9. Жағдайлық есеп.
ЖТД қабылдауында 40 жасар әйел жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне (күніне 2-3 л су ішеді), жансыздану сезімі, қол-аяғының солқылдап және сыздап ауыруына, аяғының тоңуына, түнде балтыр бұлшық еттерінің қалтырауына, еске сақтаудың, көрудің нашарлауына, басының ауруына шағымданады.
Анамнезі бойынша: өзін соңғы 2 жыл бойы, басынан кешкен стресстік жағдайдан соң (шешесі қайтыс болған) әлсіздік пен басының жиі ауруыратынын айтады. Бірақ дәргерге қаралмаған, барін шаршадым деп ойлап жүреберген. Өз бетінше дәрумендер ішкен, бірақ жағдайының жақсаруын байқамаған.
Соңғы 6 айда әлсіздік үдеп, тез шаршағыш, аузы құрғап, шөлдеген, көру төмендеген, аяғының тоңғақтығы мен жансыздануымен даргерге қаралуда.
Өмірлік анамнез: отбасында үшінші бала болып дүниеге келген, өсу дамуы жасына сай болған. Бала кезінде қызылшамен, гепатит А-мен ауырған.
Жүктілік – 3, босану – 3 ( үшінші баласы – 4300 гр болып туған)
Жаман әдеттері жоқ.
Аллергоанамнезі тыныш.
Қазіргі уақытта «Кандитер» болып жұмыс істейді.
Тұқымқуалаушылық: анасында артериальді гипертензия, үлкен апасы (сестра) қант диабетімен аурады.
Жалпы жағдайы салыстырмалы жақсы, есі анық.
Салмағы жоғарылау.
Бойы – 162 см, салмағы - 90 кг, ИМТ – 35, ОТ – 102 см.
Тері жабындары физиологиялық түсте, таза.
Ісінулер жоқ.
Тыныс алу жүйесі: Кеудесі цилиндр формалы, перкуссияда таза
өкпелік дыбыс.Аускультацияда өкпеде таза көпіршікті дыбыс, сырылдар жоқ, ТАЖ 16 рет мин.
Жүрек қан-тамыр жүйесі: Жүрек аймағы жалпы қарағанда
өзгеріссіз. Тамыр шоғыры 5 см.Жүрек перкуссиясы кезінде сол жақ шекарасы 1,5 см сол жақ бұғана ортасызығынан сыртқа жылжыған. Жүрек тондары приглушены, ритімі дұрыс. ЖЖЖ – 82 рет/мин, АҚ – 150/90 мм.сын.бағ
Асқорыту жүйесі: Тілі құрғақ таза.Іші пальпацияда жұмсақ,
ауырсынусыз.Соққылау симптомы екі жақтада теріс. Нәжіс қалыпты, формасы сақталған.
Зәр шығару жүйесі: бос, ауырсынусыз.
Аяқ-қолдың терісі физиологиялық түсті. Ауырсыну сезімінің төмендеуі.
A.dorsalis pedis-те пульсация төмендеген.
Зерттеу қорытындылары:
ЖҚА: гемогобин – 120г/л, эритроцттер – 4,0х1012 л., Т.К. – 0,8, лейкоциттер – 4,8 х 109 л, ЭТЖ – 10 мм/сағ
ЖЗА: көлемі – 30мл, бұлыңғыр, ашық-сары, салыстырмалы тығыздығы – 1020, ақуыз – жоқ, қант – 2,6 г/л, эпителий – 1-2 көру айм., лейкоциттер – 2-3 көру айм.
Қандағы қант – ашқарынға 8,4 ммоль/л.
Гликирленген гемоглобин – 10,6
Биохимиялық анализ: Жалпы ақуыз – 70 г/л, холестерин – 8,2ммоль/л, триглицеридтер – 1,32 ммоль/л, тікелей – 0,5мкмоль/л, АСТ – 0,3 мккат/л, АЛТ – 0,4 мккат/л.
Флюорография – потология жоқ
Окулист қорытындысы: мөлдір ортада көру нервісінің дискісі анық емес, көгілдір, тегіс емес торлы қабаттың спазмы, вена кеңейген, орындары бойынша контуры анық емес.
ЭКГ – ритімі синусты, ЖЖЖ 82 рет/мин, жүректің көлденең электірлік осьі, миокардтың арнайы емес өзгерісі.
Аяқ қан тамырларының УДДГ: магистральді қанағыс төмендеген, веналық қанның қайтуы сақталған.
Гинеколог қарауы: сау
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
