылдары қалдықсыз өндіріске көп көңіл бөлініп отыр. Талданып отырған жобада бұл мәселе ескерілген, яғни ПП қап өндіретін құралда қалдықты өңдейтін қондырғы орнатылған.
Атмосфераға шығарылатын қалдықтар үшін негізгі өндірістен төленетін экологиялық төлемдер келесіні құрайды:
170 т х 400 тг = 68 000 тг/жылына
Қалдықтарды өңдеуге кететін экологиялық төлемдер құны келесідей:
300 т х 470 тг = 141 000 тг/жылына
Автомобиль двигателінде бензин жаққаны үшін экологиялық төлемдер есебі 10 – кестеде көрсетілген:
Аты |
Саны |
Жылына 1машинаға кететін бензин,л |
Жылдық бензин шығысы, л |
ЗИЛ-130 |
4 |
9 000 |
36 000 |
ГАЗ-53 |
1 |
7 380 |
7 380 |
ГАЗ-31029 |
1 |
7 800 |
7 800 |
РАФ |
1 |
10 800 |
10 800 |
Барлығы: |
|
|
61 980 |
Төлемдерді есептеу үшін шартты түрде 62 000 литр бензинді аламыз, ол 46 тоннаға тең.
Автокөлік құралдарының двигателінде бензин жаққаны үшін экологиялық төлемдер келесіні құрайды:
46 тонна х 644 тг = 29 624 тг
Экология бойынша жылдық төлемдер келесідей:
68 000 тг +141 000 тг + 29 624 тг = 238 624 тг.
Қорытындылай келсек, жобаны экологиялық тұрғысынан қарағанда оның атмосфераға тигізетін әсерін көрдік. Сол әсерді азайту үшін экологиялық төлемдер төленеді, егер қарап отырсақ ол жағдайды өзгертпейтін сияқты, бірақ та одан түскен түсімдер ауаны тазарту шараларына жұмсалады, мысалы ауаны тазартатын фильтрлер орнатылуы мүмкін, сол объект территориясына жас көшеттер отырғызылуы мүмкін. Ең басты критериі қалдықсыз өндіріс орнатылуы, яғни осының өзі қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендетеді.
Ұйымдық құрылымы
ЖШС ”Итеко Плюс” мамандарының өндірістегі жоғары кәсіби біліктілігі және жұмыс істеу тәжірибесі бар. Сондай-ақ ЖШС ”Итеко Плюс” жұмыс бастылық мәселесін шешеді, олар негізінен стажы және көп жұмыс тәжірибесі бар мамандарды алады.
Имажанов М.Е. - ЖШС ”Итеко Плюс” Директоры.
Білімі - Әл- Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің химия факультетін 1992 жылы аяқтады.
Химиялық салада жұмыс істеу стажы 5 жыл.
2. Нурланова А.Б - ЖШС ”Итеко Плюс” Бас технологы.
. Білімі - Қ.Сәтбаев атындағы технологиялық университетті 1992 жылы аяқтаған.
Химиялық салада жұмыс істеу тәжірибесі 3 жыл.
3. Кузенбаева Г.И. - ЖШС ”Итеко Плюс” Бас бухгалтері.
Білімі - Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының қаржы және несие бөлімін 1994 жылы аяқтаған.
Жұмыс істеу тәжірибесі 4 жыл.
Жоғарыдан көрініп отырғандай жобаны басқаратын мамандар біліктілігі жоғары және сол салада жұмыс істеу тәжірибелері бар.
Өндірістік, көмекші және әкімшілік персоналға кететін шығындар келесі 11 – кестеде келтірілген:
№ |
Өндіріс учаскесі |
Саны |
Орташа айлық жалақы, $ |
Жылдық жалақы қоры, $ |
Өндіріс жұмысшылары |
||||
1 |
Таспа өндіретін линия |
20 |
150 |
36 000 |
2 |
Тоқыма станоктары |
15 |
150 |
27 000 |
3 |
Қосымшалар өндірісі |
12 |
150 |
21 600 |
4 |
Жылу кескіші |
4 |
150 |
7 200 |
5 |
Кесу және мата тігу автоматы |
9 |
150 |
16 200 |
6 |
Тігін машиналары |
15 |
175 |
31 500 |
7 |
Қосымшалар термосваркасы |
6 |
150 |
10 800 |
8 |
Баспа станоктары |
8 |
150 |
14 400 |
9 |
Орау пресі |
4 |
150 |
7 200 |
10 |
Инженер сеті |
4 |
150 |
7 200 |
11 |
Тех.қызмет және шеберхана |
10 |
150 |
18 000 |
|
Барлығы |
107 |
1 675 |
197 100 |
ИТР |
||||
1 |
Өндіріс бастығы |
1 |
300 |
3 600 |
2 |
Техникалық директор |
1 |
300 |
3 600 |
3 |
Өндірістің сменалық контролерлеры |
6 |
150 |
10 800 |
4 |
Сапа сменалық контролерлері |
3 |
150 |
5 400 |
5 |
Тех.қызмет бойынша инженерлер |
3 |
350 |
12 600 |
6 |
Қойма және жіберу контролерлері |
1 |
200 |
2 400 |
7 |
Секретарь |
2 |
100 |
2 400 |
|
Барлығы |
17 |
|
40 800 |
Әкімшілік |
||||
1 |
Президент |
1 |
700 |
8 400 |
2 |
Қаржы директоры |
1 |
600 |
7 200 |
3 |
Бас бухгалтер |
1 |
500 |
6 000 |
4 |
Басқарушы- әкім |
1 |
500 |
6 000 |
5 |
Бухгалтерлер |
3 |
300 |
10 800 |
6 |
Секретарь |
1 |
200 |
2 400 |
|
Барлығы |
8 |
|
40 800 |
Маркетинг қызметі |
||||
1 |
Маркетинг директоры |
1 |
600 |
7 200 |
2 |
Маркетинг менеджері |
1 |
500 |
6 000 |
3 |
Өтім қызметкері |
2 |
400 |
9 600 |
4 |
Коммерция қызметкері |
1 |
400 |
4 800 |
5 |
Секретарь |
2 |
200 |
4 800 |
|
Барлығы |
7 |
|
32 400 |
Өндіріс ірі болғандықтан және жаңадан құрылып отырғандықтан жобаны жүзеге асыруға қажетті жалпы персонал саны 139 адам құрайды, ал оларға кететін жалпы жалақы мөлшері 351 900 доллар.
