6. Жағдайлық есеп.
Науқас Е., 72 жаста. 100 метр қашықтықта бір келкі жерде жүрген кезде және баспалдақтан көтерілгенде пайда болатын ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа, балтыр мен табанының ісінуіне жалпы тәжірибелік дәрігерге шағымданып келді.
Науқас анамнезінде: артерияльдық қысымының максимальды 220/110 мм с.б.б дейін көтерілгені және 22 жыл бойы артерияльды гипертензиямен ауыратындығы белгілі.Тұрақты ем қабылдамайды.Қант диабетінің 2 типімен ауырады.
Өмір анамнезі: Отбасында 3ші бала.Өсуі мен қалыптасуы эасына сәйкес. Боткин ауруына,вен.ауруларға,туберкулегзе теріс.Тұрмыстық - әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Басынан өткерген аурулары: жиі ЖРВИ. Операциялар мен жарақаттар болмаған. Зиянды әдеттері жоқ. Аллергоанамнез теріс. Отбасылық анамнез теріс. Науқастың әкесі 52 жасында жүрек ауруынан қайтыс болған.
Гинекологиялық анамнезі: Етеккірі 13 жастан бастап, 3 күннен, 28 күн сайын ретті және көп мөлшерде келеді.Үш жүктілік, екі босану, бір- өзіндік түсік. Екіншілік жыныстық жетілуі әйел типті типті.
Объективті: жағдайы орта ауырлықта.Бойы 155 см.салмағы 102 кг. Тері қабаттары қалыпты түстес.Айқын емес ісінулер балтыры мен табанында. Кеуде клеткасы конической фармада,симметриялы. Дем алу жиілігі 18 минутына.Өкпе тұсында аускультацияда қатқыл тыныс анықталады,сырылдар жоқ.Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы: оң-төстің оң жақ шеті,сол-орта бұғана сызығы бойымен солға 2,5 см сыртка 5 қабырғаарадлықта,жоғарғы шекарасы- 3 қабырғада. Жүрек аускультациясы кезінде тондары анық,2 тон акценті төстен оңға 2 қабырғааралықта естіледі,шумдар жоқ. Жүрек ырғағы дұрыс,ЖЖЖ 90 мин. АҚ 180/100 мм.с.б.б. Іші жүмсақ,ауырсынусыз. Бауыр өлшемдері Курлов бойынша 12*11*8см. Іш айналымы 120 см. Стул қалыпты,аптасына 2,3 рет. Бүйрек пальпацияланбайды.Екі жағынан да соққылау симптомы теріс.Зәр шығаруы еркін,ауырсынусыз. Нейро-эндокринді жүйе: қалқанша безі үлкеймеген.
Жалпы қан анализі: гемоглобин -132г/л, лейкоциттер-7,4*10(9) г/л, эритроцит 4,1*10(12)г/л, эозонофильдер-2%, т/я -5% ,с/я -68%, лимфоцит 20%, моноцит 5% , ЭТЖ 12мм.сек.
Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1011, қышқылды реакция, ақуыз 75 мг/тәу., глюкоза жоқ, көру алаңында эритроциттер 0, лейкоциттер 1-2.
Қанның биохимиялық анализі:холестерин деңгейі 8,3 ммоль/л, глюкоза 7,8ммоль/л.
ЭКГ: RV56 саны және SV12>35мм
Кеуде қуысы ағзаларын рентгендік зерттеу:өкпе артериясының ірі тармақтары мен сабауының кеңеюі,өкпе алаңында өкпе суретінің перифериялық бұлыңғырлануы мен тұнықтығының жоғарылауы,өкпе артериясы сабауының пульсациясы күшеюі.
ЭХОКГ: сол жақ қарыншаның лақтырыс фракциясы:37%(қалыпты > 50%)
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова
ҚММУ Ф 4/2-10/02
ҚММУ БЕ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс- V
Билет №19
1. Диффузды токсикалық зоб. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.
2. Созылмалы тассыз холецистит. Динамикалық бақылау (бақылау мерзімі мен жиілігі, қаралу бағдарламасы), рецидивке қарсы ем:препараттардың топтары (1-2 препараттардың аттары, дозасы, енгізу жолдары) хаттамаға сәйкес.
3. ЖІИ. ЕЖБАИЖ (ИВБДВ) бойынша БДҰ (ВОЗ) бағдарламасы.
4. Пре- және эклампсия. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі.Диагностикалық критерилері (клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.
5. Медико-әлеуметтік сараптама. Анықтамасы. МӘС жұмысы және функциясы. МӘС жолдаманың реттілігі.
