Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты 5к каз 2014-2015гг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
373.05 Кб
Скачать

6.Жағдайлық есеп.

25 жастағы әйел, мұғалім, бел аймағындағы сырқырап ауырсынуға, кейде қалтыраумен дене қызуының 37,2 – 38 0С дейін жоғарлауына, жиі зәр шығаруға шағымданып келді.Жоғарыда айтылған шағымдар суықтанудан кейін пайда болды. 10 жыл бойы бел аймағындағы ауырсынулар, дизуриялық көріністер және кейде қалтыраумен дене қызуының жоғарлауы жылына 1 рет қайланады. Емханада тексеріп, емделген. Соңғы әйелдер кеңесіне келгенде 7 апталық жүктілік диагностикаланған. 15 жасында туберкулезге қарсы диспансерде тіркеуде тұрған.Тері қабаттары бозарған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТАЖ мин. 20рет. Бронхофония өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы – оң жағы –төстің қырымен, жоғарғы 3 қабырға, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығы бойынша 2 см ішке. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Пульс 1 мин. 94 рет, екі қолда да синхронды, толық, жұмсақ. АҚ 120/70 мм сн. бғ. Іші жұмсақ. Курлов бойынша бауырдың өлшемдері 8-7-5 см. Көкбауыры пальпацияланбайды.Пастернацкий симптомы екі жағында да оң. Бүйректерін пальпациялау мүмкін емес. Қалқанша безі ұлғаймаған. Грефе және Мебиус симптомдары теріс.

Жалпы қан анализі: Ег - 3,92 *1012/л; НЬ - 102 г/л; түс. көрс. - 0,8, L – 9,2*109/л, т. - 1 %, с. - 76 %, л. - 20 %, м. - 3%, ЭТЖ - 42мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі - сарғыш, салыст.тғ. - 1,012, белок - 0,99 г/л, L - 15-20 көру алаңында, Ег - 1-2 көру алаңында, бірен-саран, гиалинді цилиндрлер, шамалы көлемде бактериялар.

Зимницкий бойынша сынама: 1. 1,015 - 150 мл; 2. 1,012 - 50 мл;

3. 1,016-70 мл; 4. 1,014-150мл; 5. 1,017 - 80 мл; 6. 1,010-250 мл; 7. 1,009 - 250 мл; 8. 1,013 -150мл

Биохимиялық қан анализі - жалпы белок - 68 г/л, коэф. альб/глоб = 0,5, мочевина - 9,5 ммоль/литр, креатинин - 110 мкмоль/л, глюкоза - 4,2 ммоль/л, серомукоид - 0,4 ед., СРБ +++, К+ - 5,5 ммоль/л, Na+ - 134 ммоль/л, С1 - ПО ммоль/л.

УДЗ: бүйрек контурлары тегіс емес, мөлшерлері қалыпты , Д=S, бүйрек синусы екі жағында да қалыңдаған. Тостағаншалары екі жағынан да ұлғайған.

Нечипоренко бойынша сынама: L - 4500, Ег - 1200, бірен-саран гиалинді цилиндрлер.

Манту сынамасы: күдікті.

Кеуде қуысының R гр. 6 ай бұрын жүктілікке дейін жасалған: өкпе шекарасы мөлдір, түбірлерінде петрификаттар.

Роберг-Тареев сынамасы: КФ - 90 мл/мин., түтікшелі реабсорбция - 92%.

ЭКГ-да синусты ритмда кеуде тіркемелерінде Т тегістелген.

АҚ профилі - 110/70 - 120/80 - 13-/70 мм сн.бғ.

Зәрді бактериурияға тексеру: 1 мл. зәрде 75000 микробты денелер.

БК зәрді тексеру - теріс.

БК зәрді егу - тегіс.

Зәрді флораға сепкенде ішек таяқшасы анықталды.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.

№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова