Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты 5к каз 2014-2015гг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
373.05 Кб
Скачать
  1. Остеоартроз. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилері (клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға.

  2. Ревматоидты артрит. Динамикалық бақылау (бақылау мерзімі мен жиілігі, қаралу бағдарламасы), рецидивке қарсы ем:препараттардың топтары (1-2 препараттардың аттары, дозасы, енгізу жолдары) хаттамаға сәйкес.

  3. Жаңа туған нәрестелер мен 2 айға дейінгі сәбилердің қауіпті белгілері.

  4. Кольпит. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилері (клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға.

  5. Мүгедек және мүгедектік, квалификация және организм функцияларының бұзылуы ұғымына түсініктеме беру. Мүгедектік ұғымын не құрайды. МСЭ-ға кімді және кім бағыттайды және МСЭ нені анықтайды. 088/е формасы.

  6. Жағдайлық есеп.

47 жастағы науқас Н., емханаға арқаға, омыртқаға, оң жақ қабырға астына берілетін, эпигастрий аймағында тесетін, ашитын сипаттағы ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну түстен кейін пайда болып, кешке қарай, майлы және жоғары калориялы тағамдарды қабылдағанда күшейе түседі. Науқас сонымен қоса жүрек айнуға, ауырсыну мен жүрек айнуды күшейтетін тамақ ішер алдындағы қорқу сезіміне, жағымсыз иісті, сұр түсті, жылтыр, майлы жиі нәжіске (күніне 4 ретке дейін), ішінің ісінуіне, перистальтиканың күшеюіне, дефекациядан кейін және газдарды шығарғаннан кейін азаятын шұрылдауға, ішектің толық босамау сезіміне, соңғы 4 жыл ішінде 16 кг арықтауына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады.

Өзін 8 жыл бұрын Боткин ауруынан кейін аурумын деп есептейді. Емделіп шыққаннан кейін диета сақтамаған, соның фонында оң жақ қабырға астында тұйық ауырсынудың пайда болған, тамақтан кейін күшейетін керетін, қысымға, жүрегінің айнуы, ауызындағы ащы дәм, ішінің ісінуі пайда болған. Эпизодты түрде баралгин қабылдаған, ол қысқа эффект берген. Аурудың өршуі ай сайын байқалған. Одан әрі (2 жылдан кейін) аурудың өршуіне дене қызуының 37,8° С жоғарлауы, жалпы әлсіздік қосылған. Медициналық көмекке жүгінген. Тексерілгеннен кейін антибиотикпен ем жүргізілген, салауатты өмір салты бойынша, диетасы бойынша ұсынысы берілген, оны сақтамаған. 4 жыл бұрын майлы тамақтан кейін арқаға берілетін, іштің жоғарғы бөлігінде интенсивті ауырсынуды, жүрек айнуды, жеңілдік әкелмейтін құсуды байқаған. Ұстамалар жылына 4-5 рет пайда болып отырған. Соңғы 2 жылда сүтті қабылдағанда ұстама тәрізді ауырсыну, іш өту, шұрылдау пайда болатындықтан көтере алмаушылық пайда болған. Соңғы жарты жылда науқас нәжісінің жиілеуіндегі, консистенциясындағы, дефекация актісіндегі (шағымдарды қарау қажет) өзгерістерді байқаған.

Жалпы клиникалық физикалық тексеру барысында анықталғаны: бойы 176 см, салмағы 60 кг, t 37,4°С. Іштің, кеуденің, арқасының терісінде шамалы мөлшерде жиектері айқын шектелген, үлкен емес өлшемдегі ақшыл-қызыл түсті элементтер байқалған, теріден бетінен шығып тұрады. Терінің эластикалығы төмендеген. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұлғаймаған. Өкпесінде везикулярлы тынысы, ТАЖ - 18 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚ - 110/70 мм сн. бғ., Ps - 90 рет мин. Ауыз қуысын қарау барысында құрғақ, тілі жабынмен жабылған. Емізікшелері атрофияланған, ауызының бұрыштарында сызаттар, афтілер. Ішінің көлемі ұлғайған: пальпациялағанда Шоффар және Губергриц – Скульский аймағанда; Дежарден және Губергриц ауырсыну. Бауыры қабырға доғасымен. Асқазан асты безін пальпациялағанда горизонтальді орналасқан, тығыз, ауырсынулы, ені 2-3 см, қозғалмайтын түйін ретінде анықталады. Көкбауыры пальпацияланбайды. Жүйке жүйесі және эндокринді жүйесі бойынша патология анықталмайды.

Жалпы қан анлизі: эритроциттер - 4,5*1012/л, гемоглобин - 120 г/л, түстік көрсеткіш - 0,8; лейкоциттер - 6,1*109/л, эозинофилдер - 3%, таяқша тәрізді -4%, сегментоядерлі - 63%, лимфоциттер - 26%, моноциттер - 4%; ЭТЖ - 3 мм/сағ.

Биохимический анализ крови: Билирубин - 32,1 ммоль/л, непрямой - 28,1 ммоль/л. ACT- 0,3 ед., АЛТ - 0,4 ед., амилаза 230 ед., диастаза 134 ед.

Электрокардиограмма: синусті ритм, ЖЖЖ-74 рет минутына.

Вольгемут бойынша зәрдің диастазасы - 128 г/сағ х л.

Копроцитограмма: реакциясы әлсіз-сілтілі, бұлшықет талшықтары+, нейтральді майлы қышқылдар және сабын ++, крахмал ++, шырыш+ .

Құрсақ қуысы мүшелеріне УДЗ жүргізілді. Асқазан асты безінің эхогенділігі диффузды жоғарлаған, денесі ұлғайған, құрылымы гетерогенді, 7 см диаметрмен сопақ формалы гипоэхогенді зона. Бауырдың өлшемдері ұлғаймаған, контурлары тегіс, паренхимасы біртекті аз эхогенді құрылымды құрайды. Қақпа венасы кеңеймеген (диаметрі 7 мм). Жалпы өт түтігі 6 мм. Өт қабы кәдімгі формалы, өлшемдері біршама ұлғайған, құбырғасы қалыңдаған, конкременттер жоқ. Өт шығарушы таңғы ас тағайындалғаннан кейін 30 мин кейін (2 шикі жұмыртқаның сарысы) – өт қабының босауы баяулаған, жеткіліксіз. Оның көлемі 10 % кішірейген.

Шолу рентгенограммасында – асқазан асты безі аймағында кальцинаттар. Контрастты рентгенограммада асқазаны ығысқан, дуоденальді ілмек кеңейген, үлкен дуоденальді емізікше ұлғайған.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.

№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова

ҚММУ Ф 4/2-10/02

ҚММУ БЕ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»

Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»

Курс- V

Билет №18

1. Қант диабеті. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилері (клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.

2. Асқазанның жара ауруы. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.

3. Балаларда вакцинация жүргізуге салыстырмалы және абсолютті қарсы көрсеткіштер.

4. Контрацепция әдістері. Спермицидтер. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштері, хаттамаға сәйкес.

5. Алдын-алу. Анықтамасы, түрлері, жүректің қалпына келетін және қалпына келмейтін қауіп факторлары. Өмір салты. Анықтамасы, денсаулыққа әсері.