- •9.Әлеуметтік институттар функциялары
- •11.Әлеуметтік топтардың анықтамасы
- •12.Стратификация негізгі анықтамалыры
- •13.Қазіргі дамыған елдердің стратификациялық жүйелері
- •14. Орта тап теориясы
- •15.Стратификациялық жүйелердің түрлері
- •17.Әлеуметтік мобильділік:ұғымы және түрлері
- •18. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектсі ретінде
1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. Әлеуметтанудың функциялары. объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды. Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды: 1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты; 4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді; 5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. 2. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Әлеуметтану білімінің құрылымы — коғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл — ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын коғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым — әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар. әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі. Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілері шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылығы ерекше болады. 3. Әлеуметтану ғылымының қазіргі қоғамтану ғылымдары жүйесіндегі орны. Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін. Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын - саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия
17:44:20
материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді. 4. Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді. 5. «Қоғам» ұғымының анықтамасы. «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді. Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді. әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді. Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады. Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді. 6. Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсіл. Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты - қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру. Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы. Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді. 7. Қоғамның типологиясы. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi: Қарапайым қоғам- рулық-тайпалық қатынастарға, табиғи шаруашылдық формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай бөлiнуiмен, стихиялық түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және көбiнесе көшпендiлi өмiр сүру мен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе арқылы жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типы. Дәстүрлi қоғам- аграрлы революция нәтижесiнде көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда болуы мен моногамиялық отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару, өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу қатынастарының нығайтылуы және жеке меншiктiң пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени орталықтардың-қалалардың пайда болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен ерекшеленетiн қоғам типы (меншiк объектiсi- құлиленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiк-капитал). Индустриалды
қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 8. «Әлеуметтік институт» ұғымы. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.
9.Әлеуметтік институттар функциялары
Әлеуметтік институттар өздеріне тән әлеуметтік функцияларды атқарады. Бұл функциялар әртүрлі. Қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттар 4 топқа бөлінеді: 1. Экономикалық институттар: меншік, нарық, ақша, еңбек ақы, т.б. Бұл институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және оларды пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша ‑ тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы ‑ жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы. 2. Саяси институттар: мемлекет, сот, армия, парламент, саяси партиялар және т.б. Бұлар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырады. 3. Рухани институттар: ғылым, білім, дін, мәдениет, тәрбие, моральдық ережелер, т. б. Бұл саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді. 4. Отбасы саласындағы институттар: отбасы, ана, әке, неке, балалары, т. б. Бұл институттар ‑ әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. 5. Денсаулық институты (медицина мекемелері, спорт және туризм). 6. Ақпарат және коммуникация институты (коммуникация мен ақпараттың бұқаралық құралдары). Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады. Кез келген әлеуметтік институттардың негізгі мазмұндық қызметі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, өйткені олар сол үшін құрылды және сол үшін өмір сүреді. Осы бағытта әлеуметтік институттар қанша болса, олардың соншалықты қызметтерін айтуға болады: 1. Кәсіби іс‑әрекеттің жалпы ережелерін жасау жолымен субъектілердің әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету. 2. Әлеуметтік функция. Бұл адамдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды анықтайды, нығайтады және қайта пайда етеді. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын қалыпқа түсіреді, нығайту үшін құндылықтар жүйесін, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасайды. Институт шеңберінде оның мүшелерінің қызметін, өзара байланысы мен қарым-қатынасын тәртіпке салып, реттеп отыратын белгілі әлеуметтік бақылау қалыптастырады. 3. Қоғамдық өмірдің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етеді. 4. Біріктіруші функция. Бұл жалпы ережелерге байланысты әлеуметтік топтар, қауымдастықтардың бірігуі, бір-біріне бағыныштылығы, бір-біріне тәуелділік үдерістерін қамтиды, біріктіреді. 5. Коммуникативті, яғни байланыс функциясы. Бұл өзара әрекет және ақпарат алмасу негізінде жүзеге асады. Институт мүшелерінің байланысының өзіндік ерекшеліктері бар. 6. Трансляциялық функция. Бұл әлеуметтік тәжірибе ретінде көрінеді. Әрбір институттың өздерінің құндылықтары, нормалары мен мінез-құлықтары үлгілерін меңгеру негізінде индивидтерді әлеуметтендіретін белгілі тетіктері бар. Сонымен әлеуметтік ұйымдар мен институтар қоғамда аса маңызды функцияларды атқарып, миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өткізіп, оларды әлеуметтендіру үдерісінде айрықша рөл атқарады. 10.Әлеуметтік үрдіс.
Әлеметтік үрдістер – әлеуметтік институттардың және қоғамның тіршілік әрекетінің, әлеуметтік өзгерістерінің, әлеуметтік динамикасының негізі әрі қайнар көзі.
Әлеуметтік құбылыстар сериясы әлеуметтік үрдіс ретінде қарастырылатын болады, егер де ол уақытша ұзаққа созылса, оның алдыңғы кезеңдері қажеттілікпен содан кейінгі кезеңдері анықтайтын, бақыланатын қисынды жүйесі болса. Әлеуметтік үрдістер, сондай-ақ үздіксізділігімен және ұқсастығымен сипатталады. Мысалдарға жүгініп көрелік. Қазақстандағы соңғы 20 жыл ішіндегі оқиғалар мен құбылыстар елімізде шаруашылықтың тоталитарлық-жоспарлы жүйесінен нарықтық қатынастарға бірте-бірте өту күйін кешуін айғақтап отыр. Мемлекеттік құрылысты өзгерту, жекешелендіру, азаматтардың демократиялық бостандықтарын қалпына келтіру, ұлттық жандану осы өтудің мәнін айтарлықтай сипаттайды, оның жүзеге асыру механизмінің ажырамас элементтері болып саналады. Аталмыш сипаттардың бәрі өзара уақыт пен кеңістікте байланысқан, үздіксіздігі мен ұқсастығын сақтаған. Осылайша, бақылаудағы әлеуметтік құбылыстардың желісін әлеуметтік үрдіс деп сеніммен айтуға болады.
Көп түрлі әлеуметтік үрдістерді қоғамтанулық тұрғыда зерттеуді жүзеге асыру олардың спецификалық ерекшеліктерін және айрықша белгілерін есепке алуды талап етеді. Бұл ерекшеліктер неден тұрады? Олардың қатарына зерттеушілер: біріншіден, әлеуметтік үрдістердің жаппайлық сипатын жатқызады, бұл адамдардың бірлі-жарым әрекеттерін немесе әлеуметтік өмірдің жекелеген оқиғаларын әлеуметтік үрдістер деп атауға болатындығын көрсетеді. Екіншіден, әлеуметтік үрдістердің қоғамдық мазмұны, қайнар көздері мен нәтижелері жатады. Әлеуметтік үрдістер қоғамнан тыс іске аса алмайды, өйткені олардың мазмұнын адамдардың бір-бірімен немесе оларды қоршағанның бәріне қатысты қызметі, мінез-құлқы және әрекеті құрайды. Әлеуметтік үрдістерді әлеуметтік-саяси проблемалар туындатады және оларды жоюға бағытталады. Әлеуметтік-саяси проблемалардың өзі де қоғамның жемісі болып саналады.
