Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень задач 5к каз 2014-2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.3 Кб
Скачать

4. Жағдайлық есеп

65 жастағы М. атты науқас, жалпы әлсіздікке, шамалы физикалық күштемеден кейін күшейетін, тыныштықтағы аралас ентігуге, балтыр аймағында «жыбырлатқандай» сезім, жүрісінің тұрақсыздығына, сұйық нәжіске шағымданып келді.

Науқас өзін соңғы жарты жыл бойы, жалпы әлсіздік, физикалық күштемеден кейін ентігудің күшейгеннен байқаған және жоғарыда айтылған симптоматика біртіндеп пайда болған.

Қарау барысында науқастың жағдайы ауырға жақын. Есі анық бірақ, тежелген. Тері қабаттары сарғыш, шырышты қабаттары және склерасы иктериялы. Өкпенің перкуссиясы және аускультациясы патологиялық өзгеріссіз. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы: сол жағы сол жақ бұ,ғана-орта сызығы бойынша 0,5 см сыртқа. Аускультативті тондары тұйық, ритмді, жүрек үшында және Боткин нүктесінде систолиялық шу. Тілі малина түстес, бүртікті қабаты тегістелген.Іші жұмсақ, қарау барысында барлық бөлімінде ауырсынусыз. Бауыры қабырға асты доғасынан шығып тұрадығ жиегі домаланған, пальпациялағанда ауырсынусыз. Курлов бойынша өлшемдері 12x13x14 см. Көкбауыры Сали қалпында қабырға доғасынан 1 см төмен, ауырсынусыз.

Жалпы қан анализі: НЬ - 45 г/л, Ег - 1,5 х 10А12/л, Rt - 0,1%, Тг - 80 х 10А9/л, түст.көрс. - 1,1, лейк - 3 х 10А9/л, Э - 3%, Т - 3%, С - 50%, Л - 42%, М - 2%, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Пойкилоцитоз, макроцитоз.

Биохимиялық қан анализі: қан сарысуындағы билирубин - 32 ммоль/л.

ЭКГ - элевация - ST > 2 мм.

Асқазан сөлінің анализі - ахлоргидрия.

Стернальды пунктат – мегалобластты қан түзу, «көк» сүйек кемігі.

ФГДС - атрофиялық гастрит

Құрт жұмыртқасына ніжіс- бұқа цепенінің жұмыртқасы анықталды.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.

5. Жағдайлық есеп.

Науқас 7 жаста, ауруының 3-ші күнінде емханаға келді, бас ауруына, бетінің, балтырының ісінуіне, зәрдің «ет жуындысы» түрде болуына шағымданады.

Ауру анамнезі: қазіргі ауруы басынан өткерген баспадан 2 апта өткен соң басталды, осы кезде жоғарыда айтылған шағымдар пайда болды.

Өмір анамнезі: бала бірінші жүктіліктен, бірінші жедел босанудан. Туылған кездегі салмағы 3150 г,бойы 150 см. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8/8 балл. Өсіп дамуы ерекшеліктерсіз. Ана сүтімен 7 айға дейін тамақтанды, екпелері жасы бойынша жасалған. 5 жасынан бастап созылмалы тонзиллитке, жиі ЖРВИ-ға байланысты диспансерлі бақылауда тұр. Генеологиялық анамнезі ерекшеліктерсіз.

Объективті: қараған кезде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты реңде, таза, бетінің, балтырының, табанының ісінуі байқалады. Аңқасы орташа гиперемияланған, бадамшалары ІІ-ІІІ дәрежеде үлкейген, борпылдақ, жабынсыз. Жүрек-өкпелік қызметі қанағаттанарлық. АҚ130/85 мм.сб. Іші қалыпты формада, жұмсақ, барлық бөлімдерінде терең пальпацияланады, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы бойында. Бүйрегі пальпацияланбайды. Пастернацкий симптомы екі жақтан да теріс. Тәуліктік диурез 300-400 мл, зәрі қызыл түсті.

Зерттеу қорытындысы:

Жалпы қан анализі: Нв – 125 г/л, Эр – 4,3 *1012 /л, Лейк – 12,3*109/л, т/я-5%, с-60% э-5%, л-24%, м-6%, ЭТЖ- 20 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: мөлшері – 70,0 мл№ түсі – қызыл, мөлдірлігі – жартылай, толық емес, реакция – сілтілі, салыстырмалы тығыздығы – 1023, эпителий – 1-2 к/а,эритроциттер- өзгерген, барлық көру алаңын жабады, лейкоциттер – 2-3 к/а, цилиндрлер – түйіршікті, 3-4 к/а, белок – 0,99‰.

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок – 65 г/л, альбуминдер – 53 %, альфа-1-глобулиндер - 3%, альфа-2-глобулиндер - 12%, гамма-глобулиндер - 15%, мочевина – 17,2 ммоль/л, креатинин – 1,87 ммоль/л, калий – 5,21 ммоль/л, натрий-141,1 ммоль/л, холестерин – 6,0 ммоль/л, бета/липопротеидтер -2,0 г/л.

Биохимиялық зәр анализі: белок – 600 мг/тәу(қалыпта 200), фосфор – 21 ммоль/л (қалыпта 19-32), кальций -3,6 ммоль/тәу(қалыпта 1,5-4), креатинин -2,5 ммоль/тәу(қалыпта 2,5-15),аммиак – 28 ммоль/тәу(қалыпта 30-65), титрлік қышқылдық – 40 ммоль/тәу(қалыпта 48-62), оксалаттар – 44 мг/тәу (қалыпта 17 дейін).

Құрсақ қуысының, бүйректің УДЗ-сы: бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр патологиясыз. Бүйрек қалыпты орналасқан, өлшемі үлкеймеген, паренхимасы өзгермеген. ТТЖ қалыпты құрылымда.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.