Жағдайлық есеп.
Науқас С., 28 жаста. Жүрек маңының ауырсынуымен емханаға қаралуға келген, бірқалыпты физикалық жүктемеден кейін аралас ентікпе, қан қақыру, жүрген кезде жүрек соғуының сезімі, бас айналу, айқын әлсіздік және тез шаршағыштыққа шағымданады.
Ауру анамнезі: Алғаш рет баспамен ауырғаннан кейін 2-3 жыл бойына қызба, буындардағы ауырсыну мазалай бастаған. Содан кейін тексеріліп, стационарлы ем қабылдауға ауруханаға жатқызылған. Оң динамикамен ауруханадан шығарылған. Артынша әлсіздік, демікпенің күшеюі қосылды. Қазіргі жағдайының нашарлауы жоғарыдағы шағымдары пайда болғаннан кейін 6 ай көлемінде.
Өмір анамнезі: Отбасында бірінші бала болып дүниеге келген. Бойы мен салмағы жасына сай. Бала кезінде желшешекпен ауырған. Жиі тонзиллит мазалайды. Туберкулез, Боткин ауруы, венера ауруларымен ауырмаған. Жарақаттар болмаған, оталар жасалмаған. Зиянды әдеттері жоқ. Аллергологиялық анамнезі тыныш. Тұқымқуалау анамнезінде: анасында артериальды гипертензия, әкесінің қандай аурумен ауырғанын білмейді. Қазіргі уақытта №2 мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
Қарау кезінде: Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Белсенді қалыпта. Тері жамылғысы айқын бозғылт. Балтырдың төменгі үштен бірінің ісінуі. Перкуссияда: өкпеде өкпелік дыбыс. Аускультацияда: везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 24 рет∕мин. Жүрек аймағын қарағанда: 6 қабырғааралықта жүрек ұшы түрткісінің пульсациясы.
Пальпацияда: жүрек ұшы түрткісі төменге және солға ығысқан, жайылған, биік, резистентті, жүрек негізінде ұйқы артерияларына берілетін дөрекі систолалық діріл анықталады. Жүрек шекаралары сол жаө ортаңғы бұғана сызығынан 1 см солға кеңейген. Аускультацияда: жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында үрлеуші систолалық шу. ЖЖЖ 90 рет/мин. Пульс-аз, баяу. АҚ 110/95 мм.с.б. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз.
Зерттеу нәтижелері:
ЖҚА: Нb-128г∕л, эритроцит – 4,3*1012∕л, лейкоциттер – 7,8 *109∕л, таяқша ядролы - 3%, сегм.ядр. - 59%, эозинофилдер - 3%, лимфоциттер -29%, моноциттер – 6 %, ЭТЖ – 10 мм∕сағ.
ЖЗА: мөлдір, салыстырмалы тығыздығы -1023, белок – теріс, лейкоциттер -1-2 к.а.
Қанның биохимиялық анализі: белок 80 г∕л, холестерин 3,8 ммоль∕л, СРБ теріс, жалпы билирубин 18 мкмоль∕л, АСЛ-О титрі 1:150; АСК 1:300.
ЭКГ: синусты ырғақ, жиілігі 90 рет∕мин; ЭКГ: синусты ритм, жиілігі- 90 рет/мин; RI>RII>RIII, кеуде тіркемелерінде- өтпелі аймақтың солға жылжуы, V5-6 тіркемелерінде R тісшесі ұлғайған, V1-2 тіркемелерінде S тісшесі ұлғайған.
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы: сол жүрекше доғасының ұлғаюы, контрастталған өңештің үлкен радиус доғасы бойынша ауытқуы.
ФКГ: жүрек ұшында 1 тон амплитудасы анық төмендеген, 1 тон систолалық шумен қосылған.
Эхо-КГ: сол жақ жүрекшенің қабырғасының жоғарылаған амплитудалы жиырылуымен өлшемдерінің ұлғаюы; сол жақ қарыншаның қуысының оның артқы қабырғасының жоғарылаған амплитудалы жиырылуымен дилатациясы; митральды клапанның систола кезінде жабылмауы.
Доплерэхокардиография: митральды тесік арқылы регургитация анықталып, оның интенсивтілігі және көлемі митральды жеткіліксіздік дәрежелерін көрсетеді.
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
