Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты 5к каз 2014-2015гг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
373.05 Кб
Скачать

6. Жағдайлық есеп.

64 жастағы науқас П., сары-жасыл түсті қақырықтың бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 38,3°С дейін жоғарлауына, шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігуге, жөтелден және терең тыныс алғандағы, шамалы интенсивтіліктегі оң жақ кеуде қуысындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке және басының ауырсынуына шағымданып келді. 3 күн бұрын суық тигеннен кейін жедел ауырған. Тұрғылықты емханаға келгенде дәрігер гентамицин 80 мг б/е күніне 2 рет, мукалтин күніне 3 таблетка аспирин тағайындаған. Емделгенде ешқандай оң динамика байқалмаған. Пациент – бұрынғы әскер қызметкер, қазіргі уақытта зейнетте, вахтер болып жұмыс атқарады.22 жыл бойы күніне 1,5-2 қорап темекі шегеді. Периодты түрде (жылына 2-3 рет) немесе ЖРВИ-дан кейін сары-жасыл түсті қақырықтың бөлінуімен жөтелді байқаған, соңғы екі жылда шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігу пайда болған.

Қарау барысында анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, тері қабаттары таза, шамалы ылғалды, бет терісінің гиперемиясы байқалады. Дене қызуы - 37,6°С. Тері-асты май қабаты шамалы дамыған, ісінулер жоқ, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. ТАЖ тыныштықта – минутына 22 рет. Кеуде қуысы эмфизематозды, қарау барысында тыныс алу кезіндегі оң жақ кеуде қуысының қалуы байқалады. Перкуторлы қорапты дыбыс фонында оң жақ жауырын бұрышынан төмен жерде тұйықталу аймағы анықталады, осы аймақта - дауыс дірілі күшейген. Аускультацияда құрғақ, таралған жыбырлы сырылдар естіледі, оң жақ жауырын бұрышынан төмен- крепитация аймағы. Жүрек тондары тұйықталған, шулар жоқ. ЖЖЖ- минутына 102 рет, АҚ- 118/76 мм.сн.бғ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, пальпация кезінде барлық бөлімдері пальпацияланады. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Дизуриялық бұзылыстар жоқ.

Қан анализінде: гемоглобин - 156 г/л, эритроциттер - 5,1 млн, гематокрит - 43%, лейкоциттер - 14,4 мың. (т/я - 2%, с/я - 72%), лимфоциттер -18%, эозинофилдер - 2%, моноциттер - 6%, ЭТЖ - 32 мм/сағ.

Қақырық анализінде: шырышты-іріңді сипатта, лейкоциттер көру аймағын қою алып жатыр, эозинофилдер, Куршман спиральдары, Шарко-Лейден кристалдара, БК - теріс; грамоң диплококктар анықталады.

Кеуде қуысының рентгенограммасында екі проекцияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде өкпе тінінің қараю аймағы (инфильтрация), инфильтрационды компонент есебінен өкпе суреті күшейген.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.

№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова

ҚММУ Ф 4/2-10/02

ҚММУ БЕ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»

Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»

Курс- V

Билет №20

1. Созылмалы гепатит. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.

2. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Госпитализацияға көрсеткіш. Динамикалық бақылау(бақылаудың мерзімдері мен жиілігі, зерттеудің бағдарламасы, өршуге қарсы емі: препарат тобы (1-2 препарат аты, дозасы, енгізу жолы)) хаттмаға сәйкес.

3. Балалардағы теміртапшылықты анемия. Госпитализацияға көрсеткіштер. Антенатальды және постнатальды алдын-алу, хаттамаға сәйкес.

4. Контрацепция әдістері. Барьерлі әдістер. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштері, хаттамаға сәйкес.

5. Уақытша еңбекке жарамсыздық. Анықтамасы, түрлері. Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасы кіммен жүргізіледі. ДБК (ВКК) міндеттері.