- •Жалпы медицина мамандығы бойынша бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестацияның (мқа) бағдарламасы
- •Бакалаврдың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:
- •Қорытынды мемлекеттік аттестацияны өткізу шарасы
- •II кезең
- •Бағдарламаның мазмұны
- •3.Пәндер бойынша тест тапсырмаларының базасы
- •3.2.Оқке станциялары
- •4.Бағалау рубрикалары
- •«Жіті коронарлық синдром кезіндегі ауыру синдромын басу»
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік құрал
- •Емтихандық комиссия
- •Ситуациялық есептерді шешу
- •2 Станция
- •4 Станция
- •3 Станция
4.Бағалау рубрикалары
Станция 1. «Жүрек-өкпелік реанимация»
Клиникалық жағдай: қарт жастағы ер адам көшеде кенеттен есін жоғалтты. Жол жөнекей өтіп бара жатқан ЖМЖ бригадасы 3 минуттан кейін ауыр жағдайдағы науқасты қарады, ес түссіз, ұйқы артериясында пульсі жоғалған және тынысы жоқ. Жүрек-өкпелік реанимациясын жүргізу керек.
Жабдықталуы: жүрек-өкпелік реанимациясын жүргізуге арналған муляж, ауа өткізгіш түтік,Амбу қапшығы, дефибриллятор, электродтарға жағуға арналған гель, дәкелік орамал
Дағдыны қадамдап орындау және бағалау критериі
№ |
Бағалау критерииі |
Толық жауап |
Толық емес жауап |
Дұрыс емес жауап |
|
|
Жүрек-өкпелік реанимациясын жүргізу көрсеткіштерін бағалау: есінің жоғалуы («Сізге не болды?», ұйқы аретриясында пульстің болмауы және тыныстың тоқтауы (кеуде торшасы экскурсиясының болмауы). Науқасты тегіс, қатты жерге жатқызып, кеудесін киімдерден босату керек. |
10 |
5 |
0 |
|
|
Бір қолды алақанның негізімен төстің семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары қоямыз, екіншісін оның үстіне көлденең орналастырамыз. Қолды шынтақ буынында имей, тік ұстаймыз. Дене салмағы және арқа бұлшықеттерінің күші қолданылады. Кеуденің серпімділігін тексеру үшін бірінші кеудені басу баяу жасалады. |
10 |
5 |
0 |
|
|
Кеудені басқанда омыртқаға қарай ығысу тереңдігі 5см кем емес, ал жиілігі минутына 100-ден кем болмау керек. Алақанын пациенттің кеудесінен алмайды.
|
|
|
|
|
|
Жоғарғы тыныс жолдарын тазалауды жүргізеді(саусақпен, катетермен). Сафардың үштік әдісі: науқастың басын шалқайтады, аузын ашады, астыңғы жақты алға және жоғарыға тартады. Ауа өткізгіш түтік қою. |
10 |
5 |
0 |
|
|
Науқастың бетіне (дәке жапқыш, бет пердені) қояды,(мұрнын қысады, аузын жабады), («ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға»,Амбу қапшығы) жиілігі минутына 10 ретке дейін дем беріледі. |
10 |
5 |
0 |
|
|
Жасанды дем берудің дұрыстығы кеуденің кезеңдік кеңеюімен және әлсіз дем шығарумен бағаланады. ӨЖЖ мен жүрекке тікелей емес массажды бір мезгілде жасау кезінде 30:2 қатынасты ұстау |
|
|
|
|
|
Дефибрилляторды желіге қосып, монитордан дефибрилляция жүргізу көрсеткіштері бағаланады: қарыншалық фибрилляция,/ пульссіз қарыншалық тахикардия Керекті разряд қуаттылығын қою 150 ДЖ (бифазды) немесе 360 Дж (монофазды дефибриллятор). Дефибриллятор электродтарына арнайы гельді жағады немесе науқастың терісіне сулы дәкені қояды.
|
10 |
5 |
0 |
|
|
Дефибриллятор электродтарын Apex-жүректің ұшына, Sternum оң бұғана астына. Дефибриллятор электродындағы «заряд» батырмасына басады және айналадағы адамдарға науқастан ары тұруын сұрайды.
|
10 |
5 |
0 |
|
Заряд қабылданғаны туралы дыбысты белгіден кейін, дефибриллятор электродындағы «разряд» батырмаларын бірмезгілде басады. Әсері болмаса әр 5 минут сайын ( 300 ДЖ- дейін бифазды; 360 ДЖ- монофазды дефибриллятор) қайта разряд беріледі. |
10 |
5 |
0 |
|
|
Жүргізілген жүрек-өкпе реанимациясын бағалайды: ұйқы артериясында пульстің пайда болуы, тыныстың пайда болуы, есінің оралуы, тері жабындысының қалпына келуі. |
10 |
5 |
0 |
Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0
Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут
Станция 2
