Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
844.8 Кб
Скачать

33.XVII - XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қатынасы

1718 ж көктемiнде Аякэз эзенiнiн жагасында казак-жонгар жасактарынын арасында 3 кунге созылган кантөгiс шайкас болды.Урыстың алғашкы екi кунiнде казак жағы басым болганымен бiрiмен бiрi кыргикабак болып журген Әбiлхайыр мен Кайып султаннын ынтымагы болмагандыктан шайкас акыры женiлiспен аякталды.Жонгарлардын казак жерiне каптап кiруi де, ойрат-жонгар тайпаларынын одагынын ныгаюы да шамалы узiлiспен 100 жылга созылган 3 жонгар билеушiлерiнiн атына байланысты. Олардын алгашкысы 1640ж ойрат тайпаларынын курылтайында барлык жонгарлардын билеушiсi-контайшы атагын алган Батыр.Бiрак контайшы батырдын шапкыншылыгын кезiнде алдымен Жэнгiр хан, одан кейiн Тәуке хан тойтарып отырды жэне эздерi де жонгарларга шапкыншылык жасап отырды. Казак-жонгар тартысындагы жагдай 18г басында айтарлыктай эзгердi. Бул кездегi жонгар билеушiсi Сыбан-Рабдан(1699-1727) Кытай империясымен араздасып калып, Кытайлыктар ойраттарды тубiрiмен жерден ыгыстырды.Сондыктан олар букiл халык болып Казакстан жерiне ауа бастады.Тэуке баласы Болаттын тусында казак ауылдарына жонгарлар тосыннан шапкыншылык жасады.Жау келiп калганда бейкам отырган ауылдар мен кыстаулардан адамдар баспана iздеп жан-жакка бытырады. Кiмнiн болсын ойлаганы бiр басынын камы, эйткенi жау жауыздык кэрсетiп, тиген жерiн эртеп,эшiрiп, енкейген

кэрi мен енбектеген кэрi нiде аямады. Бул сойкан халык есiнде «Актабан шубырынды,Алка кэл сулама» деген атпен калды.Казак батырлары курган кол 1726-1727ж кысында Торгай даласындагы Буланты, Бэлентi деген эзендердiн жагасында жонгар баскыншылары iрi соккы берiлдi. Кол жеткен женiс халык енсесiн кэтерiп тастады.

34. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе  жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және  пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы 5 қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында жауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттармен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады, оған Бөгенбай, Есет батырлар мен Құдайменде мырза қосылды. Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөгенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі арылған жоқ.

1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөгенбай батыр өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді. Алдағы оқиға көрсеткендей, Семеке Ресей империясымен келісімшартты сақтамауға тырысты: ресей бодандығындағы башқұрттарға шабуыл жасады. Жоңғар шабуылшыларының қаупі Орта жүздің беделді феодалдарын Ресейге олады өзінің құрамына алу туралы қайта жүгінуге оятты. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды. 1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде  Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]