ҚММУ Ф 4/2-10/02
ҚММУ БЕ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық – 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты – OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс – V
Билет №11
В12-, фолитапшылықты анемия . Анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикалық критерилері (клиникалық, зертханалық-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.
Созылмалы панкреатит. Госпитализацияға көрсеткіш. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі, хаттама бойынша емдеу тактикасы.
Жаңа туылған нәрестелердің біріншілік патронажы. Мақсаты, қашан және кіммен жүргізіледі.
Жүктілердік лоқсуы мен құсуы. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилері(клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.
Диспансерлі бақылау. Анықтамасы. Топтардың мінездемесі. «Диспансерлі бақылаудың бақылау картасы» Ф030/е не үшін керек.
Жағдайлық есеп.
Науқас Р., 45 жаста, жеке кәсіпкер, оң жақ аяқтың бірінші бақайындағы ісіну және ауырсынуға шағымданып келді. Жедел 2 күн бұрын ауырған: қонақта болғаннан кейін түнде оң жақ табанның бірінші бақайында қатты ауырсыну пайда болған. Ауырсыну көрпеше тиген өзінде шыдатпайтын сипатта. Науқас таңертең оң жақ табанның бірінші бақайының ісінуін және сол маңайдағы терінің қызғылт-қоңыр түсті болуын байқаған. Келесі тәулік бойы аяғындағы күр ауырсынудан әжетханаға жете алмаған. Дене қызуы 37,8 °С дейін жоғарылаған, соған байланысты жергілікті емханаға қаралуға барған. Емхана бағыттамасы бойынша ауруханаға жатқызылған. Анамнезі бойынша, соңғы 3 жыл көлемінде эпизодты түрде қан қысымының 160/100 мм с.б.б. дейін жоғарылауы анықталған, гипотензивті терапия қабылдамаған. Қарау кезінде жағдайы қанағаттанарлық, гиперстеникалық конституциялы, жоғары тамақтанулы. Бойы - 172 см. Салмағы - 90 кг. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 18 рет минутына. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 84 соққы минутына. АҚ - 150/105 мм с.б.б. Іші дөңгеленген; тері асты май қабатының артық дамуына байланысты ұлғайған; жұмсақ, ауырсынусыз. Бауырдың сол жақ қыры қабырға доғасынан 1,5 см шығыңқы; бауыр қырлары жұмсақ, ауырсынусыз. Бауырдың Курлов бойынша өлшемдері: 10 х9х9,5 см. Көкбауыр ұлғаймаған. Бүйрек аймағы көзбен көргенде өзгеріссіз. Соққылау симптомы екі жақтан да теріс. Физиологиялық шығарылымдар қалыпты. Перифериялық ісінулер жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған. Неврологиялық статусы - |
өзгеріссіз. Экссудативті өзгерістер есебінен оң жақ табанның бірінші табанфалангтық буыны айқын деформацияланған; осы буын пальпациясы кезінде кенеттен ауырсынулы (науқас аяғын тартады), сол аймақтағы тері беткейі гиперемияланған және жергілікті қызуы көтерілген, оң жақ бірінші табанфалангалық буынның қозғалыс көлемі шектелген. Қарау кезінде басқа буындар өзгеріссіз, пальпацияда ауырсынусыз, басқа буындардағы қозғалыс көлемі толықтай сақталған. Тері асты және тері ішілік түйіндер анықталмайды.
Клиникалық қан талдауы: Hb - 140 г/л; эритроциттер - 4,8х1012; лейкоциттер - 10,1х109, таяқша ядролы -5%, сегмент ядролы - 66 %, лимфоциттер - 20 %, моноциттер - 5 %, эозинофилдер - 4 %; тромбоциттер - 280х109; ЭТЖ - 32 мм/ с.
Биохимиялық қан талдауы: глюкоза - 4,5 ммоль/л, холестерин - 6,8 ммоль/л, креатинин - 78 мкмоль/л, мочевина - 7,2 ммоль/л, несеп қышқылы - 540 мкмоль/л, жалпы ақуыз - 68 г/л, АЛТ - 84 бірлік/л, АСТ - 67 бірлік/л.
Жалпы зәр талдауы: салыстырмалы тығыздығы - 1016, ақуыз және глюкоза жоқ, лейкоциттер - 1-2 көру алаңында.
Табан рентгенографиясы: буындық қуыстардың қысқаруы, әсіресе екі жақтанда табанфалангалық буындардың.
