9.1Кесте Бұрандалық профиль өлшемдері
9.8 Сұлба бастапқы тесіктің диаметрін есептеу үшін
М3-М6 таңбалағыштары үш жақтаулы болатын еді, ал М8-М16 таңбалағыштары төрт жақтаулы. Барлық таңбалағыштарының шарбақтық конус бұрышы дәл 1° тең. Тылдау профилі эксцентріктік жұдырықшасымен қолданылады.
Тесіктің бастапқы диаметрі d формула бойынша есептелді, металл көлемінің дәлдік талаптары жағдайындағы алынған, беттерді сығымдаушы және сіңдіруші. Сұлбадан шыға, 9.8 суретте келтірілген:
9.8 сурет
Формуладағы деректер бойынша келтірілген есептеулер бойынша М8 dmin = 7,387 мм 0,098 мм-рұқсатымен бірге бұранда үшін дайындама тесігінің минимальды диаметрі алынды, есептеулерде алынған ең үлкен және ең кіші диаметрлерінің арасындағы айырмашылығы сияқты. Сол дереккөздерде бұралу моментін өлшеу тесіктің диаметрі минимальды есептеулі диаметрге жақындайтынын,біресе бұралу моменті тез өсіп кететінін көрсетті.. Бұдан басқа осы жағдайда аспаптың сынуы және бұранда орамдарының олқылықтары жиі қаралады. Осы себепті таңбалағыштың беріктігі жоғарылату үшін, олардың сынуы және бұранданың орамдарындағы олқылықтардың минимальды есептеу диаметрінің көбею жағының қысқару жағдайын түзету керек. Сонымен М8 бұрандасы үшін деректер бойынша dmin = 7,145 мм-ді қабылдауын ұсынады, осыдан рұқсаты азайып және 0,071 мм-ге тең болады. Өндірістік жағдайда тесікті осындай рұқсатпен алюминий қорытпасында алу ерекше қиындықтарды туғызбайды.
Қорытынды
Келтірілген зерттеулер нәтижелері домалатпадағы бұранданы кесу процесін М8 бұрандасына арналған жоңқасыз таңбалағыш көмегімен ауыстыру ұсынылады, шарбақты конустың бұрышындағы бұранданың жүгіруін есептей 9° қабылданады, тылдау архимедтік спираль бойынша жүргізіледі және тылдаудың шыңы К = 0,5 мм құрайды, қырқұралдардың санын Z = 4 теңін қабылдаймыз, шарбақты конустың бұрандасы өзгеруші қадаммен орындалады, ал бұрандалық профиль топастанған шыңдармен орындалады, тесіктің диаметрі бұранданы кесу үшін d = 7,145 +0,071 мм өлшемдерімен орындалады.
Бұранданың таңбалану жылдамдығы жабысуы пайда болмайтынының есептеуімен = 25 м / мин қабылданады.
Осы ұсынылған бұранданың өңделу жылдамдығының орындалу нәтижесінде 8 есеге өседі, беріктігі және алынған бұранданың сапасын жоғарылатады, тесіктегі жоңқаны пакеттеу мүмкіндігі жойылады, аспапқа жабысуын және бұранда орамдарындағы олқылық мүмкіндігі жойылады.
2 Конструкторлық тарау
2.1 Икемқұралдың сипаттамасы және жұмыс істеу принципі
Дайындама қысқыштың еріндерінің арасында орнатылады және тіреу астына тіреледі. Күш пневноцилиндрдан қысқыш еріндеріне беріледі және дайындаманы қысу болады. Өзіндік центрлеу рычагты механизмді қолдану жолына жеткізеді.
2.2 Қысу күшін анықтау
Дайындаманы өңдеу процесінде күш жүйесі ықпал етеді. Бір жағынан кесу күші әсер етеді, дайындаманың қысқыштың ернінен жұлынып шығуға ұмтылатын, екінші жағынан қысымның күші, осыған бөгет болатын. Осы күштердің тепе-теңдік сәті жағдайынан шыға және қосымша коэффициент есептеуімен қысқыштың қажет күшін анықтаймыз.
