- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •3. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •3. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •4. Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Көмек көрсету алгоритмі:
- •Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- •Көмек көрсету алгоритмі:
1-билет
Артериалық гипертензия 3, 4 қаупі (ӨМИ). Гипертоникалық криз, 1 типі. Жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі. Өкпенің альвеолалық ісінуі.
Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншада да систоликалық күш түсу;
- ҚЖТ: лейкоцитоз, эритроцитоз;
- коагулограмма: патологиясыз;
- БХТ: гиперкликемия;
- кеуде қуысының R-графиясы: өкпелік суреттің күшеюі, өкпенің паренхимасындағы диффузды өзгерістер. Өкпенің түбірі шайылған және анық емес. Түбірасты зоналарда периваскулалық және перибронхтық инфилтрация белгілері.
Ажыратпа диагностикасы ЖКС-пен, астмалық статуспен, пневмониямен, қолқаның қатпарланған аневризмасымен, кенеттік пневматоракспен, ӨСОА, СӨЖ жүргізіледі.
Көмек көрсету алгоритмі:
- оттегі терапия: 2-3/мин жылдамдықпен спирт буы мен дымқыл оттегімен ингаляциясы;
- перифериялық катетермен көктамыр катетеризациясы;
- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромдарын басу (морфий 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% - 10,0 мл. ерітіндісіне су қосылған, т/і баяу);
- антиагрегатты және антикоагулянтты терапия (гепарин 10000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау);
- гипотензивті терапия: нитраттар (изокет аэрозоль, 2 мөлшерде сублингвальді, қажет жағдайда қайталау); диуретиктер (фуросемид 40-80 мг, т/і, жылдам), ИАПФ, адреноблокаторлар, магнезия сульфат 25%-10, т/і, баяу;
- науқасты отырған күйде жағын маңдағы жан сақтау бөліміне зембілмен немесе орындықпен тасымалдау.
Науқасты жүгізу тактикасы:
- тыныштық тәртіп: барлық шараларды отырған күйде жүргізу;
- стационарға барар жолда ЖМК көлігінде шараларды жүргізуді (қажет жағдайда) жалғастыру;
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне отырған қалыпта зембілмен немесе орындықпен тасымалдау.
№2 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР
Анафилактикалық шок, II дәрежесі, асфиксиялық нұсқа. Тыныс жетіспеушілігі, II дәрежесі.
Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 150. ЖЭО қалыпты күйде;
- ҚЖТ: патологиясыз;
- коагулограмма: патологиясыз;
- БХТ: патологиясыз.
3. Ажыратпа диагностика стенокардиямен, ӨАТЭ, өкпе ісінуімен, ЖКС, бронх демікпесімен, ларинготрахеитпен, инфекциялық-токсикалықпен, геморрагиялық шокпен жүргізіледі.
4. Көмек көрсету алгоритмі:
- науқасты Тренделенбург күйінде жатқызу .
- оттегі терапия (ылғалданған оттегі – 30-40 атм.);
- перифериялық катетермен көктамырға катетеризация;
- шокқа қарсы терапия: адреналин 0,18% -0,3-0,5 мл б/і, преднизолон 90-150 мг, т/і, жылдам; NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 0,18% адреналин ерітіндісімен - 1,0 мл т/і тамшылай;
- науқастың гемодинамикасы қалпына келген соң, антигистаминді препараттар – димедрол 1% - 1,0 б/і;
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау
5. Науқасты жүргізу тактикасы:
- тыныштық тәртіп: барлық шараларды Тренделенбуг күйінде жүргізу;
- ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда) шараларды жүргізуді жалғастыру;
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау.
№3 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР
Артериалық гипертензия 3, қауіп 3 (СЖҚГ). Гипертониялық криз, II тип.
Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншада да систоликалық шамадан тыс болуы;
- ҚЖТ: патологиясыз;
- коагулограмма: патологиясыз;
- БХТ: патологиясыз.
