Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ortaly_1179__1241_serli_neytropty_d_1241_riler...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.11 Кб
Скачать

Орталық әсерлі нейтропты дәрілер

1.Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер. Әсерінің механизмі. Терапиялық кеңдігі бойынша салыстырмалы сипаттама. Жағымсыз әсерлері.

1)Фторотан-артықшылығы тітіркендіргіш қасиеті жоқ, терең наркоз, наркоздың хирургиялық стадиясының тез болуы, айқын миорелаксация, тез ояну. Кемшіліктері тыныстың тежелуі, гипоксия, брадикардия, аритмия, гипотензия, коллапс, гепатит, бауырдың некрозы.

Энфлуран-артықшылығы терең, тез наркоз, айқын миорелаксация, тез ояну, аритмия сирек байқалады. Кемшілігі әлсіз тітіркендіруші әсер, тырысу, еттің жиырылуы, тыныстың тежелуі, гипоксия, артериалық гипонтензия, бас іші қысымының жоғарылауы.

Изофлуран-артықшылығы терең, тез наркоз, айқын миорелаксация, аритмия сирек байқалады, тәж тамырларының кеңеюі, қысым өзгермейді. Кемшілігі: тітіркендіргіш жедел иісті, тыныстың тежелуі, гипоксия, артериялық гипотензия.

Десфлуран-артықшылығы тез, терең наркоз, минорелаксация, тез ояну, амбулаториялық хирургияда қолдануға қолайлы, нефроуытты, гепотоуытты әсері жоқ. Кемшілігі: тітіркендіргіштік, жедел иісті, тыныстың тежелуі, гипоксия, тахикардия, артериялық гипотензия, бас іші қысымының жоғарлауы.

Азот тотығы-артықшылығы тітіркендірмейді, наркозға тез енужәне тез ояну, айқын анальгезия, тыныс алу орталығы мен тамыр қозғалтқыш орталықты тежемейді. Кемшілігі миорелаксация мен наркозға тереңдігі жетімсіз,жүректің жиырылуының бәсеңдеуі, қан түзілуінің бұзылуы, диффузиялық гипоксия.

Ксенон- артықшылығы тітіркендірмейді, азот тотығы наркозынан терең, наркозға тез ену, тез ояну, төмен уыттылық. Кемшілігі диффузиялық гипоксия.

2.Бейингаляциялық наркозға арналған дәрілер. Салыстырмалы сипаттамасы нейролептоанальгезияға арналған дәрі ( фентанил, дроперидол ) пропанидин-ақыл-естен тандырады, субнаркотикалық мөлшерде баяу анальгетикалық әсер көрсетеді. Пропанидид таңдамалы түрде ми қыртыстарындағықозғалу аймақтарын күшейтеді. Пропанидидті шокта, бауыр ауруларында, ьүйрек жеткіліксіздігінде беруге болмайды, аса сақтықпен тәж тамырлары қан айналасы бұзылғанда, жүрек жетімсіздігінде, артериалық гипертензияда беру керек.

Пропофол-көктамырға енгізілетін дәрі,анестезияны 30 сек кейін шақырады, егу орнында қатты ауырсыну болғанымен флебит тромбоз шақырмайды. Пропофол наркозынан ояну тез, аракідік тырысу, діріл, елестеу, астения, жүрек айну, құсу болвп, бас іші қысымы артады. Операциядан кеиін қызудың көтерілуі, сексуалдық тежелу, анафилактикалық реакция жағдайлары кездесетіні белгілі. Пропофолды аллергияда, гиперлемияда, ми қан айналасының бұзылуында, жүктілікте, 1 айға дейінгі нәрестелерге қолданылмайды.

