Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
астрономия билет отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.4 Кб
Скачать

53. Құйрықты жұлдыздар құрылысы: ядросы, басы және құйрығы. Құйрықты жұлдыздардың жарқырау механизмі. Құйрықты жұлдыздардың ыдырауы.

Комета (гр. kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады.

Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқа кезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқа кезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады.

БұғанСатурн,Уран және Нептун (соңғысына әйгілі Галлея кометасы жатады) да әсерін тигізеді.Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді.Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды.

Номенклатура

Өткен ғасырда кометалардың атау ережесін бірнеше рет өзертіп, анықтаған. XX ғасырға дейін оларды тапқан жылына байланысты атаған,кейде табылу жылы мен маусымына да байланысты атаған.Өйткені ,ол жылы кометалар саны бірнеше болған жағдайға байланысты. Мысалы: «Үлкен комета 1680 жылғы» ,«Үлкен 1882 жылдың қыркүйегіндегі комета» , 1910 жылғы күндізгі комета», «1910 жылғы қаңтардағы үлкен комета» Галлей 1531,1607 және 1682 жылғы кометалардың бір екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета Галлей кометасы деп аталады. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, Эдмунд ГаллейИоганн Энке-Оскар Баклунда т.б) XX ғасырдың басында кометалардың ашылуы жекеменшік құбылыс бола бастаған кезде, келісім бойынша үш тәуелсіз бақылаушы болған кезде аты берілетін болды.Бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда оларды бірнеше ғалымдар құрамымен көптеген құралдармен анықтай бастаған. Бұл жағдайда оларға құралдардың атауы беріле бастады. Мысалы: комета C/1983 H1 (IRAS — Араки — ОлкокаIRAS спутнигімен ашылды және астрономияны зерттеуші Гэнъити Араки (жапон. Genichi Araki) жәнеДжордж Олкокпен (ағылш. George Alcock. ) арқылы.Бұрында егер бірнеше астрономдар кометаны тауып алса , олардың атына номерлер тіркескен. Мысалы Шумейкеров –Леви1-9 Қазір көптеген құралдардың арқасында кометалар ашылу қатары көбейген және бұл жүйе жарамсыз болып қалды.Бұның орнына кометаларды белгілеудің арнайы жүйесі құрылды.

1994 жылға шейін ашылған кометаларға уақытша белгілер беріледі, олардың ашылу жылына байланысты және латын әріптерімен белгіленген.(Мысалы: 1969і кометасы ,1969 жылы ашылған тоғызыншы комета болатын)Содан кейін оған зерттеу жүргізіліп,оның орбитасын (планеталық жолын) анықтағаннан кейін рим цифры мен зерттеліп, анықталған уақытын жазған. Мысалы 1969 і кометасын 1970 жылы зерттеуден өткен, анықталған 1970 ІІ комета деген ат берілген. (бұл 1970 жылы зерттелген екінші комета дегенді білдіреді) Кометалардың ашылуының көптігіне байланысты бұл жүйе өте қолайсыз болды.1994 жылы Халықаралық астрономиялық бірлестік кометалардың басқаша жаңадан белгілеу жүйесін қолдады. Қазір кометалардың атауына ашылған жылы, әріп- ашылған айдың белгісін білдірсе және номері күнін белгілейді. Бұл жүйе кіші планеталар астериодтар секілді белгіленетін болды Сол себепті 2006 жылдың ақпан айының екінші жартысында ашылған төртінші комета 2006 D4 деп аталады. Кометаларды белгілер алдында кометаның табиғатын көрсететін перефикс қойылады. Мынандай перефикстер койылады: P\- қысқакезеңді комета (бұл 200 жылдан кезеңнен аз комета немесе екі және оданда көп зерттеуден өткен комета)

C\- ұзақкезеңді комета

X\- планеталық жолын анықтай алмаған комета

D\- бұзылған не жоғалған кометалар

A\- комета екен деп қателесіп санаған басқа объект ,шын мәніндегі астероидтер

Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Кометалар ортасында ядросы бар жан-жағы тұманды қабықшадан тұрады. жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. . Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындағанда жарық кометаның «құйрығы» сызығы пайда болады. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен.

