Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс жұмыс куратор жұмысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.91 Кб
Скачать

Сыныптан тыс жұмыстың функциялары

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін оныңоқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық фцнкциялары анықтайды.

Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясыны оқу әрекетіне қарағанда үстемділігі аздау. Сыныпиан тыс жұмыста ол тәрбиелік және дамытушылық функциялардың тиімді іске асуына көмекші болады. Ғылыми білімдердің (оқу іскерлігі мен дағды жүйесінің қалыптасуында емес), жай қарым-қатынас дағдысында, ұжымдық өмір, мінез-құлықтық белгілі бір дағдысын үйретуге негізделеді.

Алайда, сыныптан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс үйлестіру бүкіл оқу-тәрбиелік әрекеттік жүйенің үлкен икемділігін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу жоспарын сақтау кезінде оқыту мен тәрбиелеудің сараланған тиімді құралы бола алады. Сабақтың толықтығына байланысты уақыттың аздығынан, оқу әрекетінің шеңберінде жоюға қиын, оқу жұмысының кемшіліктерін теңелте алады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жеке қабілеттерін бейімділігі мен ынтасын дамытатын және көрсететін дамытушылық функциясының маңызы зор. Мысалы, артистік қабілеті бар оқушыны мектептегі мерекелік шараларға, КВН-ға, информатикаға қабілеті бар оқушыны – олимпиядаларға пайдалы бағдарламаларды құруға т.б. тартуға болады.

Сыныптан тыс жұмыстың принциптері

Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған қойылатын талаптарды атап кетейік.

Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын анықтау кезінде алғашқы бастауларды құрайтын – жалпы принциптердің негізінде жүргізіледі.

Мақсатты орнату принципі – оқу – тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлауды, - қол жеткізген нәтижелерді бағалауды өткізілген жұмыстың жан-жақты талдауды талап етеді.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда және өткізгенде мақсаттың болмауы оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынасты бұзатын формализмді туғызады, ондай жұмыстың еш тиімділігі болмайды немесе теріс нәтиже береді.

Бастар алдында күтіллетін нәтижелерді анықтап алу. Бұл жалпы әлеуметтік тәжірибені меңгеру және қүндылықтардың позитивті жүйесін қалыптастыру мақсатына жетуге көмектесетін міндеттерді тұжырымдауға көмектеседі. Ойластырылған әр шараның тәрбиелік міндеті мен мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы керек. Сонымен қатар, әр жұмыстың мағыздылығы оқушыға анық болу керек.

6

Сыныптан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен юайланыс принциптің мәні қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқасында, әрбір оқушыны қауымын ұйымдастыру шындық ықпалымен жүргізуінде болады.

Сондықтан сыныптан тыс жұмысс қоғамдық пайдалы бағыытта болуы керек. Осы информатикакабинетіне арналған көрнекілік құралдар мен аспаптарды жетілдіру және құрастыруда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдасыруда, информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады.

Оқу-тәрбиелік процестің тұтастақ және бірлестік принциптері – ең алдымен оқу және сыныпан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының ажырамауы – оның тииімділігін арттырудың басты шарты. Осындай байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында объективті қарастырылған.

Оқу-тәрбиелік процестің тұтастақ және бірлестік принципі – дидактикалық принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-тәрбиелік процестің жас дәреежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дайындығы мен алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі – ттікеле оқыту жәнее тәрьиелеу мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты даму мүмкінділігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдаастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі, соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.

Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі – сыныптаан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдары және жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктер ашады. Оқушылардың даму үрдісінің барлық сатыларында, белсенділік олардың табиғи үйлесімді қажеттілігі екенін есен шығармау керек. Сондықтан тәрбиелік жұмысты сол қажеттілікті қанағаттандыру бағытында құру керек. Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола алады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді дербес шығару, мәліметті және баяндамаларды дайындау және оқу, шығармашылық

7

жобаларды дайындау және т.б.) егер сыныптван тыс тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді. Осы жағдайда белгілі бір «тәуекел» деу бар, өйткені оқушылар осы істі жақсы меңгере алмауы да мүмкін. Сондықтан сақтық жасап, оларға әр уақытта көмекке келуге дайын болу қажжет. Есесіне, ең басты ұтыс – оқушылаар дербестілік мектебінен өтеді.

Жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру принципі – сыныптан тыс жұмыста осы жасқа тән мүмкіндіктері мен күшіне байланысты құрылуы керек және әрбір оқушының алдағы дамуына ықпал ету керек.

