Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень задач 5к каз 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.3 Кб
Скачать

8. Жағдайлық есеп.

43 жастағы А. Атты науқас жалпы тәжірибелі дәрігерге бас ауруымен, бас айналуымен, құлақтағы шуылмен, дене салмағының жоғарлауымен бірге жүретін, артериальды қысымның 230/140мм.сн.бғ. жоғарлауына шағымданып келді.

Ауру анамнезінен 31 жастағы босанудан кейін дене салмағының артуын және АҚ150/90мм.сн.бғ. дейін жоғарлауын байқаған. Дене салмағы 5 жыл бұрынғы босанудан кейін көп мөлшерде артқан. Артериальды қысым (АҚ) бойынша жергілікті дәрігерде қаралған, ретсіз емделген. Эналаприл және гипотиазидпен амбулаторлы антигипертензивті терапия эффект бермеген. Жергілікті дәрігерге тексерілуге келген.

Өмір анамнезінен: Жанұяда 1 бала болып туылған. Өсуі және дамуы жасына сай болған. Туберкулез, вен. аурулар, Боткин ауруы болмаған.Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Басынан өткерген аурулары: жиі ЖРВИ, калькулезді холецистит. Жарақаттар болмаған. Оталар: холецистоэктомия 2004ж. Зиянды әдеттері жоқ.Аллергоанамнез тыныш. Жанұялық анамнез ауыр. Анасы 52 инсульттан қайтыс болған, АҚ ауырған. Кіші ағасында І дәрежелі семіздік бар.

Гинекологиялық анамнез: Менструация 12 жастан, ретті 30 күн сайын 3-5 күннен. Екі жүктілік, екі босану. Екіншілік жыныс көріністері әйел типтес дамығын.

Объективті: гипертензивті синдромға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде. Есі анық. Тері және шырышты қабаттары таза, физиологиялық түсті, шамалы ылғалды. Оң жақ қабырға астында отадан кейінгі тыртық бар. Дене салмағы 110 кг, дене салмағының индексі (ДСИ) — 40,8 кг/м2, бел аймағының көлемі (БК) — 130 см, бел аймағы көлемінің бөксе көлеміне қатынасы (БК/БК) — 1,08. Тері асты май қабаты біркелкі тараған. Ісінулер жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған, сырылдар жоқ. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы сол жақ бұғана-орта сызығы бойынша жүргізіледі.Жүрек тондары анық, дұрыс ритмді, аортада ІІ тон акценті. ЖЖЖ – мин. 68 рет, АҚ - 175/100 мм сн.бғ. Аппетиті сақталған. Ұннан жасалған тағамдарды, тәттіні жақсы көреді. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға асты доғасынан шығып тұрады. Нәжісі рәсімді, аптасына 2-3 рет. Бүйректері пальпацияланбайды. Соққылау симптомы екі жағында да теріс. Зәр шығаруы ауырсынусыз, бос. Нейро-эндокринді жүйе: қалқанша безі ұлғаймаған.

Зертханалық-аспатық мәліметтер:

Жалпы қан анализі: Hb - 134 г/л, лейкоциттер - 6,8х109/л, лейкоцитарлы формула өзгеріссіз, ЭТЖ - 10 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: мөлшері -100,0мл, салыстармалы тығыздығы - 1015, белок жоқ, лейкоциттер – көру алаңында1-2, эритроциттер – көру алаңында бірен-саран, жалпақ эпителий – көру алаңында бірен-саран, оксалаттар +.

Биохимиялық қан анализі: холестерин 6,28 ммоль/л (қалыпты - <5,5 ммоль/л), төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) 3,9 ммоль/л (қалыпты - ≤3,0 ммоль/л), жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП) 0,78 ммоль/л (қалыпты – 1,2 ммоль/л), триглицеридтер 3,22 ммоль/л (қалыпты – 1,7 ммоль/л). Аспарагинді трансаминаза (АСТ) 15 бр/л, аланинді трансаминаза (АЛТ) 18 бр/л.

Қандағы қант — 5,7 ммоль/л.

Инсулинді алмасу: инсулин деңгейі — 17,8 мкМЕ/мл (қалыпты 3-25 мкМЕ/мл), С-пептид — 1476пмоль/л (қалыпты 298 - 1324 пмоль/л), НОМА-тест — 4,5.

Электрокардиограмма (ЭКГ) — ритм синусты, сол жақ қарынша гипертрофиясының көріністері.

Ээхокардиография: аорта қалыңдаған, сол жүрекше — 4,1см, сол қарынша — 4,4см, сол жақ қарынша гипертрофиясының көріністері: қарынша аралық қабырға аралық — 1,2—1,22см, сол қарыншаның артқы қабырғасы — 1,2 см. Лақтыру фракциясы — 64%. 1 типпті миокардтың диастолалық дисфункциясы.

Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ— бауыр стеатозы.

АҚ тәуліктік мониторлауда күндізгі систоло-диастолалық АГ және түнгі уақыттарда систолалық және диастолалық АҚ уақыттың индексті жоғарлауымен және түнгі уақыттарда АҚ систолалық жеткіліксіздігінің төмендеуімен, науқас типі — нон-диппер.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.