Кетамин-наркоз дамуында ауырсыну болмайды,есі жартылай бұлыңғырланады, рефлекстер жоғалмастан,қаңқа еттерінің тонусы сақталады. Кетамин рецепторлардың антогенистері ретінде нейрондардың иондар ауыртпалығын жеңілдетіп, осыған байланысты неврологиялық жетіспеушілікті болдырмайды. Қарсы көрсеткіштері: ми-қан айналасының бұзылуы, артериялық гипертензия, эклампсия, жүрек жеткіліксіздігі, қояншық және басқа да тырысу аурулары. Мидазолам-көктамырға енгізгенде наркоз 15 минут бойы,бұлшық етке енгізгенде 20 мин болады. Тырысуға қарсы әсер етеді, тыныс алу орталығын тежейтіндіктен мидазолам наркозын өкпені тек жасанды желдендірумен бірге жүреді.

Гексенал, тиопентал натрий-гексенал бауырдағы цитохром 450-мен тотығып,алмасу өнімдері наркоздық әсер етпейді. Тиопентал май тіндеріне жиналып, сағатына оның 15% бауырда тотығады. Тоығу 40 сағатқа созылады. Гексенол мен тиопентал натрийді бауыр, бүйрек ауруларында, қызбада гипоксияда, жүрек жетімсіздігінде, мұрын жұтқыншақ қабынуында беруге болмайды.

Натрий оксибутираты-кіріспе және базисты наркозға, толғақ ауруын басу үшін шокқа қарсы дәрі ретінде, гипоксияны кешенді емдеу үшін, мидың гипоксиясын емдеуде беріледі. Миастения мен гипокалиемияда беруге болмайды.

3.Этил спиртінің фармакодинамикасы.Созылмалы алкоголизімді емдеуге арналған дәрілер.Әсерінің механизмі. Этил спирті-өзіне тән спиртті иісі,күйдіргіш дәмі бар мөлдір ұшқыш сұйық,тез тұтанады,жанады,кез келген қатынаста сумен,эфирмен,хлорформмен араласады.Этил спирті молекуласындағы полярлы,гидроксил мен полярсыз этил радикалының бірге болуының арқасында жақсы еріткіш болады,тұнбалар,экстракттар,сыртқа қолданатын дәрілер дайындауда пайдаланылады.Организмде аз мөлшерде эндогенді алкогол болады,оның қандағы концентрациясы 0,004-тен0,01% болады. Этил спирті терінің сезімтал талшық ұштарын тітіркендіріп,сегментарлы трофикалық рефлекстерді қоздырып,ауырсынуды басып,жеңілдетуші әсер береді.20-40%, мөлшерінде бронхиттерде,радикулитте жылытқыш компресс ретінде,отиттерде құлаққа тамызу үшін пайдаланылады.Этил спирті резорбтивті әсерінде наркозға арналған дәрілер тәрізді,ООЖ-не тежегіш әсер көрсетеді.Спирт наркоз үшін қолданылмайды,себебі наркотикалық әсерінің кеңдігі өте тар және наркоздың агональды кезеңіне тез өтеді,ал қозу кезеңі керісінше ұзақ болады.Сонда да спирттің анальгетикалық қасиетін медициналық тәжірибеде пайдаланады:этил спирті шокқа қарсы сұйықтықтардың құрамына кіреді.Спиртті жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш,бырыстырғыш және антисептикалық әсері бар,сондықтан медицинада тек антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі ретінде қолданылады.Этил спиртінің қайта сіңу әсері оның қандағы мөлшеріне әсері оның қандағы мөлшеріне әсері оның қандағы мөлшеріне әсері оның қандағы мөлшеріне,яғни уытты кинетикасына байланысты.Созылмалы алкоголизммен 5-10% ерлер,3-5% әйелдер ауырып,халықтың 1, 5%-да алкоголь психозының көріністері болып тұрады.Әсіресе әйелдер маскүнемдігінің әлеуметтік қаупі зор,себебі балалары да ішімдік ішуге тартылады.Алкоголді ішімдікке үйрену көбінесе 13-14 жастан басталады.60-80гр.әр тәулікте қабылдау созылмалы маскүнемдікке тез соқтырады.Ішімдікті шектен тыс қабылдайтын адамдар дейін жасай алмай,уланудан жараққаттардан,полииейроэнцефалопатия,геморрагиялық инсульт,кардиомиопатия,мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігі,жіті немесе созылмалы панкреатиттен қайтыс болады.Созылмалы маскүнемдіктің патогенезі мидың медиаторлық жүйесі функциясының бұзылуына ,сонымен бірге нейрондардың көмірсутек және энергетикалық метаболизмінің бұзылуына байланысты.Этил спирті эйфория мен қимыл тынымсыздығы жағдайында дофамин синтезін арттырып,мембрана жүйесінің синапстарында,жолақ денеде,гипоталамус пен ортаңғы мида дофамин мен норадреналин бөлінуін арттырады,нәтижесінде осы нейромедиаторлардың қалдықтарын қайтадан шығарып,көңіл күйдің жақсаруына әкеледі.Сонымен психикалық тәуелділік дамиды.Дофамин мен норадреналиннің метилденген туындылары мінез бен қимыл әрекеттерді өзгертеді. Созылмалы маскүнемдікке психикалық,физикалық тәуелділік пен үйренгіштік тән.Эмоционалды тұрақсыздық,ауыр депрессия мен өзіне қол жұмсауға дейін ,интеллект пен есте сақтау қабілетінің қарқынды нашарлауы байқалады.Қандағы спирттің мөлшері 3-4г\л болса да седативті нәтиже бермейді.

