Жаралы емес спецификалық колит. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилары (клиникалық, зертхана-аспаптық берілгілері) хаттамаға сәйкес.
Гипотиреоз. Госпитализацияға көрсеткіш. Динамикалық бақылау (бақылаудың мерзімі мен жиілігі, рецидивке қарсы емі: топ препараттары (1-2 препараттың аты, дозасы, енгізу жолдары) хаттамаға сәйкес.
Балалардағы пиелонефрит. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилары (клиникалық, зертхана-аспаптық берілгілері) хаттамаға сәйкес.
Пре- және эклампсия.Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.
Уақытша еңбекке жарамсыздық. Анықтамасы,түрлері. Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасы кіммен жүргізіледі. ДБҚ (ВКК) міндеттері.
Жағдайлық есеп.
Науқас С. 19 жаста, студент. Тізе, шынтақ, тобық, білезік және иық буындарында тұрақсыз мигрирленетін сипатты ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, субфебрильді температураға, кішкене физикалық жүктеме кезіндегі ентікпеге, жүрек соғысының қатты соғуына немесе жүрек жүмысының «қатып қалу» сезіміне шағымданады.
Анамнезінен мектеп жасында жедел ревматикалық қызбаны бастан өткізгені белгілі, стационарда пенициллинмен емделген. 1жыл бұрын университетке түскеннен кейін физикалық жүктеме кезіндегі ентікпені (2-3 саты баспалдақпен көтерілгенде, тез жүргенде) кейде жүрек аймағында сыздап ауырсынуды байқай бастаған. Дәрігерге қаралмаған, өз бетімен корвалол, валидол, валериана қабылдаған. Стационарға түсер алдында 1 ай бұрын фоликулярлы баспамен ауырған, 6 күн эритромицинмен емделген. Тамағының ауыруының тоқтауы мен дене температурасының қалыпқа келгеніне қарамастан, жалпы жағдайының жақсаруын байқамған, әлсіздік ұлғайған, терлегіштік пайда болған, 2 аптадан кейін дене температурасы субфебрильді сандарға дейін көтерілген, бірнеше күн бұрын жоғарыда айтылған шағымдар қосылған.
Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері қабаты бозғылт, ылғалды, акроцианоз, екі жақтағы иекте тұрақты қызару. Сол жақ тізетобық және шынтақбілезік буындарының дефигурациясы мен гиперемиясы. Пальпация кезінде барлық ірі және орта буындарының ауырсынуы байқалады. Өкпе аускультациясы кезінде тыныс алудың әлсіреуі және екі өкпенің төменгі бөліктерінде ірі көлемді емес дыбыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, ТАЖ минутына 20 рет. Жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша 5 қабырғаралықта 1 см ішке қарай, оң жақ – 4 қабырғааралық бойынша төстің оң жақ жиегінен 0,5 см сыртқа қарай. Жүрек конфигурациясы митралды. Жүрек аускультациясы кезінде - жүрек ұшында I тонның әлсіреуі, өкпе артериясында II тонның акценті, максималды түрде жүрек ұшында сол жақ қолтық асты аймағына қарай таралатын систолалық шуыл естіледі. Жүрек тондары аритмиялық, минутына 8-10 рет кезектен тыс жиырылулар естіледі. ЖСЖ минутына 78-84 рет. АҚ- 110/70 мм.с.б. Бауырды пальпациялау барысында бауыр қабырға асты доғасынан 6 см шығыңқы, жиегі дөңгеленген, тегіс, аздап ауырсынады. Тізенің ісінуі байқалады.
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПКЕ ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
1. ЭКГ көрсетілген.
2. Жалпы қан анализі: ЭТЖ – 44мм/сағ, эр. – 3.6*10/12л, Нв – 117г/л, т.к – 0.9, лейк. – 9.3*10/9л, б – 0%, э – 2%, т/я – 8%, с/я – 71%, лимф. - 13%, мон. – 6%
3. Жалпы зәр анализі: сары, әлсіз қышқыл, салыс. тығыздығы – 1008, ақуыз – 0,066г/л, қант жоқ, тегіс эпителий – 1-7-12 к/а, лейк – 5-7 к/а, эр – 0-1-5 к/а, гиалинді цилиндрлер – 1-3к/а
4. Биохимиялық қан анализі: АСТ – 12бірл/л, мочевина – 8,6 ммоль/л, билирубин – 17,0мкмоль/л, СРБ – 1, белок – 70г/л
5. Гликемия: 5,76ммоль/л, ПТИ – 64%,
6. ЭХО-КС: қолқа тығыздалмаған, ұлғаймаған(25мм), сол жақ жүрекше ұлғайған(43мм), СҚ ұлғаймаған (КДР – 43мм, КСР – 30мм), ағу фракциясы 0,58, ҚАҚ тығыздалған (24мм), ЗСЛЖ қалыңдаған (25мм), қолқалық қақпақ өзгермеген, митральді қақпақ жармалары тығыздалған, М-режимдегі бірбағытты қозғалыстығы жармалар, толық емес жабылу, Д-режимде митральді қақпақшаның патологиясы анықталды, оң қарыншы ұлғаймаған(30мм).
7. Рентгенография көрсетілген
Есепке ЭКГ
Кеуде қуысы мүлерінің рентгенограммасы
Саусақтардың рентгенограммасы
Жағдайлық есепке сұрақтар:
1.Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
2.Клиникалық диагнозды негіздеу.
3.Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
4.Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
5.Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова
ҚММУ Ф 4/2-10/02
ҚММУ БЕ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық - 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты - OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс- V
Билет №14
1. Созылмалы гастрит. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктемесі.Диагностикалық критерилары(клиникалық, лабораторлы-аспаптық берілгендері) хаттамаға сәйкес.
2. Бауыр циррозы. Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізімі, хаттамаға сай емдеу тактикасы.
3. ЖРИ. ДДҰ-ң БЖАИЖ (ИВБДВ) бойынша бағдарламасы.
4. Жүктілік кезіндегі жүрек айну мен құсу. Хаттама бойынша негізгі және қосымша диагностикалық шаралар, емдеу тактикасының тізбегі.
5. БМСК. Түрлері, көмек көрсету формалары. Скрининг дегеніміз не. ҚР-ның мемлекеттік бағдарламасында қандай скринингтер жоспарланған және қандай халық топтары қамтылатын болады. Скринингтік қараулар қайда бағытталған.
