Асқазанның жара ауруы. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі.Диагностикалық критерилары (клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.
Созылмалы панкреатит. Госпитализацияға көрсеткіш. Динамикалық бақылау(бақылаудың мерзімдері мен жиілігі, зерттеудің бағдарламасы, өршуге қарсы емі: препарат тобы (1-2 препарат аты, дозасы, енгізу жолы)) хаттмаға сәйкес.
Балалардағы жедел гломерулонефрит. Жіктелуі.Диагностикалық критерилары (клиникалық, зертхана-аспаптық белгілері) хаттамаға сәйкес.
Сальпингоофорит. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилері (клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.
Еңбекке жарамдылықты анықтайтын факторлар. Еңбекке жарамсыздық түрлері. Еңбекке жарамдылықты толық жоғалту. Анықтамасы. Еңбекке жарамсыздықты толық жоғалту кіммен анықталады.
Жағдайлық есеп.
Науқас М, 38 жас, Дефекациядан алдынғы іштің төменгі аймағының ұстамалы ауруына, жиілігі 5-6 рет болғандығына шағымданып келді. Сұйық дәрет, кейде үлкен дәреті қан және шырыш араласқан, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген, дене қызуы 37,5 С дейін көтерілуі, қол буындарының ауруын айтады. Тәбеті төмендеген, ауру уақтында 10 кг арықтаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы мен шырышты қабаттары боз. Перифериялық лимфа тамырлар пальпатцияланбайды. Тобықтың сол жақ бетінде 1- 2 см көлемде түйінді эритема. Пульс 90/мин, ырғақты, АҚ- 100/70мм сн.б. Жүрекшекаралары қалыпты. Жүрек тондары дауысты. Тіл құрғақ, тіл түбірі ақ жабындымен жабылған. Іші үлкейген, пальпация кезінде оң төменгі бөлікте ауырсыну. Соқыр ішекті пальпациялау кезінде шұрылдайды. Бауыр мен көкбауыр үлкеймеген.
Қан анализі: эритроциттер - 3.5 10 12/л, Hb – 90г/л, лейкоциттер – 8.0 10 9 /л, СОЭ – 17мм/сағ.
Зәр анализі – патологиясыз.
Рентгенологиялық зерттеу : мықын сүйегінің терминальді кесіндісінің және тік ішектің бастапқы бөлігінің тарылуы анықталған. Барий пассажы бірден баяулады.
Флюрография – патологиясыз.
Қан биохимиялық анализі: холестерин – 3.8 ммоль/л, жалпы билирубин – 20, тік – 14, тік емес – 6 мкмоль/л.АСТ – 38 ед, АЛТ – 45 ед. Натрий – 115 мкмоль/л, калий – 3,1 мкмоль/л, хлор – 60 ммоль/л, темір – 11 ммоль/л.қан гюкозасы – 5,2 ммоль/л. Жалпы белок – 65 г/л, альбуминдер – 45%, альфа1 – 5% ,альфа2 – 9%, бета – 11%, гамма- глобулиндер – 30%.СРБ – 1.
ЭКГ – синусты ритм, жүректің электрлік өсі қалыпты. Миокардтың спецификалы емес өзгерісі.
Колоноскопия: мықын ішегінің шырышты қабатының гиперимиясы және ісінуі. Контактты қан кету, дұрыс емес формалы эрозиялар мен язвалар, қабырғасында қою түзілістер.
Құрсақ қуысы УДЗ:патологиялық көріністер анықталмайды.
Гистология: эпителийдің беткей қабатының лейкоцитарлы инфильтрациясы, ішектік крипт қуысында лейкоциттердің жиналуымен некроз.
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова
ҚММУ Ф 4/2-10/02
ҚММУ БЕ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс- V
Билет №17
