Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень задач 5к каз 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.3 Кб
Скачать
  1. Жағдайлық есеп.

Ер адам М.,54 жаста, оң жақ шынтақ буынында кенеттен пайда болған ауырсынуға, қабынған буын үстінде терінің көкшіл-қоңыр түске дейін қызаруына, ұстағанда ыстық, бірнеше сағат ішінде оның тез ісінуіне, буындағы қозғалыстың бұзылуына, дене температурасының 38-39º-қа дейін жоғарылауына, ұйқы бұзылысына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады.

Ауру анамнезі:

2001 ж бірінші рет сол жақ табанның І-ші башпайфалангалық буынында ауырсыну, ісіну және қызару пайда болды, бір айдан кейңн осындай симптомдар сол жақ тізе буынында пайда болды. Амбулаторлы емделген.

15.11.2013 ж, күндіз оң жақ шынтақ буынында күйдіріп ауырсыну және қызару пайда болды, кешкі уақытта буын үстінде терінің ісінуі пайда болды, ұстағанда ауырсынады және ыстық, қозғалысының шектелуі. Дене температурасының 38º-қа дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, қалтырау. Ауруының өршуіне байланысты қалалық клиникалық ауруханаға қаралуға және емделуге түсті.

Өмір анамнезі: Үйленген, 2 үлкен баласы бар. Шылым шекпейді, ішімдікті қолданбайды. Аллергологиялық анамнез ауырлықсыз. Вирусты гепатит, туберкулез, венера ауруын терістейді.

Объективті:жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ 18 рет/мин. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖЖЖ=РS=77 соққы/мин; АҚ 140/80 мм.с.б.

Іші жұмсақ, барлық бөлімінде ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы бойында.

Бел аймағы бойында соққылау симптомы екі жақта да теріс.

Физиологиялық шығарыстар қалыпты.

Неврологиялық статус бұзылмаған.

Локальды статус: Оң жақ шынтақ буынының пальпациясы кезінде ауырсыну, ісіну, гиперемия, қозғалыстың шектелуі. Оң жақ тізе буынының, қол басының және табанның ұсақ буындарының дефигурациясы. Оң жақ шынтақ буынының жазғыш бетінде және құлақ қалқандарында тофустар.

Жалпы қан анализі:

Нв 132 г/л(130-180г/л)

Эр 4-28 г/л (4,0-5,0 г/л)

Тр.262 г/л (180-320 г/л)

Лейкоц. 5,1 г/л (4,0-9,0 г/л)

ЭТЖ 47 мм/мин (1-10 мм/мин)

Нейтроф:

т/я - 2%(1,08-6,0%)

с/я - 60%(47,0-72,0%)

эозин -1%(0,5-6,0%)

лимф - 31%(19,0-37,0%)

моноц- 6%(3,0-11,0%)

гематокрит 46,9(40-48%)

Биохимиялық қан анализі:

Қант 5,85 ммоль/л(3,9-6,1 ммоль/л)

С-реактивті белок 24 мг/л(6 мг/л дейін)

Ревматоидты фактор – теріс

Антистрептолизин – теріс

Қанның зәр қышқылы – 486мкмоль/л(200-500 мкмольл)

Жалпы зәр анализі:

Мөлшері – 170,0 мл

Түсі - сары

Мөлдірлігі – мөлдір йдіріп ауырсыну және қызару пайда болды, кешкі уақытта буын үстінде терінің ісінуі

Салыстырмалы тығыздығы – 1,020

Реакция – рН 6,0

Белок – жоқ

Қант – жоқ

Эр 0-1 к/а

Лейк – 3-5 к/а

Эпителий: өтпелі 0-1 к/а

Цилиндрлер – жоқ

Шырыш аз көлемде

Тұздар, оксалаттар аз көлемде

Тікелей проекцияда табан рентгенографиясы. Корытынды: Оң жақ табанның І башпайының башпайфалангалық буынының деформирлеуші артроз белгілері. Берілген түзілімдер тофустармен байланысты, олар сүйектің қыртысты қабатын бұзады – «пробойника» симптомы.

Бүйрек және бүйрекүсті безі УДЗ-сы. Қорытында: Бүйректің зәр-тас ауруы. Сол жақты гидрокаликоз. Оң жақ бүйректің жылауығы(тофус?)

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.