- •Дене салмағын өлшеу
- •Дене ұзындығын өлшеу
- •Жаңа туған нәрестенің және жас баланың таңертеңгілік туалеті
- •Жаңа туған нәрестеге гигиеналық ванна жасау
- •Жаңа туған нәрестені жөргектеу
- •Омфалит кезінде кіндік жарасын күту
- •Орындау жоспары:
- •Жел шығаратын түтікше қою тәсілі
- •Балалардың көзіне дәрі тамызу
- •Балалардың мұрнына дәрі тамызу
- •Құлаққа дәрі тамызу
- •Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу
- •Баланы қарау:
- •Ішек құрттарының жұмыртқаларына нәжісті жинау
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Ауыз арқылы регидратация жүргізу Мақсаты:
- •Стоматит кезінде ауыз қуысын тазалау және емдеу
- •Бцж вакцинасын жасау
- •Қосымша №
- •Талуда (обморок) жедел көмек
- •Талықсуда (коллапс) жедел көмек
- •Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек
- •Құсқанда жедел көмек
Стоматит кезінде ауыз қуысын тазалау және емдеу
Мақсаты:
ауыз қуысын тазалау
Қажетті құралдар:
лоток, залалсыздандырылған дәкелер;
антисептикалық ерітінділер (фурацил 1:5000, 3 % сутегінің асқын тотығы,
0, 05 % калий перманганатының ерітіндісі);
Жансыздандыру дәрі-дәрмегі (лидокаин, анестезин);
дәрі-дәррмектер (нистатин, леворин, 0,25 % оксалин майы, дефлюкан, эритромицин майы, тетррациклин);
резеңке қолғап;
қолданылған материалдарға арналған лоток;
резеңке үргіш немесе шприц;
Іс - әрекеті:
туысқандарын істелінетін іс-әрекетімен таныстыру немесе үйрету;
құралдарды дайында;
қолды жуып, кептіріп, резеңке қолғапты және клеенкалы алжапқышты ки;
резеңке үргіш немесе шприцпен ауыз қуысына ерітінділерді шашырат
(күніне 6 реттен кем емес);
тамақтанар алдында ауыз қуысын лидокаинмен немесе анестезинмен жансыздандыру;
дәрілерді жағу:
а) ауыз қуысы уылуында (молочница) – нистатин, леворин, дифлюкан
б) герпетикалық-антибакт майлар .
Ескерту: 3-5 күннен кейін дәрі-дәрмектердің орнына тез жазылу үшін метилуацил майын, мумие прополис қолданылады.
Баланың бетін жауып, құрғатып, анасына береді немесе төсекке жатқызады.
Бцж вакцинасын жасау
Мақсаты: Туберкулездің алдын алу
Қажетті құралдар: залалсыздандырылған үстел, мақта түйіршіктері, дәкелер, пинцет, қолғап, БЦЖ вакцинасы еріткішімен, ампуладағы мензурканы орналастыратын мензурка, жарықтан қорғайтынқара қағаздан жасалған конус, 2 шприц ( туберкулиндік арнайы және 1 мл), шприцтерді салатын залалсыздандыратын ерітіндісімен лоток, қолданылған заттарға арналған залалсыздандыратын ерітіндісімен лоток
Іс-әрекеті:
Қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;
Ампуладағы вакцинаны абайлап алу;
Комплектідегі кескішті алып ампуланың мойнын кесу.
