Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skoraya_11-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.71 Кб
Скачать

11.Аналық без кистасы аяқшасының бұратылуы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Аналық без кистасының бұралуы –аналық без кистомасы немемс кистасының асқынуы. Аурудың басталуы дене қалпының біреден ауысуынан және күшенуден, жөтелден, ауыр жұмыстан кейін құрсақ қуысының қысымының жоғарлауынан болады. Бұрылыуы біртіндеп 90-180˚және толық 360 ˚ бұрылуына бөлінеді. Клиникасы: іштің төменгі жағында бірітіндеп күшейетін ауырсыну, ауырсыну сегізкөзге және аяққа берілуі мүмкін, жүрек айну , құсу жеңілдік әкелмейді, терінің бозаруы, суық тер, дене температурасының жоғарлауы, ішектік диспепсия, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғуының жиілеуі. Диагностикасы: жалпа қарау, сұрастыру,акушерлік анамнез, ТАЖ,

ЖЖЖ дене температурасын, АҚҚ анықтау. Пальпация щеткин симптомын анықтайды. перкуссия жасау. Шұғыл көмек көрсету: жедел госпитилизация көп салала стационарға. Науқасты үйде қалдырмайды.

12.Ботулизм. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Ботулизм – дегеніміз ботулизм бактериясының токсинінің (уының) болуынан туындайтын ОЖЖ зақымдаумен жүретін ауру. Ботулизм бактериялары анаэробтар болып табылады, яғни тек қана оттегі мүлде жоқ ортада ғана тіршілік ете алады. Олардың қалыпты тіршілік ететін ортасы - топырақ болып табылады, сол арқылы суға, жемістер мен көкөністерге, тағамдарға, ал бұл өз кезегінде адамның ішек жолдарына түсуіне септігін тигізеді. Қоршаған ортаның қалыпты жағдайында токсиндер 1 жылға дейін, ал консервіленген тағам өнімдерінде жылдар бойы сақталады. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс салат,ет , балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Клиникасы:әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып , бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей , шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді, уланғанда адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін.Диагностика. көбіне жоғарда айтылғандай дұрыс өңделмеген консервирленген тағамдардан болады. Дәрігер құсық массасын, тағамды стерильды банкаға не приборға салып алу керек. Тез арада лабороторияға жеткізілуі керек. Шұғыл көмек: жедел түрде жуан зондпен асқазанды тазалау, алғашқы тазалауды қайнаған сумен жуу керек себебі ботулин токсинин ыдыратпай алу үшін. Кейін нейтрализация үшін 2% нартий гидрокарбонаты ерітіндісімен жуады. Асқазан –ішек жолдарындағы ботулинтоксинин тазалау үшін тұзды іш жүргізетін препарат береді. Науқасқа көп көлемдегі су ішкізеді диурезді бақылап отыру арқылы. Жағдайы ауры науқасқа госпитилизацияға дейін дезинтокационды терапия жүргізеді. Сонымен қатар прозерин 0,05% — 2 мл б/е не тері астына, балаға 10 жасқа дейін — 0,05 мп/кг, 10 жастан улкен -2 мл. Егер ауруханаға жеткізу ұзаққа созылса ботулинге қарсы антитоксикалық сыворотка қолданылады. Тыныс алу функциясының бұзылысында оларды жою үшін оксигенотерапия, қосымша дем беру, ИВЛ жасайды. Симптоматикалық ем жүргізеді. Госпитализация; жедел түрде инфекционды болницаға жеткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]