Жағдайлық есеп.
52 жастағы К. атты науқас АҚ 180/100мм.сн.бғ. дейін жоғарлауына, бас айналуына, бас ауруына, бұлшықет әлсіздігіне, тез шаршағыштыққа, жүректің тез соғуына, қағуына шағымданып келді.
|
Анамнезінен: 4 жыл бойы АҚ 180/100мм.сн.бғ. дейін жоғарлауын, бас айналуымен, бас ауруымен, әлсіздікпен бірге жүргенін байқаған. АҚ 120/70-130/80мм.сн.бғ. болуына бейімделген. Дәрігерге бірнеше рет қаралған, бірақ гипотензивті препараттарды ретті түрде қабылдамайды, гомеопатта емделеді. Соңғы жылы посихо-эмоциональды күштемемен байланысты жүрек соғуын, қағуын байқайды. Емханаға жергілікті дәрігерге жұмыстағы кезекті стрестен кейін АҚ жоғарлауымен келді.
Өмір анамнезінен: Жанұяда 4 бала болып туылған. Өсуі және дамуы жасына сай. Туберкулез, вен. аурулар, Боткина ауруын жоққа шығарады. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Басынан өткерген аурулары: жиі ЖРВИ. Жарақаттар және оталар болмаған. Зиянды әдеттері- мерекелерде алкоголь аздап (200грамм). Аллергоанамнез тыныш. Тұқымқуалаушылық: әкесі инфарктан қайтыс болған, анасы қант диабетімен ауырады.
Экспертті анамнез: на металлургиялық комбинатта есепші болып жұмыс атқарады.
Гинекологиялық анамнез: Менструации 13 жасынан, ретті 24-25 күн сайын 5 күннен. Екі жүктілік, бір босану. 47 жасында рубсерозды өсумен матка миомасын тапқан, сол себепті гинекологта қаралады. Бір жыл бұрын циклдың бұзылысы пайда болып, соңғы 6 айда менструация болмаған.
Объективті қарау: қарау барысында жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Есі анық. Тері қабаттары таза, қызғылт, құрғақ. Дене салмағының индексі - 23,8 кг/м2. Ісінулер жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. ТАЖ – мин 16 рет, аускультацияда тынысы везикулярлы, барлық өкпе алаңында жүргізіледі, ісінулер жоқ. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға 1 см. ұлғайған. Жүрек тондары анық, экстрасистолия, аортада ІІ тонның акценті. ЖЖЖ мин. 68 рет.АҚ - 165/90 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды. Бүйректері пальпацияланбайды. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Зәр шығаруы ауырсынусыз, жиілеген, түнде 3 ретке дейін.
Зертханалық-аспаптық мәліметтер:
Жалпы қан анализі: Hb - 134 г/л, лейкоциттер - 6,8х109/л, лейкоцитарлы формула өзгеріссіз. ЭТЖ - 8 мм/сағ.
Биохимиялық қан анализі: креатинин - 80 мкмоль/л, мочевина - 7,1 ммоль/л, калий - 1,92 ммоль/л, натрий - 146 ммоль/л, жалпы холестерин - 5,2 ммоль/л, глюкоза - 4,8 ммоль/л, альдостерон – 744 пг/мл (үлкендердегі қалыптысы 30 – 355 пг/мл), сағаттық стимуляциялық жүрістен ренин активтілігі—0,76 нг/(мл/сағ) (қалыптыда—1,5—5,5 нг/(мл/сағ).
|
Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1005, белок жоқ, лейкоциттер – көру аймағында 1-2 .
Нечипоренко бойынша зәр анализі: белка нет, лейкоциты - 500, эритроцитов нет.
Құрсақ қуысының УДЗ: көкбауыры, бауыры және асқазан асты безі қалыпты мөлшерде, бүйректері типті орналасқан, контурлары тегіс, тостағанша-түбекше жүйесі кеңеймеген. Оң жақ бүйрекүсті паренхимасында 2,0x1,4 см айқын тегіс жиектерімен түзіліс анықталады..
КТ: томограммада, супраоксирепография жағдайында жасалған, сол жақ пен салыстырғанда оң жақ бүйрекүсті безі мөлшері үлкен, сол жақпен салыстырғанда, оң жақ бүйрекүсті безінің көлеңкесінің интенсивтілігі төмен (қалыптыда оң жақ бүйрекүсті көлеңкесінің интенсивтілігі жоғары, бірақ өлшемдері сол бүйрекүсті безініңкөлеңкесіне қарағанда аз).
