Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.49 Кб
Скачать

1-билет

1. ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы.

2. Жай сөйлем түрлері: хабарлы сөйлем.

3. Берілген сөйлемнің ішінен мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

Әңгіменің негізгі арқауын қамту үшін, оған Б. Момышұлының саяси, философиялық, әскери көзқарастарын білдіретін бірнеше жанама сұрақтарға жауабын жалғастыруым қажет. Ел сүйген ойлы ұлдың этика, мораль, тәрбие мәселелеріне байланысты пікірлерін жалғастыру үшін, жаңағы айтылғандарды өрбітіп, қиюластыру қажет. Біз жазатын нәрсенің жанры – сұхбат, естелік, әңгіменің сипатын танысын деп, астасқан ойды диалог түрінде құрды. Өзіне ерекше мектеп болсын деп, әр ұлт адамдарымен қызметтес болды. Жаным – арымның садағасы, халқым үшін жаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Өз елінің бағасын біліп, оны қадірлеу үшін, өз халқыңа үлкен сүйіспеншілікпен қарауың керек.

Ответы:

1.ҚР-ның «Тілдер туралы» Заң.Сол тарихи кезеңдегі басты оқиғалардың бірі – 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заң еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді. Осылайша, тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен ұлттық тіл қоғамды жұмылдырушы, әрі біріктіруші күшке айналды.

2.Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).

2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).

3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).

4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).

2-билет

1. Әлеуметтік сақтандыру түрлері (сақтандыру компаниялары).

2. Сұраулы сөйлем.

3. Төмендегі сөйлемдерді қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер болатындай етіп, қазақ тіліне аударыңыздар.

Стало так тихо, что с балкона я слышала голоса детей. Хочу трудиться так, чтобы родители гордились мной. Галя читала письмо так, что ясно слышалось каждое слово. Выпив воды, они утолили жажду. Работа закончилась до того, как пришел Арман. Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его.

Ответы:

1.Әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі; экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

2. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем жолмен жасалады:

1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?

2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

3.Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?

3-билет

1. Заман және заң.

2. Жай сөйлем түрлері: лепті сөйлем.

3. ҚР «Тіл туралы заңынан» үзіндіні аударыңыз.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Ответы:

1. Заң және заман

Ал қазіргі кезде елімізді басқару жүйесі негізінен алғанда сол баяғы заманға бір табан жақын болғанымен, талай сатылардан өтіп, жетіліп, адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуына көп көңіл бөлінуде. Егемендігімізді алған 20 жылдан аса өзіміздің Ата Заңымыз – Конституциямызды қабылдап, онда елімізді басқару жүйесін анықтап, құқықтық, зайырлы мемлекет болуға қол жеткіздік

2. Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары көңіл-күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу сияқты мақсатта айтылады да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады. Мысалы: Пай-пай мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар! Мына үй қандай әдемі! (Как красив этот дом!) Да здравствует наша Родина! Қымбатты достар!

4-билет

1. Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты.

2. Жай сөйлем түрлері: бұйрықты сөйлем.

3. Төменде берілген сөздерді бос орындарға қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

... деп кімді айтамыз? Статистика ұйымдарының ... қарағанда, бір сиыры бар ауыл тұрғыны жұмыссыздар қатарына қосылмайды екен. Сол сияқты базарда ... арқалап, ... сүйреп жүргендер де жұмыс істейді деп есептеледі. Олардың ... қорына бір тиын да аудармайтыны, еңбек ... жүрмейтіні, ауыра қалса, ... ала алмайтыны, оны айтасыз, қалада тіркеуде болмағандықтан ... емделе алмайтыны, ешқандай ... пайдалана алмайтыны, үй ... тұра алмайтыны, тіпті, ... да қатыспайтыны бүгінгі таңда жасырын емес. Жоғары оқу орнын бітірген көптеген жастар, өкінішке қарай, ... бойынша жұмыс істемей, базар немес көше жағалап жүр.

Бос орынға қоятын сөздер: жеңілдіктер, тегін, арба, зейнетақы, қап, өтілі, мәліметіне, кезегіне, жұмыссыз, сайлауға, мамандықтары, жәрдемақы