Гастроэзофагальды рефлюксті ауру. Госпитализацияға көрсеткіш. Динамикалық бақылау (бақылау мерзімі мен жиілігі, қаралу бағдарламасы), рецидивке қарсы ем:препараттардың топтары (1-2 препараттардың аттары,дозасы, енгізу жолдары) хаттамаға сәйкес.
Теміртапшылықты анемия. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.
Жаңа туған нәрестенің денсаулық тобын анықтау. Жаңа туған нәрестені бақылау жиілігі.
Сальпингоофорит. Госпитализацияға көрсеткіш. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.
Уақытша еңбекке жарамсыздық. Анықтамасы,түрлері. Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасы кіммен жүргізіледі. ДБҚ міндеттері.
Жағдайлық есеп.
67 жастағы науқас N. Жанұялық дәрігерге шұғыл түрде келді.
Шағымдары: алкогольді және газды сусындарды қабылдағанда, төмен еңкейгенде, горизонтальды қалыпта, түнгі уақытта пайда болатын, сағаттармен созылатын, мойынға және екі жауырынға берілетін, жоғары интенсивтіліктегі төс артындағы күйдіру сезімі; етті, нанды жұтқанда жұтудың қиындауы; қатты құрғақ жөтел; кезеңді түрде жүрек қағу ұстамалары.
Ауру анмнезінен, науқас 1991 жылдан бері он екі елі ішектің жара ауруымен ауыратыны белгілі. Оның өршуі ретті түрде жылына 1-2 рет, күз-қыс кезеңінде болады. 2002 жылы, ақпан айында асқазан шырышты қабатынан Helicobacter pylori табылғаннан кейін, оның эрадикациясы жүргізілді. Осы кездегі шағымдары 3 күн бұрын таңертең пайда болды. Корвалол мен нитроглицеринді қабылдағаннан кейін айқын эффектіні байқаған жоқ. Сағат 9-да науқас жедел жәрдем шақыртты, ЭКГ түсірілген. ЭКГ-да жүрекшелік эстрасистолия тіркелуіне байланысты, науқасқа госпитализация ұсынылған, бірақ науқас шағымдарының интенсивтілігі төмендеуіне байланысты бас тартқан. Әрі қарай көрсетілген шағымдар қайта пайда болған, науқас оны, жедел-жәрдем дәрігерінің ұсынысымен, ретті түрде нитросорбидті (10мг тәулігіне 3 рет) қабылдаумен байланыстырады. Оның интенсивтілігі күшейе түскен, бүгін таңертең қайта жедел-жәрдем шақыртылған. ЭКГ түсіргенде, алдыңғы түсірген пленкамен салыстырғанда динамика жоқ. Жедел-жәрдем дәрігерлерімен конфликтіден кейін, госпитализациядан бас тартып, өз бетінше жергілікті емханаға келген.
Өмір анамнезінен анықталғаны:
Тұқымқуалаушылық: әкесі 63 жасында, қан кетумен асқынған, он екі елі ішектің жара ауруынан қайтыс болған; анасы 76 жасынжа миокард инфарктісінен қайтыс болған; туған ағасы асқан жарасымен ауырады.
Әдетті интоксикациялар - жоқ.
Кәсіптік анамнез: 20 жасынан 60 дейін алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс атқарған. Кәсіптік зияндылықтардан әрдайым психоэмоционалды күйзелісті, ретсіз тамақтануды, нормаланбаған жұмыс күнін байқайды.
Аллергоанамнез тыныш.
Жалпы клиникалық, физикалық тексерістен тілінде тіспен жанасатын орындарында жаралар анықталды.
Тексеру қорытындылары:
1. Жалпы қан анализі: эритроциттер - 4,5*1012/л, гемоглобин - 120 г/л, түстік көрсеткіш - 0,8; лейкоциттер - 6,1*109/л, эозинофилдер - 3%, таяқшаядролылар -4%, сегментядролылар - 63%, лимфоциттер - 26%, моноциттер - 4%; ЭТЖ - 3 мм/сағ.
2. Жалпы зәр анализі- өзгеріссіз.
3. Биохимиялық қан анализі: жалпы белок - 80 г/л, жалпы билирубин - 20 ммоль/л, тура билирубин - теріс, темір - 9,1 мкмоль/л, креатинин' - 80 ммоль/л, жалпы холестерин - 5,1 ммоль/л, амилаза - 0,64 бр/л, АЛТ - 50 бр/л, ACT - 50 бр/л, гамма - ГТП - 48 бр/л, СФ - 230 бр/л.
4. ЭКГ: Ритмі синусты (минутына 57-60 жиырылу), тыныстық аритмия. Жүрек электр өсінің қалыпты орналасуы. Бірен-саран жүрекшелік экстрасистолиялар.
Динамикада «қайшы» симптомының жоқтығы, ЭКГ динамикасының жоқтығы, ACT, АЛТ, ЛДГ белсенділігінің жоқтығы көңіл аударады.
Науқасқа эзофагогастродуоденоскопия жасалды: өңеш еркін өтімді. Төменгі үштен бірінің шырышты қабаты гиперемирленген. Цикулярлы орналасқан біріккен геморрагиялық эрозиялар бар. Кардия толық жабылмайды. Асқазан құрамды рефлюкс анықталады. Асқазан қалыпты көлемді. Қатпарлары орташа калибрлі. Шырышты қабаты ақшыл-қызарған, ошақты гиперемирленген. Ашқарында артық шырыш анықталады. Бұрышы таза. Қалытқы жұмыс атқарады. Асқазан сөлінің рН 3,5 тең. Он екі елі ішек пиязшығы шамалы деформацияланған. Шырышы ақшыл-қызарған. Алдыңғы және төменгі қабырғасында ақ тыртық анықталады. CLO-тест Helicobacter pylori-ға теріс.
Өңешті рентгенологиялық тексергенде диафрагманың өңештік тесігінің грыжасы анықталады.
Қыжыл, жұтудың қиындауын омепразол, маалокс басады. Оны қабылдау фонында жөтел және жүрек соғу ұстамасы азайды. Қорытынды ЭКГ-да миокардтың қанмен қамтамасыз етілуі жағдайында теріс динамика аанықталмады.
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова
ҚММУ Ф 4/2-10/02
ҚММУ БЕ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс- V
Билет №16
