- •1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері
- •2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
- •2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі
- •2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
- •3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары
- •3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары
2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі
Жас отбасы – әлеуметтік жұмыстың маңызды және күрделі обьектісі. Оның маңызлылығын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты Президенттің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».
Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл үшін 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытта айырылысу саны көп болатынмен байланыстырылады.
Жас отбасы – дамудың бастапқы кезеңін басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан (жұбайынан) некеге дейінгі адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың «үйренісуі», яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының өмірінің қалыптасуы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық. Отбасын құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог-дәрігерлер мен сексопотологтар ғана емес, психологтар да айтып жүр.
Жас отбасын құрудың мақсаттарын шешудегі әлеуметтік жоспар некелік серіктердің біріге отырып құрған отбасы идеалына сай және қауымдастықты құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-аналарын отбасылық мінез-құлқын қайталау (олар әртүрлі, кейде қарама-қайшы болуы мүмкін) – отбасы өміріндегі жеке басының мақсаттарын шешудәі кең тараған қате жолдарының бірі.
Жас отбасының өмірлік мақсаттарын шешудегі әрбір осы алған жоспар шартты түрде бөленген: бірге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті күнделікті, қарапайым және мағынасыз әрекеттерде: үй жинау, тамақ әзірлеу, ыдыс жуу, бірге уақыт өткізу және тағы басқа олар арасыласып жатады.
Жас отбасының қалыптасуындағы күрделі проблемаға алғашқыда махаббат пен сексуалдық құштарлық негізінде құрылған отбасылық қатынастар күту мен талап ету сияқты жаңа ұстамдардың: әртүрлі көзқарастар, серігінің тұрмыстағы және некеден бұрынғы тіршілігіне сәйкес келмеуі және тағы басқа үстемелеп кетуі жатады. Жас әйелдер отбасылық өмір туралы өзінің романтикалық түсініктері мен шындықтың сәйкес келуін ауыр бастан кешеді, себебі неке туралы ойлағанда ол эмоциялы махаббаттың бастан өткеру сияқты елестейді, ал шындығында ол әйел адам үшін көп міндеттемелер мен отбасындағы қолайлы психологиялық климат үшін жауапкершілікті жүктейді. [11]
Жас отбасының қалыптасуы үшін маңызды фазаға – баланың тууы жатады. Әдетте, бірінші бала жас отбасының бірге тұрған бір-екі жылында дүниеге келеді. Әрине, баланың тууылуына қарай отбасын материалдық шығыны да өсе түседі, оның үстіне ата-анасының жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді. Ана мен әке болудың әлеуметтік рольдерін меңгеру – жас жұбайлар үшін ғана емес жалпы жас отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.
Өмірлік бағдарға, отбасында рольдерді бөліп алуына, балалы болуына байланысты жас отбасыларын бірнеше түрге бөлуге болады. Жас отбасын бірінші түрі ерлі-зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым-қатынасындағы экономикалық саласында ғана анықталады және шектеледі (қаржы, тұрғын-үйді қамтамасыз ету). Бұл ерлі-зайыптылардың достары бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.
Екінші түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та, жабық та болуы мүмкін.
Үшінші түрлі жас отбасы – ерлі-зайыптылар думан тойға бағдарланған отбасы. Мұндай отбасында әйелі мен күйеуі ортақ достармен де араласа береді. Репродуктивті ұстанымдары – баласыз тіпті болмағанда бір балалы отбасын құру. Мұнда көшбасшылық автаритарлық та, жариялық та бола береді.
Жағарыда айтылған жас отбасылардың түрлері жалпы қалыпты тіршілік етуге ешбір «қауіп» туғызбайтын белгілері бойынша жіктеледі. Мұндай түрлер, оны білу әлеуметтік қызметкер үшін қажет, себебі ол жас отбасына әлеуметтік құбылыс ретінде түсінік береді. Бірақ соционом үшін әлеуметтік қауіпті түрлерін, яғни обьектілік немесе субьектілік жағынан өмірлік қиындықтар көріп, мемлекеттік әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жағынан да, әлеуметтік-қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдвр тарапынан да көмекті қажет ететінтжас отбасылары туралы білген өте маңызды.
Жас отбасыларына тура қатысты әлеуметтік қауіпті отбасылары да бар. Мысалы, отбасына қолдау жасау проблемаларын шешумен айналасатын жұмыстарына американдықтар шолу жасағанда жас отбасылары, соның ішінде тұңғыш баласы туар алдындағы және туғаннан кейінгі жас отбасы, екі карьералы отбасылары, кедей отбасылары, кішкентай баласы қайтыс болған отбасы және т.б. бөліп қараған. [12]
Жас отбасылары үшін жиі кездесетін проблемаларға сондай-ақ, материалдық, тұрғын-үй проблемалары, қарым-қатынасқа түсу, және жанжалды шешу жағдайындағы психологиялық проблемалар жатады. Одан басқа оларға ғана тән медициналық (жоспарланған жүктілік, жүкті бола алмау, балалардың ауруы және т.б.) проблемаларда бар. Мұндай отбасында ерлі-зайыптылар білім алуын жалғастыруда, кәсіптік өһсуінде қиындықтар көруі мүмкін.
