Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт 2015.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
370.18 Кб
Скачать

Қосымша №

Жүрек өкпе реанимациясы

Ересек балаларда:

1. Иығынан қағу арқылы ақыл-есін тексереді

2. Егер ессіз жатса, жедел жәрдем шақыртады

3. Науқастың аузын ашып, тексереді

4. Басын шалқайтады

5. 3 анализатор (көру, есту, сезу) арқылы дем алысын бағалайды

6. Дем алмаса, басын шалқайтып аузына дәке жабады

7. Мұрынын қысады

8. 2 рет ауызға дем береді

9. Ұйқы артериясынан тамыр соғысын тексереді

10. Тамыр соғысы анықталмаса, кеудені жалаңаштайды

11. Екі емшекті қосатын сызық жүргізеді, сол сызықтан 1,5 см төмен бір қолды қояды

12. Екінші қолды оның үстіне “құлып тәрізді” етіп қояды

13. Кеудені керіп, науқастың үстінен көтеріліп, астыңғы қолдың проксимальды бөлігімен 30 рет жүрек компрессиясын жасайды.

Жас балаларда:

  1. Ақыл-есін табаныныан шапалақтап анықтайды

  2. Басын аздап шалқайтады

  3. Аузына, мұрнына дәке жабады

  4. Аузы мен мұрнын қамтып 2 рет дем береді

  5. Тамыр соғысын иық артериясынан анықтайды

  6. Екі емшекті қосатын сызықтан төмен 2 саусақпен 30 рет жүрек компрессиясын жасайды.

Ескерту: егер көмекті 1 адам берсе жүрек компрессиясының дем беруге қатынасы 30:2, егер 2 адам көмек берсе 15:2 қатынасындай болады.

Бөгде денелермен тұншыққанда жедел көмек беру

Геймлих әдісі

Ересек балаларда:

  1. Бала тұрады

  2. Арқасынан жауырындардың төменгі жағынан ала құшақтайды

  3. Бір қолды жұдырыққа түйіп, бас бармақты бүгіп семсер тәрізді өсінді мен кіндік аралығына қояды

  4. Екінші қолмен дем шығарарда төменнен жоғары (омыртқа бағанасына) қарай қимылмен қатты басады

  5. Осы қимылды бөгде дене шыққанша қайталайды.

Жас балаларда:

1 – қалпы:

1. Баланы білекке “атқа мінгізгендей” етіп етпетінен жатқызады

2. Осы қолмен баланы иығынан ұстайды

3. Қолмен бірге баланың денесі мен басын төмендетеді

4. Екінші қолдың екі саусағымен жауырындардың арасынан төменнен жоғары қарай ұрғылайды.

2 - қалпы:

1. Жәрдем беруші отырады

2. Баланы білекке шалқасынан жатқызады

3. Осы қолмен баланы иығынан ұстайды

4. Білекті жәрдем беруші санына қояды

5. 2 саусақпен төменнен жоғары қарай семсер тәрізді өсінді мен кіндік

аралығынан бөгде денені ысырып шығару үшін ұрғылайды.

Ескерту: бұл әдістер диафрагманың жоғары көтерілуінен өкпеіші қысымының тез жоғарлауы нәтижесінде бөгде денені ығыстырып шығаруға негізделген.

Талуда (обморок) жедел көмек

Талу - мидың жедел гипоксиясы, кенеттен аз уақыт естен тану, қан тамыры жетімсідігінің жиі кездесетін жеңіл түрі.

Себептері: қорқу, ауырсыну, қан көру, орстатикалық жағдай.

Бегілері: кенеттен естен тану, терінін бозаруы, тыныс алу және

қан айналымының әлсіреуі.

  1. Тегіс жерге баланы аяқ жағын көтеріңкі жатқызады

  2. Қысатын киімдерін босатады

  3. Таза ауамен қамтамасыз етеді

  4. Бетіне, денесіне салқын су шашады немесе

мүсәтір спиртін иіскетеді.

Талықсуда (коллапс) жедел көмек

Талықсу – жедел дамитын қан тамыры жетімсіздігі, қан тамыр тонусы төмендеуі және айналымдағы қанның азаюымен сипатталады.

Себептері: инфекциялық, улағыш және басқа факторлардың қан тамырлары қабырларына және тамыр қозғау орталығына әсері

Белгілері: қан қысымы өте төмендейді, ми гипоксиясы дамиды, ішкі мүшелердің қызметі нашарлайды.

  1. Баланы тегіс жерге аяқ жағын көтеріңкі жатқызады;

  2. Қысатын киімдерін босатады;

  3. Таза ауамен қамтамасыз етеді;

  4. Қан тамырларын тарылтатын дәрілер егеді:

Қан қысымын бақылай отырып қан алмастырушы заттарды көк тамырға құяды;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]