Ампуладағы вакцина төгілмес үшін кесілген жерді комплектідегі салфеткамен орау. (ампулада вакуум болғандықтан)
Кесілген жерден ампуланы сындыру.(ерітіндісі бар ампуланы кесу қажет емес)
1 мл шприцті крафпакеттен ашу
Ерітіндіні БЦЖ бар ампулаға енгізу
Бірқалыпты суспензия болу үшін,бірнеше рет баяу еппен шайқау
Ампуланы мензуркаға қою
Шприцті дезерітіндісі бар лотокқа тастау
Крафпакеттегі арнайы шприцті ашу
Иненің қақпағын алу
Ампуладағы ерітілген БЦЖ вакцинасын белгілі дозада алу, 1 жасқа дейін 0,05 мл, 1 жастан кейінгілеріне 0,1 мл тері ішіне сол жақ иықтың жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасына
Қалған ерітілген вакцинаны залалсыздандырылған салфеткамен жауып, жарықтан қорғайтын конустың астына қою
Вакцина салар алдында тері антисептикпен өңделмеуі керек
Сол қолдың егу алаңын 1 және 2 саусақтармен керу керек
Иненің қиығын жоғары қаратып 10-15 градуста баяу енгізу (тек қана қиығын енгізу) лимон түйіні пайда болғанша
Инені алу, Егілген жерді спиртпен өңдемейміз
Шприцті дезерітіндісі бар лотокқа тастау
Қолғапты шешу
Манту сынамасын жасау әдісі
Мақсаты:
Туберкулезді ерте анықтау
БЦЖ ревакцинациясына балаларды іріктеу
Қажетті құралдар: залалсызданған үстел, мақта түйіршіктері, дәке салфеткалар, пинцет, резеңке қолғап, туберкулин ерітіндісі, арнайы туберкулин шприці,
Залалсыздандыратын ертінді, 70% этил спирті.
Іс - әрекеті:
Қолды жуып, кептіріп, резеңке қолғап киеді
Ампуланы немесе флаконды спиртке батырылған мақта түйіршігімен сүрт, кескішпен кес
Дәке, салфеткамен жауып тұрып сындыр
Қолданылған мақта түйіршіктерін, дәке салфеткаларды залалсыздандыратын ертіндіге сал
Туберкулин шприцін босатып ал,оған қалпағымен инені кигіз, орнықтыр, инеден қалпағын ал
Туберкулин ертіндісінен туберкулин шприціне 0,2 мл сорғызып ал
Залалсызданған салфеткаға 0,1 мл шығар, қалған 0,1 мл туберкулинді шрпицтің қалпағын жауып залалсызданған үстелге қой
Баланың білегінің ішкі жағының төменгі 1/3 бөлігін 70% этил спиртіне батырылған мақта түйіршігімен сүрт ( мақта түйіршігін дез. ерітіндісі бар ыдысқа таста)
Сол қолдың саусақтарымен теріні керіп ұста
Ине қиығын жоғары қаратып, 10-150 бұрышпен теріге енгіз. Теріде лимон қабығы пайда болатындай етіп туберкулинді тері ішіне жібер.
Инені ал, егілген жерді спиртпен сүртпе
Туберкулин шприцін залалсыздандыратын ертіндісі бар ыдысқа сал
Қолғапты шешіп, залалсыздандыратын ертіндіге сал.
Бассүйек күмбезі көк тамырына «көбелек» катетрмен пункция жасау.
Мақсаты: Көк тамырға сұйықтықты тамшылатып енгізуді өткізу;
Қажетті құралдар: бір рет қолданылатын «көбелек» катетрі, «көбелек» катетрді толтыру үшін 1 рет қолданылатын 2 мл шприц, дәрілік заттарды шприцке алуға қажет инелер, көк тамырға сұйықтық жіберу жүйесімен штатив, стерильді материал, пайдаланылған заттарға арналған лоток, пинцет, қайшы, 70% спирт; жабыстырғыш, резенке қолғаптар;
Міндетті шарт: 2 адам өткізеді.