Қазіргі қазақстандық жас отбасының әлеуметтік пробдемаларының ішінде бірінші орында материалдық жағдайсыздық тұр. Қазақстандық жастардың құндылықтардың ішінде»материалдық жағынан қамтамсыз етілу» алдыңғы орында: республиканың 84,8% жас респонденттері бұл қажеттілікті басқа базалық және әлеуметтік қажеттіліктердің, соның ішінде «сүйікті адамды табу», «отбасын құру», «бала өсіру» сияқты қажеттіліктерден де бірінші орынға қояды екен.
Жас отбасының тағы бір өткір проблемасы тұрғын-үй проблемасы. Жоғырыда аталған, «Қазақстан жастары – 2000» жобасының шеңберінде жүргізілген зерттеулердің проблемалардың ішінде жас тұлғалардың «тұрғын-үйінің болмауы» проблемасы «отбасын материалдық жағынан қамтамсыз ету қиын», «мамандығыма жұмыс табу қиын» және «кәсіптік білім алудың мүмкіндігі жоқ» сияқты проблемалардан кейін төртінші тұрады екен.
Материалдық – экономикалық проблемалар, тұрғын-үй проблемасымен бірге белгілі бір дәрежеде жас отбасыларының неке құру жасына, айырылысуға және бала тууға әсер етеді.
Тағы бір жас отбасылары үшін күрделі проблема аз балалық, халықтың репродуктивтік бөлігі болып табылатын жастар арасындағы бала туудың төмендеуі. Бала туу үрдісінің төмендеуінің аналардың жастарына байланысты көрінісі 2.1-кестеде көрсетілген.
Жас отбасымен жасалатын әлеуметтік жұмыс көп аспектілі сипатта болады. Нақты отбасыларының нақты проблемаларын шешуге бағдарланған экономикалық, психологиялық, білім беру және басқа да бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, оның негізіне жалпы мемлекеттік отбасы саясаты мен одан шығатын отбасын әлеуметтік қорғау жатады.
Нарықтық қатынастарға көшкен өзгермелі қоғамда мемлекеттік отбасы саясатының негізгі бағыттары мыналар:
Отбасы экономикасындағы табыстарының деңгейі мен рөльдерін көтеру, оның экономикалық дербестігін бекіту, нны көптеген жұмысшылардың өздерін және өз отбасыларын асырауға жеткілікті мөлшерде еңбекақы деңгейімен, отбасының өмірлік игіліктер құрылымын ақылы және ақысыз қызметтерінің арақатынасын ақылы жағына қарай өзгертумен байланысты шешу;
Отбасының өндірістік қызметін әртүрлі жеке меншік түрлерін дамыту арқылы қайта өрлетіп, кеңейту үшін материалдық-қаржылық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық алғы шарттарды құру;
Қоғам мен мемлекеттің үй шаруашылығын жүргізуге деген қатынасын өзгерту;
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға өтемақы төлеу арқылы балалар тамағына, киіміне, мектеп құралдарына және т.б. ақша бөлу арқылы адрестік, жекеленген материалдық қолдау көрсету;
Жас отбасыларын тұрғын-үй сатып алуға, үй шаруашылығын жүргізуге, ұзақ уаөытқа қолдану заттарын және т.б. алуға бір реттік несие беруге кепілдік беретін еңбек келісім – шарттарын жасауға көмектесу;
Жалғыз басты аналарға 16 жасқа дейінгі балаларына өмір сүру деңгейіне сәйкес жәрдемақы төлеуді және оларды индексациялауды реттеу;
Отбасы қатынастарын тұрақтандыру, отбасы адам мен қоғамның ұдай өндірісінің маңызды әлеуметтік организмі ретінде бекіту, олардың толық дамыту мақсатында отбасына әлеуметтік көмек көрсетудіңерлі-зайыптыларға, ата-аналар мен балаларға психоло-педагогикалық әсер етудің ғылыми негізделген және практика жүзінде бағдарланған бағдарламаларын жасау және енгізу. Отбасының беріктігі-намыстан. Тексіздің ұлы мен қызы да опасыз келеді. Жаман жүрісті әйел-бүгінде талай жігітті зарлатуда. Соның себебінен ішкіштікке салынып жатқандар қаншама?
Ертедегі қазақтар ондай әйелді бірден талақ еткен. Атқа теріс мінгізіп төркініне қайтарған. Қазіргі еркектерде ондай батылдық жоқ. Өзін-өзі іштей жеп, арақтан өшін алады. Өз үйінде жастайынан бұзылған ашық етектілерге бүгінгі ортада жол ашық. Қайдағы бір момын жігітке алдап тиіп, басын қатырады да, өмірден ерте кетуіне себеп болады. Ондай жесірдің тапқан ұлы өскенде ынжық болады. Қызы өзіне тартып, ізін жалғастырады. Бұзық әйелдердің саны өсіп көбеюде. Оның артында тексіздік жатыр. [13]
Отбасының беріктігі үшін басты қажеті-даналық. Тұтас елдің бүтіндігі де даналықпен ұсталады. Даналық дегенің-жеті жасардан бастап жетпістегілерге дейін ортақ қажеттілік. Онсыз өмір мәнді емес. Жаңа заманның жастары қалай қарайды? «Кеше сүйіп қосылған едік. Бүгін ұнатпай қалдым» сөзі балалықтан емес, барып тұрған қадірсіздікті көрсетеді. Ажырасу- надандық іс.