Бекіту күші үш жазық беттермен алты тұрақты тіректерге орнатылуында мына формула бойынша анықталады:
(10.1)
К – қосымша коэффициент;
f1, f2 – түйіспе орындарындағы дайындамалардың тіректермен үйкеліс коэффициенті
f1, f2= 0,16
R – кесу күші және олардың құрауыштары
(10.2)
K0 - қосымшаның кепілдік коэффициенті;
K0 =1.5
K1 - коэффициенті, өңделіп жатқан дайындаманың беттеріндегі кездейсоқ тегіс еместігінен кесу күшінің көбеюін ескеретін;
K1 =1.0
K2 - коэффициенті, кесуші аспаптың топастану салдарынан кесу күшінің көбеюін ескеретін;
K2 =1.2
K3 - коэффициенті, үзілмелі кесудегі кесу күшінің көбеюін ескеретін;
K3 =1.2
K4 - коэффициенті, күштердің тұрақтылығын сипаттайтын, қысқыш механизммен жетілдіретін;
K4 = 1.0
K5 - коэффициенті, механизацияланбаған қысқыш механизмінің эргономикасын сипаттайтын;
K5 = 1.0
K6 - коэффициенті, жазық беттерде орналастырылған дайындаманы аударуға асығатын сәттерді ғана ескеретін;
K6 = 1.0
Онда: К=1,5×1,6×1,2×1,2×1,0×1,0×1,0 = 3,456
Н
Конструкция сипаттамасы және икемқұралдың жұмыс істеу принциптері
Дайындама қысқыштың еріндерінің арасында орнатылады және тіреу астынан тіреледі. Күш пневноцилиндрдан қысқыш еріндеріне беріледі және дайындаманы қысу болады. Өзіндік центрлену рычагты механизмді қолдану жолына жеткізеді.
2.3 Кескіш аспапты және бақылау құралдарын жобалау
Кескіш аспапты жобалау
Бұрандасы бар бұйым үлкен алуан түрлілікпен ерекшелінеді. Бұйымдағы бұрандаманы таңбалағыш, бұрандакескіш, бұрандалық бүрленген бұрандакескіш, жонғыш, бұрандакескіш тарақша және аспаптардың басқада түрлерінің көмегімен алады.
Бұрандакесу процесі кесіндінің кішкене қималарымен, кесудің төменгі жылдамдығымен, профильдің кішкене артқы бұрыштарымен, сондықтан жоғары қажылуымен және артқы беттердің тозуымен сипатталады. Таңбалағыштың негізгі элементтері жұмыс бөлігі және сағасы болып табылады. Жұмыс бөлігі кесуші (шарбақты) бөлігін қамтиды, кескіндеуші негізгі әдіп, калибрлеуші бөлік, бұранданы, жырашықты, қауырсындарды, өзекті, беріктік және қаттылықты өңдеу үшін жеткілікті таңбалағышты қосып бергендегі соңғы өңдеуді жүзеге асырушы. Артқы бөлігі өңдеу барысында таңбалағышты бекіту үшін қызмет етеді, оның талап ететін орналастыруын бере отырып.
Кесіліп жатқан бөліктің артқы беттерін Архимедтік спираль бойынша тылдау кезінде тылдаудың кемуі мына формула бойынша анықталады:
(11.1)
К = πd / z tg α = 3,14*8 / 3* tg 10 = 1,48
Бұранда профилі бойынша артқы бұрышы тылдауы оның барлық ұзындығымен бұранда профилінің архимедтік спиралі бойынша мағлұмат береді, тылдаудың азаю өңделіп жатқан материалдан тәуелділімен анықталады. Кәдімгі конструктивтік материалдар үшін оның өлшемі 15 - 20° шамадағы бұранданың профилінің бүйір жақтарындағы артқы бұрыштарын қамтамасыз ету жағдайынан шыға анықталады. Кесуші бөліктің артқы кинематикалық бұрышы α статистикалық артқы бұрыштан ажыратылады:
(11.2)
= 0,176 ± 0,006
Таңбалағышты тағайындау бойынша тесік арқылы өңдейтін таңбалағышқа және саңылаулы тесіктерді өңдейтін таңбалағышқа жіктеледі. Соңғысына ұзындығы қысқартылған шарбақты конусты бұрандалы тесіктердегі конструктивтік талқылаулар бойынша рұқсат етілген таңбалағыштар жатады.
Шарбақты конус бұрышына φ бірдей гайкалы таңбалағыштар 3-5˚қабылданады, бастапқысы үшін 4-7 ˚, орташалары үшін (үш данадан жинақталған) 8-14˚, тазалары үшін 18-23˚. Тесік арқылы бұрыш үшін φ азайтады, саңылаулары үшін көбейтеді.
