- •Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс Жоспар:
- •Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс
- •Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері Информатиканы оқыту ізгілендіру және қоғамдандыру
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері
- •Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
- •Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
- •Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
- •Сыныптан тыс жұмыстың формалары
- •Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары
- •Семинар/ практикалық сабақтарды өткізуге ұсыныстар
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс Жоспар:
Кіріспе
1. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс.............................................1
1.1. Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері.................................1-2
1.2 Информатиканы оқыту ізгілендіру және қоғамдандыру..........................2-3
Негізгі бөлім
2. Сыныптан тыс жұмыстың мәні......................................................................3-4
2.1 Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері...................................4-6
2.3 Сыныптан тыс жұмыстың функциялары мен принциптері.......................6-9
2.4 Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны...........................................................9-12
2.5 Сыныптан тыс жұмыстың формалары мен сыныптан...........................12-15
тыс шаралардың кейбір формалары
Қорытынды бөлім
3. Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері..................................................15-20
3.1 Қолданылған әдебиеттер..............................................................................21
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс
Сыныптан тыс жұмыс оқушының жеке тұлғасын дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан «Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс» тақырыбы келешек информатика мұғалімін кәсіби дайындау үшін үлкен маңызы бар.
Педагогикалық маман үнемі шығармашылық ізденісті, кәсіби деңгейін көтеруді, жетілдіруді талап етеді. Информатика мұғаліміне бұл айтылғандар тіпті ең үлкен дәрежеде қатысты. Сондықтан информатика мұғалімі кәсіби басылымдарды қадағалауы, интернеттің ақпараттық пайдалануы т.с.с. қажет.
Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері Информатиканы оқыту ізгілендіру және қоғамдандыру
Ізгілендіру (орысш. - гуманизация) – білім берудің негізгі міндеті мен мәні, оқушының даралығын дамытуды жариялайтын – жаңа педагогикалық ойлаудың түйінді эелменті.
Информатиканы ізгілендіру – білімді ізгілендіруінің құрамдас бөлігі, оны гуманистік негізге ауыстырады. Осы ауысу білім берудегі қайшылықтарды шешуге, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде әлеумееттік тапсырысты орындауға және жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Осы ретте информатикадан алған білім жалпы мәдениетті компоненттің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Информатиканы ізгілендіру барысында мына шарттар жүйесі орындаладыы деп болжанылады:
информатиканының адамға, оны қызығушылықтарына, орындалады деп болжанылады;
Әлем туралы біртұтас білімді құру;
Шығармашылықты ынталандыру және қолдау, өз ойын айту және өзін-өзі таныту үшін түрлі әрекеттер түрін ұйымдастыру.
Информатиканы қоғамдандыру (орысш. – гуманитаризация) – кез келген қоғамдық шарттарға дағдыландыратын, оқушыға белсенді, шығармашылық ерікті адам болуға және білім берудің жалпы мәдениетті компоненттің дамуына бағытталған шаралар кешені.
Мектеп курсындағы информатиканы қоғамдандыру мына бағыттарда өтуі мүмкін:
Информатикаға гуманитарлық негіз енгізу (тарихы элементтерді қолдану – идеяларды шығарушылармен танысу, информатиканың ғылым ретінде аяқтануы және дамуы, информатиканың философиялық бастамаларын ашу).
Информатиканы оқыту әдістемесінде гуманитарлық ғылымдарға тән стиль, әдістер мен формаларды енгізу.
а) гуманитарлық пәндермен мағлұматтарды қолдану (өлеңдерді, суреттердің репродукцияларын, нақыл сөздерді, сабақтарға эпиграфтар және т.с.с);
1
ә) ертегі, диспут, ой жүгірту сабақтарын енгізу.
3. информатиканы адамға және әлеуметтік тұрмысқа жақындату:
а) информатиканың қолданбалық әдістер аймағын көрсету;
б) информатикада алынған білімді күнделікті тәжірибеде қолдану;
в) информатиканы игеруде жеке дараның маңыздыллығын көрсету;
г) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының бірлесуі, информатиканыңішкі бірлесуі (бірлескен сабақтар, бірлескен курстар, объектіні және оның бейнесін тұтастай оқу сабақтары).
4. Шығармашылықтың әртүрлі бағыттарымен ынталандыру, жеке дара қабілетттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау және дербес шығармашылыққа себепші болу арқылы:
а) шығармашылық, зерттеу жұмыстарының жүйесін енгізу,
б) тәжірибеге оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке алатын жеке тапсырмаларды дайындау және енгізу.
в) сыныптан тыс жұмыстың әр түрлілігімен және жүйелігі.
Ізгілендіру мен қоғамдандырудың мына сатыларын ерекшелеуге болады:
Сабаққа әдебиетпен, тарихпен, музыкамен байланысты эмоционалды сәттерді енгізу. Бүкіл сыныпқа кейбір тақырып бойынша шығармашылық тапсырма беру. Сабақта сыныптан тыс жұмыстың жеке элементтерін енгізу.
Біріктірілген, дәстүрлі емес, практикалық, обьект мен бейнені қабылдаудың тұтастығына бағытталған жеке сабақтарды дайындау. Көптеген тақырыптар бойынша тәжірибелік және шығармашылық жұмыстарды енгізу. Сабақта сыныптан тыс жеке шаралар өткізу.
Гуманитарлық негізде жеке курстарды жасау. Бағдарламаның тақырыптары бойынша жалпы ой өрістің дамуына бағытталған шығармашылық сараланған тапсырмалар дайындау. Сынып ауқымында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың формаларын жүйелеу және ұйымдастыру.
Информатикадан білім алуды әсерлі эмоциялық, жалпы мәдени күйге бағыттау. Мектеп информатикасының тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларды жүйелеу. Білім алудың бүкіл курсы бойынша сыныптан тыс жұмысты жүйелеу мен ұйымдастыру.
Сабаққа «енгізілетіндерді» біртұтас кешенге түйістіру – олар: жеке алынған дәстүрлі емес сабақтар, сараланған шығармашылық, практикалық және зерттеу жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстың жүйесі және бағдарламалық материалдар.
Барлық сатыларда оқушылардың мақсаты әрекеттеріне және шығармашылығына жағдай жасау өте маңызды,,
Шығармашылық – қоғамдандыру мен ізгілендірудің өзегі болып
2
табылады және де тек оқушы ғана емес, оқытушы да «шабыттанады». Оқытушы, кепілді нәтиже алу үшін икемді педагогикалық технология түрінде – қолдану тәртібі аныққталған, қайталанатын педагогикалық әрекеттердің және құралдардың инварианттық жүйесін жасайды.
Оның ерекшеліктері:
оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру;
оқу материалын қабылдағанда шамадан тыс эмоциал және интеллекті жүктемелеу мүмкін емес;
сынып ұжымында жағымды рухани-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету
Оқытушыныың міндеті – оқушылардың алдында, олардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне икемделген әрекеттердің әртүрлі спектрін ашу, шығармашылығын және ізденістерін мадақтау. Оқышу таңдау, өзіне-өзі сенімді болу, өзінің жеке даралығын көрсету құқығына ие. Сондықтан оқытушы оған өзінің қабілеттілігін саналы түсінуіне кқмектесіп, қолдау жасау еліктіру қажет.
Информатика пәнінің бағдарламасында мектеп оқулықтарында, және оқытудың қалыптасқан әдістемесінде ұсынылған талаптар «орташа» мөлшерленген. Алайда, оқушылардың дееңгейлік жіктелуі байқалады: біреулері қанағаттанарлық нәтижеге ие, енді біреулері информатиканы аса қиындықпен түсінеді.
Мұнын бәрі информатиканы оқытудың жекелендіруіне тіреледі.
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік – оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырыс, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесі және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады.
Осыған байланысты «с «»ыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады.
Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезеңдегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді.
3
Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілеті оқушылармен бағдарламалық материалдан алғған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізілетін жұмыстар.
Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінсе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар.
Сыныптын тыс жұмыс – оқушылырға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс компьютерлер және ақпараттық технологиялар ұсынатын мүмкіндіктердің және құралдардың әртүрлілігіне байланысты – пәнаралақ болатынын атап өу қажет. Сыныптан тыс жұмыста, информатика, физика, ағылшын тілі, еңбек, география және т.б. сабақтары бойынша компьютерлік әдістер аса табысты қолданыла алады. Осындай сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі – қызығушылығы әртүрлі оқушыларды мұндай сабақтар біріктіреді, оларды информатика және өтіп жатқан сәйкес пәннің оқытушысы жүргізеді, өйткені басқа пәннің мұғалімдері ақпараттық технологияны жеткілікті түрде біле бермейді.
