- •9.Әлеуметтік институттар функциялары
- •11.Әлеуметтік топтардың анықтамасы
- •12.Стратификация негізгі анықтамалыры
- •13.Қазіргі дамыған елдердің стратификациялық жүйелері
- •14. Орта тап теориясы
- •15.Стратификациялық жүйелердің түрлері
- •17.Әлеуметтік мобильділік:ұғымы және түрлері
- •18. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектсі ретінде
11.Әлеуметтік топтардың анықтамасы
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саясиықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
Шағын топ - барлық мүшелерінің арасында тікелей қатынас болатын әлеуметтік топ, оның синонимі қатынастық топ.
Атаулы топ - талдау мақсаты үшін мағынасы зор бірқатар белгілер бойынша бөлінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, жас, ой өрісі тұрғылықты орны бойынша топтар.
Алғашқы топ - негізінен бастапқы әлеуметтенуді индивидтін басқа топтарға кіруін қамтамасыз ететін шағын топтың бір түрі (отбасы, жасты адамдардың, достардың топтары, кейде көршілер топтары).
Референтті топ - әлеуметтік салыстыру процесінде индивидтер үшін үлгі ретінде болатын, олар өзінің әлеуметтік жағдайын, мінезқұлқы мен ұстанымдарын салыстыратын нақты немесе елестетілетін әлеуметтік топ.
Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.
Ресми топ - заңды статусы бар, әлеуметтік институттың, ұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы институт немесе ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі шеңберінде белгілі бір нәтижеге (өнімге, қызметке, т.б.) жетуді мақсат тұтатын әлеуметтік топ.
Этникалық топ - ядросы басқа әлеуметтік ағзаның құрамында болатын этностың (тайпаның халықтың, ұлттың) бөлігі («Сынығы»).
Топтық динамика - белгілі бір уақыт арасында бір топта пайда болатын және топтың бір кезеңнен бір кезеңге қозғалуын, яғни оның дамуын бейнелейтін динамикалық процесс жиынтығы.
Тендер тобы - тең статусты индивидтер тобы. Термин көбінесе отбасының иерархиялық тәжірибесіне қарағанда өз жасындағылар тобында әрекет ете отырып, әлеуметтенуіне әртүрлі ықпалды сезінетін балалар менжасөспірімдерге қатысты қолданылады.
Топтық динамика - әлеуметтік топтар ішіндегі интеракцияларға қосылған процестер. Әлеуметтану негізінен қақтығыстардың қысымы үлгісінің ауысуы, топ ішіндегі түзетулер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ, басқару стильдерін зерттеуге басты назар аударады.
Топтық терапия - психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді. Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік.
Топтастыру - бақыланатын объектінің бірліктерін маңызды белгілері бойынша біртекті жиынтықтарға біріктіру.[3]
Қысым топтары - мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.
Мүдде топтары - өзі үшін қолайлы және пайдалы шешімдерді қабылдау мақсатымен саяси институттарға ықпал етуге талпынатын ортақ мүдделер негізіндегі индивидтердің бірлестігі.
Тәуекел топтары - қылмыстық немесе делинквентті іс-әрекетті жасауға басқалардан қарағанда бейім халық категориялары.
Өзара көмек көрсету топтары - психологиялық денсаулықты калпына келтіру мақсатымен өзара көмек пен қолдау көрсету үшін құрылған қайғыға ұшыраған адамдар топтары. Бұл - лидер немесе координаторы болуы міндетті топтық терапия әдістемесінің бөлігі. Мұнда назар ортақ тәжірибені және ағымдағы эмоцияларды бірге қайта бастан кешіруге аударылады. «Менді» және басқаларды терең түсіну процесінде сауығу жүзеге асырылады.