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова
ҚММУ Ф 4∕2−10∕02
ҚММУ БЕ 4∕02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық – 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты – OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс – V
Билет №12
Ревматоидты артрит. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Жіктелуі. Диагностикалық критерилері(клиникалық, зертхана-аспаптық мәліметтері) хаттамаға сәйкес.
Қант диабеті. Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізімі, хаттамаға сай емдеу тактикасы.
Қазақстан Республикасының ұлттық алдын-ала егу күнтізбесі.
Контрацепция әдістері. Комбинирленген оральды контрацептивтер. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.
Жалпы дәрігерлік тәжірибе. Анықтамасы, жұмысы және қызметі. ЖТД құқығы және жұмысы. Жалпы тәжірибелі дәрігерге квалификациялық талаптары.
Жағдайлық есеп.
30 жастағы науқас В., мұғалім болып жұмыс атқарады. Дәрігерге жалпы әлсіздікке, шөлдеуге, тәбетінің жоғарлауына, 2 айда 10 кг арықтауына, жүрек қағуына, тітіркенгіштікке, барлық денесінің дірілдеуіне, жас ағуына шағымданып келді. 2 айдан көп ауырады.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, Дене қызуы 37,2 С. Науқас мазасыз, созылған қолдары саусақтарының треморы, көзі жарқырайды, сирек жыпылықтатады. Көзін төмен қаратқанда жоғарғы қабақ пен нұрлы қабақ арасында сызық байқалады («күннің бату» симптомы). Көңілінің лабильділігі байқалады. Қол саусақтарының терісі жоғары ылғылды, жылы. Шамалы ұлғайған қалқанша безі пальпацияланады, жұмсақ, ауырсынусыз. Шүрек шекаралары қалыпты, жүрек тондары күшейген, тахикардия мин 126 ретке дейін. АҚ - 160\50 мм. сн. бғ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры, өт қабы, көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі сұйық, күніне 5 ретке дейін. Зәр шығаруы күніне 4-5 ретке дейін, ауырсынусыз. Етек кірі соңғы 2 айда бері жоқ.
ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
қан анализі: Нb - 126 г\л, т.к. - 0,8, эр.-3,4 х 1012\л, лейк.-6,8 х 109\л, ЭТЖ - 6 мм\сағ.
Зәр анализі: тығ. - 1024, реакциясы қышқыл, белок және қант жоқ, лейк. – көру алаңында 3-4.
Флюорография - патологиясыз.
Қан биохимиясы: холестерин - 3,2 ммоль\л, жалпы билирубин - 20,5, тура - 15,0, тура емес - 4,9 мкмоль\л. АСТ - 25 бр, АЛТ - 14 бр. Натрий - 136,0 мкмоль\л, калий - 4,2 мкмоль\л, кальций - 2 мкмоль\л. Қандағы қант - 5,8 ммоль\л.
ЭКГ - синусты тахикардия мин. 122 рет, жүректің электрлік өсі ауытқымаған. Миокардтың спецификалық емес өзгерістері.
Қалқанша безінің УДЗ: бездің ІІ дәрежелі диффузды ұлғаюы. Түйін жоқ.
Қалқанша безін сканирлеу: кәдімгі орналасқан Біркелкі ІІ-ІІІ сатыға дейін ұлғайған. «Ыстық» және «суық» түйіндер жоқ.
Радиометрия: қалқанша безінің йодты ұстауы: 2 сағаттан кейін-20% (N - 13%); 4 сағаттан кейін-35% (N - 20%); 24 сағаттан кейін-50% (N - до 40%)
Қандағы гормондар: Т3 және Т4 қалыптыдан 1,5 рет жоғарлаған, ТТГ – деңгейі қалыптыдан төмендеген.Анти ТПО- қалыпты.
Жағдайлық есепке сұрақтар:
Жетекші синдромды тауып, физикальды және зертхана-аспаптық зерттеулердің интерпретациясы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Негізгі ауруды, қауіп факторын анықтау.
Аурудың негізгі емдеу принциптерін, негізгі препараттарын және әр топтан 1-2 дәріден атаңыз.
Диспансерлік бақылау тобын анықтаңыз. Динамикалық бақылау бағдарламасын құрыңыз.
№1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.М. Мулдаева
№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Мершенова
ҚММУ Ф 4∕2−10∕02
ҚММУ БЕ 4∕02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы
Мамандық – 051301 «Жалпы медицина»
Пәннің аты – OVP-5305 «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»
Курс – V
Билет №13