Кометанаң құрығы формасы мен ұзындығына байланысты ажыратылады. Кеәбіреуінде бүкіл аспан кеңістігінде созылып жатады. Мысалы 1944 жылы анықталған кометаның құйрығы 20 млн.км. ұзындықта болған. Сондай-ақ кометадан құйрықтың бөліну жағдайлары да тіркелген. (C/2007 N3 (Лулинь)).

Кометаның құйрығы белгілі бір сызбаны көрсетпейді, олар мөлдір оның ішінен жұлдыздарды да көруге болады өйткені, олар сиретілген заттан құралған (оның тығыздығы оттықтың шығарылған газынан да төмен) Оның құрамы әртүрлі : газ немесе ұсақ тозаңдар немесе екуінің де қоспасынан тұрады. Көбінің құрамы Күн жүйесіндегі астероид материалдарының құрамына ұқсас. Ол 81P/Вильда кометасын «Стардаст» ғарыштық аппаратпен зеттегенде анықталды. Бұл негізінде « көрінетін бірдеме»: адам кометаның құйрығын газ бен тозаңның жарқырағанынан ғана көре алады. Күннің иондалған ультракүлгін сәулесі арқылы газ жарқырайды, ал тозаң күн сәулесін шашылуынан байқалады. Феодор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады.

Кометаның құйрығымен пішінін (формасын) ХІХ ғасырда (1831-1904 жылы) орыс астрономы Федор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады. Бредихинге жаңа замандағы астрономиядағы құйрықты жұлдыздардың классификациясы да тиесілі. Бредихин кометалардың құйрығын негізгі үш топқа бөлді: Күннен түзу бағытталған түзу және қысаң, Күннен тысқары кең және қисайған, Күннің ортасынан алыстау қысқалар деп бөлген. Астрономдар кометалардың құйрығының әртүрлі пішінін келесі түрде былай деп түсіндіреді. Кометалардың құрылған бөлшектері бірдей болмауына байланысты күн сәулесіне жарқырауы да әртүрлі . Сол себепті олардың жолы кеңістікте бөлінеді, ал ғарыштағы саяхатшы кометалардың құйрығы әртүрлі пішінде өзгеріп отырады.

Комета дегеніміз не? Олар туралы астрономдар қажырлы еңбектері арқылы 1986 жылыГаллея кометасына ғарыштық аппарат в «Вега-1» және «Вега-2» және европалық «Джотто»арқылы «сапар» шегуінің арқасында анықтады.Осы аппараттарға орнатылған көптеген құралдар арқасында Жерге комета ядросының суретін, оның құрамы туралы мәліметтер жіберілді. Сөйтсе, Галлея кометасының ядросының құрамы кәдімгі мұздан және тозаң бөлшектерінен құралған екен .Мұз бен тозаң кометаның қабықшасын құрайды, ал Күнге жақындаған кезде- күн сәулесінің қысымымен буланып құйрық пайда болуы сондықтан.

Галлея кометасының ядросының өлшемі , ғалымдардың анықтауы бойынша бірнеше километрге жетеді:ұзындығы-14, 7,5-кеңдігі

Галлея кометасының ядросы дұрыс емес пішінді және өз білігінде айналады,оны неміс астрономы Фридрих Бессель (1974-1846) жылы жорамалдаған және кoмета орбитасының бетіне перпендикуляр. Айналу кезеңі 53 сағатқа тең және бұны астрономдардың анықтауы мен келісімімен зерттелген. 2005 жылы НАСА-ның ғарыштық аппараты «Дип Импакт» Темпеля 1 кометасына зонт тастап, Жерге оның бетіндегі суретін жіберген.

Кометаның массалық салмағы түкке тұрғысыз–Жер салмағына қарағанда миллиард есе кем . ал құйрығындағы зат тығыздығы нөлге тең. Сондықтан «жер қонақтары» Күн жүйесіндегі планеталарға ешқандай әсері жоқ. Мысалы 1910 жылы мамыр айында Жер Галлея кометасының құйрығының ішінен өткенде Жер қозғалысына ешқандай әсері болмаған.

Басқа жағынан қарағанда, үлкен кометалардың басқа планеталармен соқтығысы үлкен көлемде атмосфераға және планетаның магнитосферасына залалын келтіреді . Ондай соқтығыстарды жақсы және сапалы зерттеген кез Шумейкеров-Леви 9 кометасының Юпитермен 1994 жылы шілде айында соқтығысынан байқалған.