4.Ұйықтататын дәрілер,әсерінің механизмі.Ұйқының құрылысына әсер етуі. Ұйықтататын дәрілер ұйқыны,ұйықтауды және ұйқының қажетті тереңдігі мен ұзақтығын қамтамасыз етеді,ұйқысыздықты емдеу үшін қолданылады.Ұйқының 2 кезеңі болады:жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы.Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу,бездің секрециясы,биологиялық белсенді заттардың бөлінуі,артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады.Бұл саты ұйқының 75% құрайды.Жедел ұйқы кезіңінде адам түс көреді,ол қайталанып отырып,ұйқының 25%құрайды.Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды,невроздарды шақыруы мүмкін.Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тіртібін бұзбас үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеп,тыныш ұйықтауға жағдай қажет.Егер де бұл тәсіл тиімді болмаған жағдайда,ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ұйқының қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етеді. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:а)Барбитур қышқылының туындылары:Фенобарбитал,Этаминал-натрий,Эстимал,Циклобарбитал, Циклобарбитал-диазепам.б)Бензодиазепин туындылары:Нитразепам,Флунитразепам,Триазолам,Мидазолам,Флуразепам,Лоразепам,Темазепам.в)Басқа да химиялық қосылысты дәрілер:Зопиклон,Золпидем,Доксиламин,Бромизовал,Метаквалон,Геминейрин,Хлоралгидрат,Натрий оксибутираты,Фенибут.Ұйықтататын дәрілік заттардың әсер ету механизмі ОЖЖ-ң табиғи тежеуші ГАМҚ(гамма-амино май қышқылы)медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысына өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді.Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді.Ұйқы келу процессі бұзылуынан басқа,ұйқы шала және ол жиі оянып,қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді.Егер ұйқы тез оянумен өтетін жағдайға,оянған кезде әсері қысқа немесе ұйықтар алдында әсері ұзақ дәрілер белгіленеді.Фармакологиялық әсері-аз мөлшерде тыныштандыратын,ал орташа мөлшерде ұйықтататын,тырысуға қарсы,анксиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.Ұйықтататын дәрінің әсері-бұл екі жүйенің өзара байланысып,гипногенді жаққа ауысуымен болады.Шынымен көптеген ұйықтататын дәрілер,мыс барбитураттар ми бағанасының белсендіргіші жоғарылаған торлы құрылымына тежегіш әсер көрсетеді,бұл ұйқының дамуына әкелуі керек.Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған-ол гипногенді,ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер.Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер ісдестіруге мүмкіндік беріп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]