Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень задач 5к каз 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.3 Кб
Скачать
  1. Жағдайлық есеп.

Науқас 16 жаста, сарғаюдың пайда болуына, оң жақ қабырға астында интенсивті емес ауырсынуға және ауырлық сезіміне, ауыздағы күйдіру сезіміне, тәбеттің төмендеуіне, іштің кебуіне, айқын әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады, шағымдарын емтиханға дайындалумен байланыстырады. Сонымен қатар, күнге тез күюін байқаған.

Ауру анамнезі: отбасында бірінші бала болып туылған, жасына сәйкес өскен және дамыған. Балалық шағында желшешекпен ауырған. Туберкулез, Боткин ауруын, венера ауруларын терістейді. Жарақаттар, оталар болмаған. Жағымсыз зиянды әдеттері жоқ. Аллергоанамнез тыныш. Тұқымқуалаушылық анамнез: анасында артериальды гипертензия, әкесін білмейді. Қазіргі кезде №2 мектепте, 9 сыныпта оқиды.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, есі анық. Астениялы. Бойы – 169 см, салмағы – 48 кг. Тері жамылғылары; тері мен склераның сарғыштығы байқалады. Ісінулер жоқ.

Кеуде торы цилиндр тәріздес формада, тыны алу типі – аралас. ТАЖ – 18 рет/мин. Бұғанаүстілік және бұғанаастылық ойықтар орташа айқындалған. Мұрын арқылы тыныс алуы еркін. Салыстырмалы перкуссияда – өкпенің симметриялы аймақтарында ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда – тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек аймағы қарағанда өзгермеген. Визуальды тамырлар пульсациясы жоқ. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 76 рет/мин. АҚ 110/70 мм.сб. Тілі ылғалды, таза, жұмсақ таңдай және тіласты аймағы сарғайған. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Курлов бойынша бауыр өлшемі 10/9/7 см. Көкбауыр ұлғаймаған. Үлкен дәреті қалыпты, пішінделген.

Зәр шығаруы бос, ауырсынусыз. Соққылау симптомы екі жақтан да теріс.

Зерттеу қорытындысы:

ЖҚА: Гемоглобин – 130 г/л, эритроциттер – 4,3 * 1012/л, ТК – 0,9, лейкоциттер – 7,0*109/л, ЭТЖ – 88 мм/сағ

ЖЗА: мөлшері – 30,0 мл, түсі- сары, мөлдірлігі – мөлдір, реакция – қышқыл, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – жоқ, қант – жоқ, эпителий - 1-2 к/а, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер – бірл к/а.

Қандағы қант – 5,1 ммоль/л.

Биохмиялық қан анализі: жалпы белок – 68 г/л, альбуминдер – 34 г/л, холестерин – 4,0 ммоль/л, триглицеридтер – 1,9 ммоль/л, жалпы билирубин – 85,0 мкмоль/л, тікелей – 4,0ммоль/л, СФ – 50 мкмоль/л, ЛДГ – 180 мкмоль/л, АСТ – 38 б/л, АЛТ – 40 б/л, тимол сынамасы – 4 бірл.

Эритроциттердің өмір сүру ұзақтығы Сr51-мен зерттегенде – қалыпты, эритроциттердің осмостық тұрақтылығы – қалыпты.

Фенобарбиталмен сынама(120-180мг/ тәу 2-4 апта бойы) – ем әсерінен қанда билирубин деңгейінің қалыпқа келуі, аштықпен сынама – жалпы тәуліктк калораж 400 ккал-ға дейін шектеу тәулік ішінде 2 және одан да көп конъюгацияланбаған билирубиннің қан сарысуында жоғарылауына алып келеді.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.