- •Дене салмағын өлшеу
- •Дене ұзындығын өлшеу
- •Жаңа туған нәрестенің және жас баланың таңертеңгілік туалеті
- •Жаңа туған нәрестеге гигиеналық ванна жасау
- •Жаңа туған нәрестені жөргектеу
- •Омфалит кезінде кіндік жарасын күту
- •Орындау жоспары:
- •Жел шығаратын түтікше қою тәсілі
- •Балалардың көзіне дәрі тамызу
- •Балалардың мұрнына дәрі тамызу
- •Құлаққа дәрі тамызу
- •Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу
- •Баланы қарау:
- •Ішек құрттарының жұмыртқаларына нәжісті жинау
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Ауыз арқылы регидратация жүргізу Мақсаты:
- •Стоматит кезінде ауыз қуысын тазалау және емдеу
- •Бцж вакцинасын жасау
- •Қосымша №
- •Талуда (обморок) жедел көмек
- •Талықсуда (коллапс) жедел көмек
- •Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек
- •Құсқанда жедел көмек
Ішек құрттарының жұмыртқаларына нәжісті жинау
Қажетті құралдар:жолдама қағаз, дәрет ыдысы, резеңке қолғап, нәжісті жинауға арналған арнайы күрекшесі бар ыдыс
Іс - әрекеті:
арнайы ыдысқа жолдаманы жабыстырады;
қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;
таза дәрет ыдысына таңертеңгі дәретке отырғызады;
нәжісті көзбен қарап тексереді;
күрекшемен нәжісті 3 жерден (5 – 30 гр.) алып, шыны ыдысқа салады;
резеңке қолғапты сыртынан жуып, антисептикалық ерітіндімен
сүртіп алып шешеді
қолды жуып, кептіреді
1 сағат ішінде зертханаға жеткізеді.
Энтеробиозға жағынды алу
1 - әдіс
Қажетті құралдар:2 – заттық шыны, 50 % глицерин ерітіндісі, тамызғыш;
күрек тәріздес ұшталған шырпы, жолдама қағазы, резеңке қолғап;
крафт қағазы, резеңке сақина, стеклограф.
Іс - әрекеті:
қажет құралдарды дайындайды;
стеклографпен заттық шыныны жолдама реті бойынша нөмірлейді;
заттық шыныға тамызғышпен глицерин тамызады;
қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;
баланы сол жақ қырына жатқызып, оң жақ аяғын тізесіне бүгіп, көтереді;
сол қолдың саусақтарымен баланың құйрығын ашып тұрады;
шырпының ұшталған жағын заттық шыныдағы
глицеринге батырып алып, тік ішектің төменгі
жағы мен анус қыртыстарынан жағынды алады;
заттық шыныдағы глицеринге шырпыны салады;
заттық шынының үстіне екінші заттық шыныны қойып,
резеңке сақинамен біріктіреді, крафт-қағазбен орайды;
қолды резеңке қолғаптың сыртынан жуып,
антисептикалық ерітіндімен сүртіп алып шешеді;
қолды жуып, кептіреді;
дереу жолдамамен бірге зертханаға жеткізеді.
Энтеробиозға жағынды алу
2 - әдіс
Қажетті құралдар:
мөлдір жабысқақ жолақ, ағаш қалақша, шпатель, заттық шынылар, стеклограф,
қайшы, резеңке қолғап, жолдама қағаз
Іс - әрекеті:
қажет құралдарды дайындайды;
стеклографпен заттық шыныны жолдама реті бойынша нөмірлейді
заттық шыны қөлеміндей немесе одан сәл кіші жабысқақ жолақтан кесіп алады
баланы сол жақ қырына жатқызып, оң жақ аяғын тізесіне бүгіп, көтереді;
сол қолдың саусақтарымен баланың құйрығын ашып тұрады;
анус маңына жабысқақ жолақты жабыстырып, сыртынан қалақшамен немесе
шпательмен басып, бірнеше рет жолақ бойымен жүргізіп өтеді
жабысқақ жолақты заттық шыныға көшіреді
заттық шыныны лотокка салады
резеңке қолғапты сыртынан жуып, антисептикалық ерітіндімен
сүртіп алып шешеді
қолды жуып, кептіреді
жолдама қағазбен бірге лотоктағы заттық шыныны зертханаға жібереді
Ауыз арқылы регидратация жүргізу Мақсаты:
эксикозды жою және оның өрістеуіне жол бермеу;
Қажетті құралдар:
АРС (ауыз арқылы берілетін регидратациялық сұйықтық)
ұнтақтары (регидрон, глюкосолан, цитроглюкосолан), 1 л бөлме температурасындағы қайнаған су, өлшеу белгілері бар стакан, кесе мен қасық, жоғалтқан сұйықты белгілеу үшін қағаз, қалам;
Қажетті шарты:
ауыз арқылы регидратация эксикоздың (құрғау) 1-2 дәрежесінде 2 кезеңде жүргізіледі:
1 кезең – алғашқы регидратация, баланың жоғалтқан
сұйығының орнын толтыру;
2 кезең – қолдаушы регидратация, мақсаты эксикоздың
қайта дамуын болдырмау;
АРС еріткеннен кейін қайнатпайды, бір сөткеден артық сақтауға болмайды;
Алғашқы регидратация жүргізу үшін қажет ерітінді мөлшерін есептеп алады;
АРС ұнтағын 1 л қайнаған суға ерітеді;
дайын ерітіндіден өлшеу белгілері бар стаканмен қажет сұйықты алады;
анасына береді;
эксикоз дәрежесіне байланысты шәй қасықпен 4 - 6 сағат ішкізеді;
4 немесе 6 сағаттан кейін баладағы эксикоз белгілерін тексереді;
3 түрлі жағдай болуы мүмкін:
а) эксикоз өрістеген – ерітіндіні көк тамырға жіберуге көшу;
б) эксикоз азайған – бірақ әлі сақталған – алғашқы кезеңді қайталау;
в) эксикоз жоқ – қолдаушы регидратацияға көшу;
қолдаушы регидратация іш өту мен құсу басылғанша жүргізіледі.
