Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_bloook_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.29 Кб
Скачать

46 Юнг темперамент анықтау тест

Карл Густав Юнг(1875- 1961) - швейцарлық психолог және психиатр. 1910-1913 жылы кейін 1933 жылы Цюрих университетінің доценті, психоаналитикалық мектептің Цюрихтағы бұтағын қалаушы САНГВИНИк Бет-әлпеті құбылмалы және қозғалысы анық. Оның жүзіне қарап көңіл-күйін, адамға деген қарым-қатынасын аңғаруға болады. Зейінін тез аударады. Жаңа адамдармен тез тіл табысады. Өте қажырлы, әрі жұмысқа қабілетті. Сабақта қолын жиі көтереді. Шаршамай көп уақыт жұмыс істей алады. Жаңа іске асқан белсенділікпен кіріседі. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз, көңіл-күйін лезде өзгертеді. Өте қызба. Әсершіл, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай, басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді. Қозғалғыш та қызу. Еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы түрі мен қимылы әйгілеп тұрады. Бірсыдырғы, жай істелетін жұмысқа шыдамы жетпейді. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді. Мимикалық қимылы көп. Ақ жарқын, ашық. Жарнаманы, жаңалықты тез қабылдайды. Жедел қимыл, шапшаң сөйлеу, жұмысқа бірден кірісіп кету тән. Ақыл-ойдың шапшаңдығы, тапқыштығы бар. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынысы көп, дегенмен тез басылып қалады. Бастаған ісіне тиянақты болмай, ісі аяқсыз қала береді. Уәде береді, бірақ оны үнемі орындай бермейді. Өкпелеп қалуы оңай, өкпелемесе жылап жібереді. Алайда ренжігенін лезде ұмытады. Өзінің эмоциясын, ренішін жасырмайды.

ФЛЕГМАТИК Жайбасар, сыртқы көрінісі салмақты, мінезі ауыр. Мақсаты айқын. Өз ісіне ұқыпты. Флегматикке аз уақытта әр түрлі бірнеше жұмысты қатар алып жүру ұнамайды.  Флегматик жұмысқа үлкен дайындықпен асықпай кіріседі. Жұмыс істеу жылдамдығы орташа. Ол бастаған ісін соңына дейін тыңғылықты орындап шығады. Ол өз ісінің сапалы болуына ерекше  көңіл бөледі. Өзі жақсы білетін жұмысқа тыңғылықты кіріседі. Оған «өте баяу, жайбаратсың» деп ренжудің қажеті жоқ. Себебі бұл  оның еркінен тыс нәрсе. Флегматикті күлдіру де, ренжіту де оңай емес. Олар шыдамдылығымен, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Қимылы, сөзі баяу. Жаңа ортаға бірте-бірте жай бейімделеді. Жаңа адамдармен тіл табысуда қиналады, сыртқы таңданысын білдіре бермейді.

ХОЛЕРИК

Адамдармен қарым-қатынаста тік, дегенмен шешімге келгіш. Айтыс-тартыста тапқыр. Кек сақтамайды. Ұстамсыз, қызба мінезді. Шыдамсыз. Әңгіме кезінде сезімді бет қиымылмен, құбылыспен жеткізеді. Тәуекелшіл. Жұмысты жылдам істейді. Бір орында тұрақтамайды. Кемшілікке төзбейтін, өз ойын дәлелдеу үшін бет бақтырмайтын әдеті бар. Холериктің сезімталдығы төмен болғанымен, белсенділігі мен сыртқы ортаны сезінуі жоғары. МЕЛАНХОЛИК Меланхолик бейтаныс адамдармен тіл табысуға қиналады. Күтпеген жағдайларда абдырап қалады. Өз күшіне сенбейді. Ұялшақ. Болмашы нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, сәтсіздікке жиі әсерленеді. Тез өкпелеп, тез ренжіп қалады. Өзімен-өзі болып, тыныш, қауіпсіз жағдайда жұмысты тындырымды істейді. Белсенділігі төмен. Тез шаршайды, жай сөйлейді. Әңгімелескен адамның мінез-құлқына еріксіз көнеді. Пікірталасуды қаламайды, белсенділік те көрсете бермейді. Ренжіген нәрсесін ұзақ уақыт ұмыта алмайды, жұмыс кезінде де соны ойлап, қателік жіберуі мүмкін. Сырт қарағанда сабырлы көрінгенімен, күйгелек және уайымшыл. Меланхоликті оқыту қиын, қорқыту одан да қиын.