Қолды жуып, кептіріп, қолғап кию;
Қажет құралдарды дайындау;
Флакондағы дәрілік зат атын оқып, қақпағын спиртпен сүрту, қақпағын ашып, резеңке тығынын спиртпен сурту;
Тамшылатқышты қорапшасынан алып, «көбелек» катетрді, шприцтерді стерильді лотокқа салу;
Тамшылатқышты алып, құрастыру;
Спиртке матырылған мақта домалақшасымен изотониялық ертіндісі бар ампуланы сүртіп, кесіп, қайта спиртпен сүрту;
Шприцке 2 мл изотониялық ертінді алу;
Шприцті катетрге қосып, оны толтыру;
Баланы жөргектеу арқылы орнықтыру;
- жөргекпен баланың қолдарын қамту;
- жөргектің төменгі жағымен аяқтарды бекітіп, жөргекті ішіне түйін етіп байлау;
- келесі жөргекпен диагоналі бойынша баланың кеудесі деңгейінде түйін етіп байлау, баланың басын мейірбике ұстап тұрады;
10. Баланың басын өзіне қаратып жатқызу;
11. Төбесінен мандайына қарай бас терісін спиртпен 2 рет өңдеу;
12. Қолдарды спиртпен өңдеу.
13. Пункция орнынан жоғары көк тамырды мейірбике көмекшісі мақта
түйіршігімен қысады
14. Көбелек катетерді 3 этапта енгізу:
- инені қан ағынының бағытымен тері бетіне 50 бұрышпен бағыттау
- инені сәл жылжытып көк тамырды тесу
- соның жолымен бағыттау
Ескерту: егер ине көк тамырда болмаса теріге шығармай оны қайтару керек, қайта көк тамыр пункциясын жасау
15. Катетермен қосылған шприц поршенін тарту қанның бар жоғын анықтау
16. Қанды инеге қайтару
17. Шприцті ажырату
18. Тамшылатқышты қосып дәрілік затты енгізу жылдамдығын реттеу
19. Ине астына дәкелік салфетканы қою
20. Салфетка астына жабыстырғыш кіргізіп ссңдарын инеде айқастырып бас терісіне жабыстыру
21. Пункция орнын жаппай иненің үстін жабыстырғыш жолағымен бекіту
22. Ине қанаттарын жабыстырғыштың 3-ші жолағымен бекіту
Ескерту: егер ине бұрышы бассүйек қисығына үлкен бұрышта енсе ине канюлясының астына тағы бір мақта домалағын қою
23. Тамшылатқыш және катетер канюлясының қосылған жерін стерильді салфеткамен жауып қою
24. Инфузиядан соң қысқыш көмегімен тамшылатқыш түтігін қысу
25. Стерильді салфетканы пункция орнына домалақ етіп қойып үстінен қысып байлау
26. Нәтижені жазып қою
27. Залалсыздандыратын ертіндіге қолданылған құралдарды, көбелек катетрді, қолғапты салу
28. Қолды жуып кептіру.
Орталық көк тамыр катетрі күтімінің ережелері.
Мақсаты:
- ұзақ белсенді инфузиялық емді қамтамасыз ету;
- асқыну дамуының алдын алу;
Қажетті құралдар: гепарин 5 мл ( 1 мл 5000 Б); Na Cl изотониялық ертіндісі; 2-5 мл шприцтер, инелер; катетрдің стерильді жапқышта ы;стерильді материал, мақта домалақшалар, дәкелік салфетка, жөргек; пинцет, қайшы, қысқыш; стерильді материалға арналған лоток; пайдаланылған материалға арналған лоток,; жабыстырғыш; қолғаптар, бетперде.
Міндетті шарт : катетер көк тамырда 7 тәуліктен артық болмауы керек.
Іс - әрекеті:
1. Қолды жуып, құрғату
2. Қолғапты кию
3. Қажетті құралдарды дайындау
4. Гепарин, NaCl изотоникалық ертіндісі бар флакондардағы жазуды оқу
5. Шприцке 1 мл гепарин алып, изотоникалық ертіндісі бар флаконға (100мл ) енгізу
6. Пайда болған ертіндіден 2-3 мл шприцке алу
7. Баланың кеудесін стерильді жөргекпен жабу
8. Бет пердені киіп, қолдарды спиртпен өңдеу
9. Көк тамырға тамшылатып жіберу жүйесін енгізу біткеннен кейін жауып қою
10. Катетерді қысқышпен қысып тамшылатқышты ажырату
11. Ерітілген гепарині бар шприцті канюляға қосу, стерильді жапқышты тығыз жабу
12. Жапқышқа 5 см х 5 см дәкелік салфетканы жауып, онымен катетрдің бос сонын орау, резеңке түтікке бекіту
13. Катетрдің ену орнына ортасы кесілген салфетка қою
14. Катетрді жабыстырғыш жолақтарымен бекіту
15. Қолданған құралдарды залалсыздандыратын ертіндіге салу
16. Қолғаптарды шешу;
17. Қолды жуып құрғату.
