Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zheke_farm пр.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.88 Кб
Скачать

9. Холиномиметиктер дегеніміз не?

Холиномиметиктер жалпы екі топқа бөлінеді. Олар М,Н- холиномиметиктер.

М-холиномиметиктер ОЖЖ және ішкі мүшелердің М-холинорецепторларын таңдамалы қоздырады. Жалпы бұл топқа пилокарпин, ациклидин, мускарин дәрілер жатады.

Н- холиномиметиктер. Н- холиномиметикалық әсері каротидті шумақтың симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилердің және бурек усті безінің ми қабатының нейрондық Н-холинорецепторларының агонистеріне тән.

Н- холиномиметиктер – тыныс орталығын рефлекторлы қуаттандыратын Н- холиномиметиктер өсімдік тектес болып келеді. Бұл топқа жататын дәрілер: цитизин, лобелин.

10. Холиноблокаторлар дегеніміз не?

М-холиноблокаторлар холиномиметиктер тобының дәрілік құралдарының және ацетихолин медиаторының бәсекелес антогонисті болып табылады. М-холиноблокаторлар холинергиялық синапстардың қызметин бұза отырып, медиаторлық жүйенің дисбалансын тудырады, парасимпатикалық жүйке жүйесінің мүшелерге әсерін тоқтатады, ол симпатикалық әсерлердің басым болуымен сипатталады.

13.Ганглиоблокаторлар. Әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.

Ганглиоблокаторлар вегативтік түйіндердің, бүйрек үсті безінің ми қабатының және каротидті шумақтардың нейрональдық - холинорецепторларына ацетилхолиннің әсер етуіне кедергі жасайды, қанқа бұлшық етінің - холинорецепторларына әсер етпейді.

Ганглиоблокаторлар артерияларды және веналарды кеңейтеді, ортостатикалық гиотензия тудырады, прекапиярлық қыспақтарды босаңсытады, шокта, инфекциялық уыттануда күйіктерде, пневмонияда, ұлпалардағы микроциркуляциямен қан айналымын жақсартады.

Жүрекке дейінгі және жүректен кейінгі күшті төмендетеді. Сол жақ қарыншаның жиырылғыштық қызметін жақсартады.

Ортостатикалық коллапс, стенокардия ұстамалары, атониялық іш қату,несептің іркілуі, терінің құрғауы, ауыз қуысының, жұтқыншақтың құрғауы, қарашықтардың кеңеюі, көз іші қысымының жоғарылауы, аккомодацияның салдануы. Үшіншілік аминдер ОЖЖ өтеді және діріл, ойлау және есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін. Уланғанда психомоторлы қозумен тырысулар пайда болады.

14.Миорелаксанттар жіктелуі әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Дозасы көбейіп кеткенде (улану) көрсетілетін көмек.

Миорелаксанттар – жүйке-ет талшғы синапысындағы - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтымды салдануына әкелетін дәрілер.Әсер ету механизмі бойынша Миорелаксанттар екі топқа бөлінеді: антидеполяриляризациялаушы және деполяриляризациялаушы топтар.

Клиникада қолданылуы:1. Өкпені жасанды желдету және ингаляциялық наркозда түтік енгізуді жеңілдету үшін өңеш пен жұтқыншақтың етін босаңсыту.

2.Шыққан сүйектерді салу, сүйек сынықтарын түзету.

3.Тырысқақ, ауыр тырысу ұстамалары электротырысу емінде.

4.Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдету жүргізілетін наркозда.

5.Паркинсон ауруларындағы тырысуда, пирпмида мен экстра пирамида жүйесі жұмыстарының бұзылыстарында,арахноидитте,энцефилитте.

15.Адреномиметикалық дәрілер. Жіктелуі. Альфа- адреномиметиктер.Фармокодинамикасы.Қолданылуы.

Адреномиметиктердің фармокологиялық әсері симпатикалық жүйкелердің посианглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді, кейбір адреномиметиктер Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Жіктелуі:

Тікелей әсер ететін( а,в,в2адреномиметиктер)

жанама әсер ететін(эфедрин)

Альфа- адреномиметиктер. Адренорецепторлардың агонистері а-адренорецепторларға жалпы жіне таңдамалы әсер етеді.Бұл топтағы дәрілер артериялық гипотензия мен шырыш қабатының ісінуі кезінде қан тамырларын тарылтатаын құрал болып табылады. Препараттар:

Норадреналин, мезатон, галазолин, эстулик,клофелин

Фармокологиялық әсерлері:тамырдың тарылуы, АҚ жоғарлауы. Альфа-2-адреномиметиктер ОЖЖ тамырды тарылтатын импульстарын төмендетеді.

Қолдану көркеткіштері: шок,, коллапс,ринит, гипотензия. Альфа-2-адреномиметиктер гипертониялық ауру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]