47

48.Рөлдік ойындар- адамдардың нағыз өміріндегі іс-әрекеттерін ойынға қатысушылардың шартты түрде қайта жаңғыртуы. Оқу процесін жаңғыртуда рөлдік ойындарды қолданудың мүмкіншіліктері кең ауқымды.Жақсы ұйымдастырылған ойын оқу процесін арттырып қана қоймай сабақты жандандыра түседі.Сонымен рөлдік ойындар адам өміріндегі әртүрлі қарым қатынастарын құруға мүмкіндәік береді.

Рөлдік ойын-бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құл. н/е эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын ала берілген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.Рөлдік ойындар шағын (3-5 катысушы) жүргізіледі. Бұл рөлдік ойын әдісінің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол н\е басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, не басқа әрекет салдарын сезінеді,шешім қабылдайды. Р.о- белгілі бір талап тілекке жауап бері тиіс. Онсыз мұғалім табыска жете алмайды. Р.о ұйымдастыру барысында мұғ. оны адынала кімдермен,қандай әдіс арқ өткізетінін жоспарлап алу керек.Р.О мұғалім әр түрлі деңгейде өткізе алады.Ойынның пед\ада,оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманының белгілі болған 18ғ өзінен қ Руссо мен Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек дп түсіндірген.Ойынның сабақтағы басты мақсаты-білім беруді ойынмен ұштастыру.Р.О арқылы баланың;қисынды ой қабілеті,өздігінен жұмыс істеу,сөздікқор,зейінқалыптасады,байқампаздық,сыйластық,тәртіптілікке үйретеді.

49. Психогимнастика – бұл танымдық және эмоционалды жеке аймақты дамытуға және түзетуге бағытталған арнайы сабақтардың (жатттығулар мен ойындар) курсы. Бұл курста келесілерге басым көңіл бөлінеді:Айқын қозғалыс техника элементтерін үйрету; Эмоция мен жоғары сезімдерді тәрбиелеуде айқын қозғалыстарды қолдану; Өзіy – өзі таныстыру дағдыларын игеру. Бұл әдістеменіңжалпы міндеті балалардың психикалық денсаулығын сақтау және эмоционалдық бұзылудың алдын алу. Психогимнастика курсынан өткен балалар соңында, құрдастарымен қарым – қатынасқа жеңіл түседі, өзінің сезімдерін жеңіл білдіреді. Басқалардың сезімдерін жақсы түсінеді, мінездің оң қыры қалыптасады, жүйке жүйесінің көріністері ысырылады. Психогимнастика келесі жағдайларда қолданылады: Балалардың бойындағы қорқынышты жою; Мектепке баруға қорқу; Кіші және үлкен дәретті ұстай алмауымен байланысты бұзылулар;Эмоционалдық аймақтың бұзылуы; Тәртіп пен мінездегі қиыншылықтар; Психоматориканың бұзылуы; Сабақ барысында қолданылады: Әр түрлі ойын түрлері; Еркін және тақырыптық суреттер; Музыка; Театрландырылған іс – әрекет элементтнрі

«Психогимнастика» тар мағынада ойындар, этюдтарды білдіреді, оның негізінде топтағы коммуникацияның басты тәсілі ретінде қозғалу экспрессиясын қолдану жатыр. Бұндай психогимнастика топтық психокоррекцияның мәселелерін шешуге бағытталған, яғни қарым- қатынасқа  түсу, кері байланыстарды өңдеу және т.б. Кең мағынадағы психогимнастика - бұл адамның танымдық, эмоционалды-тұлғалық аумақтарын дамыту мен коррекцияға бағытталған арнайы жұмыстар курсы. Психогимнастика топтық жұмыстың вербальды емес әдісі ретінде әсерленулердің, эмоционалды жағдайларын, қозғалу, мимика, пантомимика арқылы мәселелердің айқындалуы, клиентке сөзсіз өзін көрсетуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл реконструктивті психокоррекцияның мақсаты- клиенттің тұлғасын тану мен өзгерту.

50. Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары- өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемаларымен бөліскеннен кейін пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерды жеке проблемаларымен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды. Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Психодраманы топтық жұмыстардың басқа әдістемелерімен (мысалы топтық дискуссия, психогимнастика) комплексті түрде қолданған тиімдірек болады. Психодраманың негізгі міндеттері:Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну;Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең және адекваттылығна қол жеткізу;Конструктивті емес қылық- әрекеттік стереотиптерді және эмоционалды әсерлену тәсілдерін жеңу.;Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты әрекет- қылықты қалыптастыру.Топтық жұмыстың құрамдас бөлігі ретінде психодрама эмоционалды бұзылулармен коррекциялық жұмыста, кейбір психосоматикалық ауруларда, балалармен және жеткіншектермен жұмыста, сонымен қатар жанұялық психокоррекция жұмысында кең түрде қолданылады.