Бүйрекүстібезінің 131I-холестеринмен сцинтиграфиясы:сол жақ бүйрекүсті безі қаралмайды, оң жақ —препаратты жақсы жинайды.
ЭКГ:
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
Жағдайлық есеп.
Науқас Н., 55 жаста, ауыр физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, жөтелге, аз көлемді(50 мл дейін) шырышты-іріңді қақырыққа, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, өзін нашар сезінуіне шағымданады.
Ауру анамнезі: Алғаш рет қақырықпен бірге болатын жөтел көбіне таңертеңгі уақытта болғаннан бастап, өзін 5 жыл бойы аурумын деп санайды. Медициналық көмекке жүгінбеген, өз бетімен (бромгексин, терафлю, аспирин) емделген, бірақ нәтижесі аз болған. Стационарда 3жылда 2 рет пневмониямен ауырып емделген. Ем алып шыққан соң өзін қанағаттанарлық сезінген, бірақ көктем мен күзде 3 жыл бойы жөтел, ентігу және субфебрильді дене қызуы болған. Қазіргі уақытта жағдайының нашарлауына байланысты учаскелік дәрігерге хабарласқан.
Өмір анамнезі: Отбасында бесінші бала болып туылған, бойы мен жетілуі жасына сай дамыған. Балалық шағыгда ЖРВИ, созылмалы бронхитпен жиі ауырған. Басынан өткерген аурулары: холецистэктомия (1997ж.). Туберкулез, Боткин ауруы, вен.аурулармен ауырмаған. Аллергологиялық анамнезі тыныш. Тұқымқуалаушылық анамнезі: анасында артериальды гипертензия, әкесінде бронх демікпесі. Экспертті анамнезі: шахтер болып жұмыс істейді, жұмыс тәжірибесі 33 жыл.
Объектитві: жалпы жағдайы тыныс жеткіліксіздігіне байланысты салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы ылғалды, қызғылт-сұр түсті. Қарау кезінде науқас дене қалпы қалыпты, астеник. Бойы-184 см, салмағы-69 кг. ТАЖ 24 рет∕мин. Кеуде торы бөшкетәріздес формада. Перкуссия кезінде қораптық дыбыс естіледі. Аускультация кезінде кеуде клеткасының жоғарғы және төменгі бөліктерінде тынысы қатқыл, форсирленген тыныс шығарғанда құрғақ сырылдар күшейеді. Жүрек аймағы визуальды өзгермеген. Тамырларда патологиялық пульсация жоқ. Рs-84 рет∕ мин. Жүрек тондары әлсіз дыбысты, ырғақты. ЖЖЖ - 84 рет∕ мин. АҚ- 140∕90 мм.с.б. Жұту актісі бұзылмаған. Тілі ылғалды, таза. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәреті күнделікті, пішінделген. Кіші дәреті еркін, ауырсынусыз.
Зерттеу нәтижесі:
ЖҚА: Нb - 155г/л, эритроциттер- 5,6*1012∕л , лейкоциттер-11,0*109∕л, эозинофилдер-2%, ЭТЖ-18 мм∕сағ.
Жалпы қақырық анализі: түсі – сұр, көрінісі −шырышты-іріңді, консистенциясы− қоймалжың, эпителий−8-10, альвеолярлы макрофагтар−0-1, лейкоциттер−8-10 к∕а, эритроциттер−жоқ, туберкулез микобактериялары – жоқ, саңырауқұлақтар− жоқ.
Аш қарындағы қант мөлшері −5,1 ммоль∕л.
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок−70 г∕л, альбуминдер −50 г∕л, С реактивті белок ++.
Спирография: ЖЕЛ−74,9%д., ОФВ1−63,2 д., ПОВ −56,3%, МОВ−25-57,8%, МОС−50-34,9%д., МОС − 75-29,2%, МВЛ-44,1%. Тиффно индексі − 66%.
Пикфлоуметрия: ПСВ-500 л∕мин, сальбутамолы ингаляциямен берген соң ПСВ−500 л∕мин.
Қанның газдық құрамы: 54,7 мм.с.б., р СО2−56,3 мм.с.б.
Өкпенің рентгенологиялық зерттеуі: Өкпе түбірі кішкене үлкейген, өкпе суреті күшейген, синустары бос, жүрек көлеңкесі өзгермеген.
Бронхоскопия: диффузды эндобронхит.
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