Бастауыш сыныпта информатикадан сабақтан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге, өмірдің түсінікті құбылыстарымен таныстыруға бағытталуы керек. Осы жастағы оқушылардың тұрақсыз назары олармен жұмыстың ең айқын бейнелі және әсерлі эмоциялық формаларын іздеестіріді қажет етеді. Ең тиімдісі ойындық әрекеттерге үстемді көңіл аудару болады. Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылықтары әлі анықталмаған, сондықтан олардың кейбіреулері ғана сыныптан тыс жұмысқа қатысады. Бұл оқушыларда ұжымдық байланыс дәрежесі әлі төмен, өз күшіне сенімділігі мен дербестілігі аз. Сондықтан барлық сыныыптан тыс жұмыс мұғалімнің басқаруымен өту керек.

Орта мектеп жасындағы оқушылармен сыныптан тыс жұмысты мектепте алған өмір тәжірибесңнен жинақталған білімін ескере отырып жүргізу керек. Бұл жастағы оқушылар көп тырысады, олар қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге талпынады, еңбекте дамыған қабілетін көрсету мүмкіншіліктерін іздестіреді. Оқушылар өз таңдауы бойынща үйірмелермен, секциялармен айналысады. Тәрбиешінің міндеті – әр жасөспірінің қызығушылықтарын қанағаттандыратын және оның қабілеттерін одан әрі дамытатындай сыныптан тыс жұмыстарды табуға көмек көрсету.

Жоғары сынып оқушылары – жрғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің болашақ студенттері, түрллі қызмет көрсету аясы мен өндіріс салаларының жұмыскерлері. Олар дене және моральдық даммуға жетеді, оларға жоғары талаптарды талап етуде туатын ой мен дене еңбегңнде олардың мүмкіншіліктері айтарлықтай өседі. Олар өздері бос уақыттарын өз бетінше ұйымдастыруға, пайдалы істерді табуға тырысады, өздерін ересек деп сезінеді.

Жастық шақ – кейде толқумен, күдікпен және көңіл толқуымен бірге жүретін моральды сенім мен дүниеге көзқарасты қарқынды қалыптасу шағы. Оқу бағдарламасының шегінен шығатын, жұмыстарға тырысу және қызығу, ғылыми-білім беру қоғамдары мен үйірмелердің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл жаста өмір жолын таңдау туындайды, сондықтан оқушылардың сыныптан тыс әрекеті бойынша кәсіби бағытын белсенділендіру қажет.

Оқушылардың жастық ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген жастық топта, компьютерлік ойынның элементі ретінде салмақты, үлкендердің әрекеттеріне ұқсату негізінде іс-әрекетті ұйымдастыру табысқа ие болады.

8

Тәрбие жұмысында оқушылардың жастық қана емес, одан басқа жеке

барысында ерекшеліктерін ескерген дұрыс: темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, дағдылары мен талғамдарын, сондықтан әрқайсысына жеке қарағанды талап етеді. Оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін білу олардың жан-жақты даиуы үшін сыныптан тыс жұмыстарды тереңірек қолдануға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның сыйлау және талап қою бірлігі принципі – сыныптан тыс жұмыс жасау үрдісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты анықтайды және оқушылардың салмақты қасиеті көрініс табатын қызығушылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Оған сүйене отырып, ұстаз оқушылардың тәртібінің қайта құрылуына және олардың қызығушылығының дамуына, үлгерімнің жақсаруына, тәртіпті болуына қол жеткізе алады.

Сыныптан тыс жұмыс процесі кезінде құралатын қызығушылыққа байланысты ұжымда ұзтаздың педагогикалық орны сабақ кезеңіне қарағанда басқаша. Ол оқушылардың қызығушылығымен, ойларымен санасатын, олардың жеке даралығын құрметтейтін, тәжірибелі және білімді жолдас ретінде болады. Сонымен қатар, оқушылар орнатылған тәртәпке және жүріс-тұрыс ережелеріне бағынуы қажет, себебі қатынасу-қатынаспау және іс-әрекеттерінің еркіндігі берекесіздікке әкелмеуі мүмкін. Ұстаздың талап етуі оқушылардың жұмысын басқаруына әкеледі, олардың іс-әрекетінің нәтижесін шығару қажеттілігін болжайды.

Сыныптан тыс жұмыс мектеп алдындаа тұрған оқу-тәрбиелік есепті шешуге үлкен мүмкіндік береді, оқушыларда табандылық, жігерлік, ерік сияқты қасиеттерге тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыс ұзтаздың өзіне де үлкен пайда әкеледі.сыныптан тыс жұмыста ұстаз бен оқушылардың арасындағы байланыстың рөләә өте зор, оны орнату үшін ұстазда нақты белгілі қасиеттері болуы керек. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы тиіс, ол сыныпта туған ахуалға жауап беретін жаңа форма құруы керек. Ұстаздың шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі үшін қажетті шарт болып табылады.