- •9.Әлеуметтік институттар функциялары
- •11.Әлеуметтік топтардың анықтамасы
- •12.Стратификация негізгі анықтамалыры
- •13.Қазіргі дамыған елдердің стратификациялық жүйелері
- •14. Орта тап теориясы
- •15.Стратификациялық жүйелердің түрлері
- •17.Әлеуметтік мобильділік:ұғымы және түрлері
- •18. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектсі ретінде
18. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектсі ретінде
Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.
Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.
Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:
а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.
ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.
б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).
в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.
Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.
Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.
Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.
19.Тұлға құрылымы
2) Тұлға құрылымы – тұлға қасиеттерінің бірлік жүйесінде.
2) Тұлға құрылымы – тұлға қасиеттерінің бірлік жүйесінде.
Биологиялық құрылымы – индивид ретіндегі адам қасиеттерінің жүйесі: жыныс, жас, жүйкелік – физиологиялық қасиеттер, физикалық мәліметтер, темперамент.
Психологиялық құрылымы : психикалық таным процестері, тұлғаның эмоционалды – еріктік қасиеттері.
Психологиялық құрылымы : психикалық таным процестері, тұлғаның эмоционалды – еріктік қасиеттері.
Әлеуметтік құрылымы – тұлғаның қоғамдық тәжірибесі: білімі, шеберлік, дағдылар.
Тұлғаның бағыттылығы - өмірлік мақсаттар, түрткілер, қызығушылықтар, бейімделулер, идеалдар, дүние көзқарасы, сенімі, мінез және қабілеттер.
Тұлғаның бағыттылығы - өмірлік мақсаттар, түрткілер, қызығушылықтар, бейімделулер, идеалдар, дүние көзқарасы, сенімі, мінез және қабілеттер.
Тұлға құрылымы динамикалы, өйткені тұлға қасиетітері үнемі даму үстінде болады.
Тұлғаның бағытталығы оның мақсатында, болшақтық жоспарында, талаптануында, әлеуметтік позицияларында көрінеді.
3) Тұлға белсенділігінің қайнар көзі – қажеттіліктер.
3) Тұлға белсенділігінің қайнар көзі – қажеттіліктер.
Қажеттілік – нақты өмір шарттары мен дамуына қажет болатын тұлғаның жағдайы.
Қажеттіліктер – туындауына байланысты: тарихи және мәдени;
Тұлғаның даму деңгейі байланысты: биогендік, өзіндік бекітілуі, өзіндік дамуы, қоғамдық – саяси, адамгершіліктер;
Тұлғаның даму деңгейі байланысты: биогендік, өзіндік бекітілуі, өзіндік дамуы, қоғамдық – саяси, адамгершіліктер;
Қанағаттану сипатына байланысты: материалды және рухани болып бөлінеді.
Еңбекке қажеттілік – тұлғаның маңызды қажеттілігі.
Тұлғаның қалыптасу факторлары: тұқым қуалаушылық, орта (микро –және макро- ), оқу және тәрбие, іс - әрекет.
4) Тұлғаның қалыптасу факторлары: тұқым қуалаушылық, орта (микро –және макро- ), оқу және тәрбие, іс - әрекет.
Негізгі фактор – әлеуметтік – тарихи тәжірибені меңгеруге бағытталған іс-әрекет.
Тұлғаның қалыптасуы интериоризация көмегімен жүзеге асатын әлеуметтену болып табылады.
20. «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Әлеуметтңк рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.
Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез-құлқы.
25. Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
32. Саяси әлеуметтану - арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер,институттар мен ережелер арқылы зерттейді. Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон,Аристотель сияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдары Н.Макиавелли, А.Токвильмен қалыптастырылған.
Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:
1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;
2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;
3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;
4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.
Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.
Саяси әлеуметтану әдістері - макросоциологиялық және микросоциологиялық болып бөлінеді. Макросоциологиялық ұстанымда биліктің әлеуметтік негіздері, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдардың саяси үрдіске ықпалы анықталады, ал микросоциологиялықта нақты саяси институттар әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, эксперимент, социометриялық әдістері қолданылады.
33. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.[
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
37. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамнының қалыптасуы мен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы – кіші әлеметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл ірге тас үйленумен құрылды. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осындай іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меңшіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногомиялық ( бір некелік ) отбасы мен ауысады. Принципінде отбасы – тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дің, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әртүрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – экстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет. Сондықтан да қоғам некелік - отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата – аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сыйпаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет – ғұрыптары, әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның қоғаммен қатынасының жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық - әлеуметтік құрылымның негізі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының қызметі оғамдық – тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.
38. Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді. Бірақ жұбайлардыңн балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай. Мысалы патриархальды отбасы – шаруашылық экономикалық қажетіліктен туған. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі – зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына интермелейді. Мыс. Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізіледі. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресустарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытай шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті. Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық – экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметті қазіргі уақытта бірінші орынға көтеріледі, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі – зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазіргі жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық – тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды. Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата – аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет. Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады. Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады. Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдін не болмаса ерінің бірге тұратын туыстары, немере - шөберелерден тұрады. Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық. Бала санына байланысты 4 түрі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа ( екі балалы ) 3. Бір балалы; 4. Баласыз отбасылар. Отбасы әр түрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына қарай, табысына қарай да отбасы жоғары, орта, төмен болып бөлінеді.
39. Отбасының типтері. Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады. Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.
40. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы[өңдеу]
Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Туыстық және туысқандардың түрлері[өңдеу]
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда — атасы болып табылатын көкесі менжиені.
Қазақ тілінде туыстықтың әр түрлі дәрежесін білдіретін сөз, ұғымдар көп: мысалы, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Мұны қазақ коғамында ұрпактар арасындағы байланыс ерекше жақындықпен ажыратылатындығы арқылы түсіндіруге болады. Сондыктан да әрбір ұрпақтың жеті атаға дейінгі өз атауы болады.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.
Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады. Қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіруін өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына кұқығы жок. Сондай-ақ мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет етуі мүмкін.
Туған ағалары мен қарындастары толык туыс және толык емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері баска болса, оларды бір кіндіктен таралғандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бip, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар дер атайды. Қазақстанның отбасылык заңнамасы құқықтық жағынын ағасына іні-қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толык емес туыс аға-қарындастарды ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға-қарындастармен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жок, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның туыстары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары — екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке-шешесі және өгей ер бала мен кызы да сүйек жақындар деп есептеледі.
Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы[өңдеу]
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау[өңдеу]
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы.
Екінші түрі — отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.
Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.
43., Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық, парасат, ақыл-ой, ізгілік, пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен қатар, мәдениет - адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Оны латын тілінде аударғанда «байлау», екінші «қайта оралу» дегенді білдіреді. Дін адам жанынан туындыайтын дүние. Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Дін қоғамды бүкіл адамзатты жақсылыққа бастаушы. Барлық діндердің ортақ ерекшелігі- халықты тіәртіпке, мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, инабаттылыққа шақырады. Дін мәдениетпен шектелмейді. Ол мемлекетпен, саясатпен, басқада түрлі салалармен тығыз байланысты. Дінсіз қоғам, мемлекет болмайды. Ғылым мен өнер - екі фундаменталды мәдениетке және екі дүниетанымға негізделген феномен Әрбір дәуірдің өз үстем жақтары бар, солармен қатар дүниетанымның шеткі формалары бар, дегенмен олар да адамзат қоғамының дамуында елеулі рөл атқарады. Мысалы, орта ғасырдағы Еуропа дәстүрінде христиан діні басым болды, ресми түрде де, халық санасында да басымырақ көрсетті, ал ғылым бедерсіз бір түсті, элиталық түрдегі дүниетаным, ағартушы монахтар мен жаңадан пайда бола бастаған ақсүйектік университет төңірегінде танымал болды.
44. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттықтұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік),демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық,шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
46. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж.француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кездеэлектронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мем¬лекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