φ бұрышын таңдауда аспапқа түсетін ауыртпалықтарды есепке алу, анықталған кесінді қалыңдығын (мм), кесуші бөлік тісімен шешуін есепке алу тиіс:
(11.3)
= 0,75/ 3 * tg 12˚ = 0,05 мм
Қатты қорытпалы таңбалағыштар үшін кесіндінің минимальды қалыңдығы 0,03- 0,04 мм, болатты таңбалағыштар үшін минимальды 0,02 мм., максимальды 0,15 мм.
Талап етілген дәлдікті және өңделіп жатқан таңбалағыш беттерінің кедір-бұдырлық параметрлерді алу үшін таңбалағыштың алдыңғы және артқы беттерінің кедір-бұдырлық параметрлері 0,63 мкм-нен жоғарыламауы тиіс, кесуші жиектің ауытқу рұқсатына қатысты осьі қол таңбалағыштары үшін 0,1 мм-ден көп болмады. Стандартты таңбалағыштың жоңқалы бунақтары әрленген немесе гидроәрленген болуы тиіс. Соңғы уақыттарда карбид және титан нитридінің пленкаларымен жабудың кеңінен таралуын алды, таңбалағыштың беріктігін шамамен екі есеге жоғарлатуға мүмкіндік береді.
2.4 Икемқұрал дәлдік есебі
Бақылау құралдарын жобалау және негізгі элементтердің конструктивтік параметрлері
Бөлшектің жасалу барысында беттердің өзара орналасуының дәлдік талаптарын орындау тиіс.
Бөлшектің сызбасында беттердің өзара орналасуының дәлдік талаптары көрсетілген - бұл беттердің перпендикулярлығы емес. Перпендикулярлық еместік 0,012 мм-ден көп болмауы тиіс.
Бұл тармақта бақылау икемқұралындағы бақылау беттерінің сұлбасы жасалған. Бұл сұлбада плита қолданылады, жабысып тұратын бетке және орнатылған саусаққа плитамен қатал байланысқан және оған перпендикуляр. Плитаның перпендикуляр еместігі және құралбілігі анықтамалық әдебиеттермен келісе отырып тағайындалады және 0,003 мм-ге тең. Құралбілікке индикаторлы түйін бекітілген, ода айналуы мүмкін болуы үшін. Түйіндер арасында және құралбілікпен саңылауымен отырғызу H7/h6. Құралбіліктер арасындағы максимальды саңылаулар және индикаторлы саңылаулар 0,027 мм құрайды. Индикаторлы саңылауда электронды индикатор қолданылады, ГОСТ 9696-75 бөлудің мөлшерімен 0,001 мм. Шектеулі өлшеу қателігі 0,003 мм құрайды. Плита оның паралел еместік жазықтығында 0,002 мм орындалады.
Бұл құралбілікті қолдану барысындағы өлшеу қателігін есептеуді жүргіземіз.
2.5 Өлшеулер қателігін есептеу
Өлшеу қателігі келесі құрауыштарына жіктелетін болады: плита жазықтығының паралел еместігі, плита құралбілігінің перпендикуляр еместігі, индикаторлы түйін және құралбілік және индикатор қателігі арасындағы жартылай саңылауы.
Өлшеудің максимальды қателігінің жиынтығы мына формула бойынша есептелінеді:
(12,2)
пар – плита жазықтығының параллел еместігі;
пер – құралбіліктің және плитаның перпендикуляр еместігі;
S – индикаторлы түйін және құралбілік арасындағы саңылау;
өлш – өлшеу қателігі;
Формула бойынша аламыз:
Бақылау икемқұралының жалпы түрінің сызуы жұмыстың графикалық бөлімінде көрсетілген.
Жоғарыда айтылғандардан шыға, келтірілген бақылау икемқұралының қолданылуы бойынша нұсқамасын құрауға болады:
Икемқұралға индикатор орнату, ГОСТ 9696-75.
Бөлшекке икемқұрал орнату, жазықтыққа тіреу және тесікке құралбілікті қою.
Бөлшекке плитаның тірелу тығыздығын көріп тексеру.
Индикаторға алғашқы қынақты 1 мм орнату.
Индикатор шкаласында нольдік жағдайды орнату.
Индикатор түйіні арқалыққа жағалай қимылдайды.
Бөлшек индикатор тілшесінің ауытқуы нольдік жағдайынан 0,012 мм-ге қарағанда көп болмауы барысында жарамды деп есептелінеді.
Бөлшектен икемқұралды шешу.
Икемқұралдан индикаторды шешу.