Ажыратпа диагностика ЖКС, МҚЖБ, ТИШ, стенокардиямен жүргізіледі.
Көмек көрсету алгоритмі:
- гипотензивті терапия: диуретиктер (фуросемид 20 мг, т/і, жылдам), ААФИ (энап 1,25 мг – 1,0 мл т/і), каптоприл 10 мг сублингвальді, Са антагонисттері – нифедипин 10 мг сублингвальді, магнезия сульфат 25%-10, т/і, баяу.
Науқасты жүргізу тактикасы: АҚҚ 20% төмендету, учаскелік терапевтің бақылауымен динамикалық қарау, емді дұрыстау.
№4 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР
Асқазанның ойық жарасы. Асқазан-ішектік қан кету. Геморрагиялық шок, II дәрежесі.
Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 140. ЖЭО қалыпты күйде;
- ҚЖТ: анемия белгілері, ЭТЖ үдеуі;
- коагулограмма: патологиясыз;
- БХТ: патологиясыз.
3. Ажыратпа диагностика перфорациямен, ойық пенетрациясымен, жедел панкреатитпен, геморроймен, инфекционды-токсикалық, анафилактикалық шокпен жүргізіледі.
4. Көмек көрсету алгоритмі:
- Науқасты Тренделенбург күйіне жатқызу.
- оттегітерапия (ылғалданған оттегі – 30-40 атм.)
- эпигастрии аймағына суық қою;
- перифериялық катетермен көктамырға катетеризациясы;
- шокқа қарсы терапия: NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 т/і жылдам;
- гемостатикалық терапия – 5% аминокапронды қышқыл ерітіндісі - 100,0 мл, т/і тамшылай;
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау.
5. Науқасты жүргізу тактикасы:
- тыныштық тәртіп: барлық шараларды Тренделенбуг күйінде жүргізу;
- ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда) шараларды жүргізуді жалғастыру;
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау.
№5 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР
Бронх демікпесі, аралас түрі, персистеуші, орташа дәрежелі ауырлықта, өршу сатысы. Өкпе эмфиземасы. Тыныс жетіспеушілігі, II дәрежесі. Астмалық статус, II дәрежесі.
Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:
- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншаның систоликалық күштемесі;
- ҚЖТ: ЭТЖ үдеуі;
- коагулограмма: патологиясыз;
- БХТ: қабынудың арнайы емес белгілері (СРА+++);
- қақырық талдауы: БД-не арналған белгілер (эозинофилдер, Куршман спиралдері++, Шарко-Лейден кристалдары +++);
- кеуде қуысы R-графиясы: өкпелік суреттің күшеюі, өкпенің паренхимасындағы диффузды өзгерістер, өкпе эмфиземасының белгілері. Периваскулалық және перибронхтық инфильтация белгілері.
Ажыратпа диагностика стенокардиямен, ӨАТЭ, пневмониямен, қолқаның қатпарланған аневризмасымен, өкпе ісінуімен, ЖКС, ларинготрахеитпен жүргізіледі.
Көмек көрсету алгоритмі:
- оттегітерапия (ылғалданған оттегі – 30-40 атм.);
- бронхолитикалық терапия: сальбутамол 2 мөлшерде, ингаляция немесе небулайзер арқылы; преднизолон 90-120 мг, т/і, жылдам;
- 0,18% адреналин - 0,3 мл т/а немесе небулайзер арқылы ингалялықҢ
- перифериялық катетермен көктамырдың катетеризациясы;
-антиагрегатты және антикоагулянтты терапия (гепарин 5000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау);
-инфузиялық терапия (NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 мл т/і тамшылай немесе 5% глюкоза ерітіндісі - 200,0 мл т/і тамшылай
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.
Науқасты жүргізу тактикасы:
- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жартылай отырған күйде жүргізу;
- ЖМК көлігінде (тасымалдағанда) инфузия жүргізуді жалғастыру;
- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне басын көтерген бойда тасымалдау.
№6 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР
