Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты 5к каз 2014-2015гг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
373.05 Кб
Скачать

6. Жағдайлық есеп.

Науқас Иванов А.П., 62 жаста, жалпы тәжірибе дәрігеріне күйзеліс нәтижесінде пайда болған айқын инспираторлы ентігуге қиын бөлінетін қақырықты жөтелге кеудеде «клокотание», суық терге, қорқыныш сезіміне шағымданып келеді.

Анамнезінде: ентігу және әлсіздік сезімінің жоғарылауы мен 1 сағат мөлшерінде өзін аурумын деп санайды. Өзі эуфиллин қабылдаған, нәтижесіз. Учаскілік дәрігерді үйге шақырған.

Өмір анамнезі: отбасында екінші бала болып дүниеге келді, дамуы жасына сай. Балалық шағында желшешек , қызамық, ЖРВИ-мен ауырған. Туберкулез, Боткин, венерологиялық ауруларымен ауырмаған. Травмалар жоқ. Операциялар: 1967 ж. Холицистоэктомия, 2000ж қуық асты безі резекциясы. Созылмалы аурулары: қуық асты безінің қатерсіз гиперплазмасы 15 жыл, ЖИА 30 жыл, БӨМИ 1993ж.,2001ж.,2007ж. Артериальдық гипертензия 15жыл. Уақытымен амбулаториялық ем қабылдайды, жыл сайын стационарда емделеді. Зиянды әдеттері жоқ. Аллергиялық анамнезі тыныш. Тұқым қуалаушылық: анасында АГ, әкесі 57 жасында жедел миокард инфарктісінен қайтыс болған, ағасы бронхылы демікпемен ауырады.

Қазіргі уақытта «Штепсель» компаниясының зам. Директорының қызметің атқарады.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық.Тәбеті жоғарылаған. Бойы - 169см, салмағы - 98кг, ИМТ – 34. Тері жамылғысы: мұрын ерін үшбұрышында акроцианоз, құлақ ұшы саусақ ұштары суық , тері жамылғысының ылғалдылығы жоғары.

Кеуде клеткасы цилиндр тәрізді формада, тыныс алуы аралас, ТАЖ – 23 минутына. Бұғана үсті және асты ойығы шамалы байқалады. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Салыстырмалы перкуссия кезінде – өкпенің симетриялы аймақтарында айқын өкпелік тыныс. Аускультативті – жоғарғы бөлімінде құрғақ ысқырықты сырылдар, ортаңғы және төмеңгі бөлімінде тынысы әлсіздеу, ылғалдары әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі.

Жүрек аймағы объективті өзгеріссіз. Визуальды қарағанда тамырлар пульсациясы жоқ. Перкуторлы: жүректің салыстырмалы тұйықтығы сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 1см сыртқа ығысқан. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы жоғарыда – ортаңғы бұғана сызығы бойынша ІІ қабырға аралығында, жүректің салыстырмалы тұйықтығы оң жақта – төстің оң жақ шетімен 1 см сыртқа. Жүректің абсалютті тұйықтығы сол жақта – ортаңғы бұғана сызығы бойымен 0,5 см сыртқа ығысқан. Жүректің абсалютті тұйықтығы жоғарыда сол жақ – ортаңғы бұғана сызығы бойынша ІІІ қабырғада. Жүректің абсалютті тұйықтығы оң жақта – төстің оң жақ шетіне сәйкес келеді. Тамырлы шоғыр - 7,5см. Жүрек тондары әлсіреген , ритм дұрыс, тахикардия, өкпе артериясында ІІ тон акценті және оның ажырауы.ЖЖЖ – 96 минутын. Саулелі артерияда пульс 96 минутына симетриялы, толуы қанағаттанарлық. АҚ – 100/80 мм.с.б.б. Тілі ылғалды, тіл түбірі ақ жабындымен жабылған.

Пальпациялағанда іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Нәжісі қалыпты. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз. Соққылау симптомы екі жақта теріс.

Зерттеу нәтижелері:

  1. ЖҚА: гемоглобин – 160 г/л, эритроциттер – 5,0х1012/л, ЦП – 0,85, лейкоциттер – 12,0х1012129 /л, СОЭ – 8мм/ч.

  2. ЖЗА: мөлшері 30,0 мл, түсі – солом тәрізді сары, мөлдірлігі – мөлдір, реакция – қышқыл, салыстырмалы тығыздығы – 1018, ақуыз – жоқ, қант – жоқ, эпителий – 1-2 к.а., лейкоциттер – 2-3 к.а.,эритроциттер – бір к.а.

  3. Қан құрамындағы қант – 5,1 ммоль/л.

  4. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок – 90 г/л, альбумин – 69г/л, холестерин – 7,8 ммоль/л, ЛПВП – 0,6 ммоль/л, ЛПНП – 2,9 ммоль/л, триглицериттер – 4,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 18,0 мкмоль/л, тура – 5,0, ЛДГ – 420 Ед/л, АСТ – 30 Ед/л, миоглобин – 196 мкг/л, креатинин – 82 мкмоль/л, мочевина – 4,9 мкмоль/л, тропонин Т – 2,3 мкг/л, КФК-МВ – 10 мкг/л.

  5. ЭКГ:

  1. Рентгенграфия: өкпе вена түбірінің көлеңкесінің ұлғаюы, түбір маны аймақтарындағы мөлдірлігінің төмендеуі мен бөлік аралық қабаттың қалындауы, сол жақ қарыншаның қалындауы.

  2. ЭХОКГ: Сол жақ қарынша миокардының дискинезиясы мен систолалық жұқаруы, сол жақ қарыншаның қанағаттанарлық дилатациясы.

Жағдайлық есепке сұрақтар:

  1. Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.

  2. Клиникалық диагнозды негіздеу.

  3. Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.

  4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.

  5. Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.

№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова

\

ҚММУ Ф 4/2-10/02

ҚММУ БЕ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»

Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»

Курс- V

Билет №15