Дәрілік заттарды ауыз арқылы ингаляция жасау
Мақсаты:
Баланың туысқандарын ингаляторды пайдалануға үйрету
Қажетті құралдар: 2 бос ингаляциялық құтылар
Іс - әрекеті:
Қажетті құралдарды дайындайды
Қолды жуып, кептіреді
Процедура әдісін көрсету:
бала тұрады ( егер тұра алмаса, отырғызады немесе жатқызады)
ингаляторды жауып тұрған қалпағын алады және құтының түбін жоғары қаратып сілкілейді
терең дем шығарады
ингалятордың мүштігін ауызға салып, еріндермен қамтиды
ішке терең дем алумен бірге, құтының түбінен басады
Ескерту: егер ұстама кезінде бала ішке терең дем ала алмаса, онда
дәрінің бірінші мөлшері ауызға тарайды
ингалятордың мүштігін ауыздан алады, демді 5-10 секунтқа ұстайды
бірқалыпты, терең дем шығарады
Баладан барлық іс-әрекеттерді қайталауды сұрайды
Қажет болса барлық іс-әрекеттерді қайталап көрсетеді
Қолды жуып, кептіреді
Асфиксия кезінде жаңа туған нәресте реанимациясы
Реанимация алдында анықтау қажет:
Гестация мерзімін
Қағанақ суының сипатын
Дем алуы мен дауысының шығуын
Бұлшық ет тонусын
Реанимацияның алғашқы қадамы – алғашқы 30 сек
Жылумен қамтамасыз ету (жылы жөргек)
Басын биіктету (2см)
Басын аздап шалқайту
Жоғарғы тыныс жолдарын тазалау (резіңке үргішпен немесе электросорғышпен аузынан, мұрнынан шырышты сору)
Денесін құрғату
Денесін тітіркендіру арқылы қоздыру (арқасын, кеудесін сипау, табанынан шапалақтау)
Басын сүрту
Дымқыл жөргектерді алып тастау, нәрестенің қалпын өзгерту
Егер дем алмаса, онда желдеткіш қапшық көмегімен өкпені желдету
Желдеткіш қапшықтың дұрыс жабылғанын тексеру, оттегі қорынан ажырату (40% оттегі). Жағдаяттарға байланысты 100% оттегі беру таңдалады.
Оттегінсіз қапшықпен өкпені желдету – 30 сек. Қапшықты басқанда 1, 2, 3 деп “вальс ритмімен” санау, көкірек торының экскурсиясын бақылау
30 секунттан кейін бала жағдайын бағалау. Егер жүрек соғысы ЖС мин 60 реттен артық болса ( 10 секунтта санап, оны 6-ға көбейту), онда өкпені желдетуді жалғастырады. Егер ЖС минутына 60 реттен кем болса, онда жүрек компрессиясын бастайды.
Жүрек компрессиясын жасаудың шарттары:
Оттегімен желдету
Компрессия нүктесі: екі емшекті қосатын сызықтан сәл төмен төс орталығы сызығы бойы (1/3)
Желдетумен қатынасы 1:3 (бір, және екі, және үш) 2секунтта, одан кейін жаңа туған нәресте жағдайын бағалау.
Егер ЖС минутына 60-тан кем болса, 0,1%- 1: 10000 адреналин
0,1 – 0,3 мл/ дене салмағына кіндік көк тамырына тез жібереді. Кеңірдек ішіне
0,3 – 1,0 мл/дене салмағына енгізеді. Алғашында төменгі мөлшерден бастайды,
5 минуттан кейін жоғарғы мөлшерде қайталайды, өкпені желдетуді және
компрессияны жалғастырады.
