Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
teoria_SARDOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.65 Кб
Скачать

79.Обструкциялық синдром. Клиникасы. Стенозбен ажыратпалы диагностикасы.

Обструкиялық синдром – этиологиясы әртүрлі бронх өзегінің генерализденген тарылуынан дамитын, тыныс кезінде ауа өтуінің шектелуімен көрінетін, науқаста ентігумен байқалатын жағдай.

Клиникасы:- жиі түнде ж/е физикалық жүктеме кезінде туынайтын экспираторлы ентігу

  • Тұншығу ұстамалары, тынысының жиілеуі

  • Жабысқақ шырышты н/е шырышты-іріңді қақырықпен бөлінетін жөтел

  • Ауыс дірілінің әлсіреуі, перкуторлы қораптық дыбыс,

  • Өкпенің екі жағынан да симметриялы тыныс шығарудың ұзаруымен везикулярлы тыныстың әлсіреуі

  • Өкпенің екі жағынан да құрғақ ысқырықты сырылдар, алыстан естілетін

  • Шырышты қабықшаларының цианозы, науқас мәжбүр қалыпта болады

  • Тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы

  • Спирометрияда ТИффно индексінің төмендеуі

Диф.диагноз: Жоғарғы тыныс жолдарының ж/е трахеяның стенозы көбіне дифтериялық н/е жалған круп, трахея мен көмейдің ісігінде, тыртықтануында, ұзақ уақыт трахея интубациясынан дамиды. Клиникасындааралас ентігу болады, жөтел сирек, жиі құрғақ, «ит үргендей», даусының өзгеруі, оның қарлығуы. Өкпеде стридорлы тыныс- қатты бронхиальды тыныс, сонымен қатар тынстың екі фазасында да құрғақ ысқырықты сырыл естіледі.

80.Жұқпалы-токсикалық шок. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек.

Инфекциялы-токсикалық шок (ИТШ) — бактериялар мен вирустардың эндо ж/е экзотоксинерімен шақырылған шоктық жағдай, метаболитикалық, нейрореттеуші, гемодинамикалық бұзылыстармен байқалатын спецификалық емес клиникалық синдром.

Клиникасы: - қызба, АҚҚ төмендеуі, салқын тер, қол-аяғының мұздауы

  • Лоқсу, құсу

  • Есінің шатасуы

  • Психоморлы қозу, ступор

  • Кома

  • Күн күйігіне ұқсас спецификалық бөртпе

Диагностикасы: - дене температурасының 38 градустан жоғарылауы

  • систолалық артериялық қысым 90 мм с.б. төмен

  • диффузды бөртпе, көбіне алақан мен табанда

  • процесске 3 н/е одан да көп мүшелер мен жүйелердің қатысуы: АІТ (лоқсу, құсу), шырышты қабықшалардың гиперемиясы (конъюнктивтер, ауыз қуысының, қынаптың), бүйрек жеткіліксіздігі ( креатинин деңгейі қалыптыдан 2 есе жоғары), бауырдың зақымдалуы (АЛТ, АСТ қалыптыдан 2 есе жоғары), тромбоцитопения, орталық жүйке жүйесінің қатысуы (естің шатасуы, кома).

Шұғыл көмек:

- Науқасты жылыту, аяғына грелка қою

- қысып тұрған киімді шешу, таза ауамен қамтамасыздандыру. Көрсеткіш бойынша ИВЛ

- антибиотиктер эритромицин фосфат - 10мг/кг т/і н/е пенициллин - 200 ЕД/кг

- 200мг допамина т/і тамшылатып

- преднизолон 10-15 мг/кг/тәу

- ингаляция оттегімен

- 400 мл полиглюкин (реополиглюкина) т/і тамшылатып

81.Көмірқышқыл газымен улану. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Көмірқышқыл газы- туссіз, иіссіз, жоғары токсинді газ. Уландыру әсері ол тыныс жолдары арқылы канга отіп, гемоглобиннен оттегіні ысырып ағзадағы оттегіні тіндерге тасымалдау қызметі бузылады. Содан ағзада жедел оттегіге ашығу болады.

Көмірқышқыл газымен уланудың белгілері:

Уланудың жеңіл дәрежесінде: бастың ауырсынуымен пульсациясы,маңдай мен тобе аймағында ауырсыну сезімі, көз алдында усак кара дактар пайда болып, кұлағында шу болады, тері кабаттарының кызаруымен журегі катты соғады, кулагы бітеліп,дірілдеу, әлсіздік, жүрегі айну мен кусу болады.

Уланудың ауыр дәрежесінде жоғарыда айтылған белгілерден баскалары: ұзаққа созылған булшықеттік ауырсыну, пульс жиілейді, карашықтар кеңейген, тынысы беткей, басы айналу пайда болады. Есі шатасып, уйкышылдық болады. Булшыкеттің әлсіздігінен ішектер мен куыктың өздігінен босаңсуы болады. Наукастың беті бозарады. Жүрек тондары естілмей тынысы беткей бола берсе алдымен устама болып сосын өлім болуы мумкін.

  • Диагностикасы. Қан анализі - оттегі мөлшерімен электролиттерді өлшеу үшін

  • Карбоксигемоглобинге тест көміркышкыл газының әсер ету ауырлығы мен емдеу мониторингі үшін

  • Кеуде клеткасының рентгені – пневмония бар жогын аныктау ушін.

  • Электрокардиограмма – журек булшықтеіндегі электр тогы куші аркылы журек шамасын білу. Көмірқышқыл газымен улану кезіндегі алғашқы көмек.Алғашқы көмек барынша жедел жасалуы керек. Егер зардап шегуші ессіз жағдайда жатса келесі шараларды орындау керек:Уланған жерінен таза ауаға алып шығып, аркасымен горизанталды жаткызамыз. Денесін кысып тыныс алуға кедергі жасап турган киімдерін шешеміз. Кез келген ауа райында наукастың жогаргы киімдерін шешіп куедесін ашамыз. Сосын бетіне, кеудесіне су себеміз осыны бірнеше рет кайталаймыз.Су жок болса муз, кар, салқын шүберекті шекесіне коямыз. Егер наукас есіне келмесе мүсәтір спиртімен мурынын тітіркендіреміз. Кеудесіне салкынсу шашумен катар кеудені суртеміз(колғаппен, шарфпен, катты щеткамен,т..б) тынысы пайда болғанша. Егер бул шаралар көмектеспесе жасанды тыныстандыруға көшеміз. Тынысты кайта калпына келтіру ушін тағы бір әдіс ол құсу рефлексін шакыру яғни тамағын жыбырлатамыз, бірақ буны істеп жатканды кусық массаларының тыныс жолдарына кетіп калмауын кадағалау кажет.Егер мекемеден шыға алмайтын жағдай болса терезе,есітерді ашып тастау керек, есі бар наукас болса шай кофе береміз. Жедел жәрдем бригадасы көрсететін ен алгашкы көмекке: антидотты енгізу (оттегіні Амбу капшығымен береміз немесе интубация жасау аркылы); устамага карсы терапия (Хлоргидрат, Седуксен, Аминазин, Гексенал, Тиопентал натрия); жүректік гликозидтер енгізу (Сульфокамфокаин, Кордиамин); антигипоксанттарды енгізу (Тиосульфат натрия, Унитиол, витамины, Преднизолон, Кокарбоксилаза); реанимациялық шаралар және интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау. Көмірқышқыл газымен уланған наукасты емдеу мекемесіне жеткізу керек, туракты және узак оттегіге ашығу ағзада катаң өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]