- •Дене салмағын өлшеу
- •Дене ұзындығын өлшеу
- •Жаңа туған нәрестенің және жас баланың таңертеңгілік туалеті
- •Жаңа туған нәрестеге гигиеналық ванна жасау
- •Жаңа туған нәрестені жөргектеу
- •Омфалит кезінде кіндік жарасын күту
- •Орындау жоспары:
- •Жел шығаратын түтікше қою тәсілі
- •Балалардың көзіне дәрі тамызу
- •Балалардың мұрнына дәрі тамызу
- •Құлаққа дәрі тамызу
- •Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу
- •Баланы қарау:
- •Ішек құрттарының жұмыртқаларына нәжісті жинау
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Ауыз арқылы регидратация жүргізу Мақсаты:
- •Стоматит кезінде ауыз қуысын тазалау және емдеу
- •Бцж вакцинасын жасау
- •Қосымша №
- •Талуда (обморок) жедел көмек
- •Талықсуда (коллапс) жедел көмек
- •Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек
- •Құсқанда жедел көмек
Анамнез жинау: әлсіздік, тез шаршау, жүрек тұсының ауыруы, ентігу, жүрек соғу, бас ауыруына шағымданады.
Баланы қарау:
А) теріні, шырышты қабықты қарау ( бозару, акроцианоз, жалпы цианоз, аяқтардан ісікті анықтау), ірі қан тамырларын қарау ( ұйқы артериясының пульсациясы, мойын көк тамырларының білеуленуі);
Б) көкірек торын қарау ( дем алу жиілігі мен ритмі, жүрекке пальпация жасау және жүрек ұшы соғысын сипаттау, жүрек бүкірлігі, жүрек дірілі);
В) шеткі қан тамырларына пальпация жасау ( тамыр соғысының сипаты: ритмі, толуы мен жиырылғыштығы, мөлшері, біркелкілігі, жиілігі) –
кәрі жілік және самай артерияларына пальпация жасау арқылы жүргізіледі;
Г) жүрек перкуссиясы: ақырын перкуссия жасалады, ашық өкпе дыбысынан жүрек тұйықтығына дейін, науқасты жатқызып, тұрғызып, отырғызып жасауға болады; саусақты анықталатын шекараға параллельді қояды, перкуссия соғысы алдынан артқа қарай бағытталады.
Д) жүрек аускультациясы 5 нүктеде жүргізіледі:
- екі айшықты ( митральды) қақпақша жүрек ұшында естіледі
(4-5 қабырғааралығы сол жақта);
- аорта қақпақшалары – оң жақ 2- ші қабырғааралығы төс сүйегінің шеті;
- өкпе сабауы артериясының қақпақшалары – сол жақ 2-ші қабырғааралығы төс
сүйегінің шеті;
- үш айшықты қақпақша – семсер тәріздес өсіндінің негізінде;
- Боткин нүктесі – сол жақ 3-ші қабырғааралығы төс сүйегінің шеті (митральды қақпақша, аорта қақпақшалары) екі тон естіледі: жүрек ұшында 1 тон 2 тоннан қатты.
Жүректегі шуылдар органикалық және функциональдық болып бөлінеді. Функциональды шуылдар: жүрексырты және жүрекішілік.
Органикалық шуылдар: систолалық, диастолалық, систолодиастолалық.
ТЫНЫС АЛУДЫ САНАУ
Іс - әрекеті:
Баланы тыныштандыр, көңілін аула.
Қолыңды кеудеге немесе эпигастрия тұсына қойып, тыныс алуды сана.
Температура қағазына белгіле.
Дем алуды анықтағанда жиілігіне, тереңдігі мен ритміне, дем алу түріне, көңіл бөлу керек.
Қалыпты жағдайда дем алу ритмді, дем алу саны баланың жасына байланысты өзгеріп отырады
Жаңа туған балада- 40-60 рет минөтіна,
1-2 жаста- 30-35 рет
5-6 жаста-25 рет
10 жаста-18-20 рет
Дем алудың жиілеуі – тахипноэ, сирек болуы – брадипноэ деп аталады.
Дем алу тереңдігі физикалық және эмоционалдық жағдайларға, ауру түріне байланысты. Дем алу түрі типтері дем алуға кеуде мен іштің қатынасуына байланысты.
Әйелдерде кеудемен дем алу типі, ерлерде ішпен дем алу типі, жас балаларда аралас дем алу типі болып бөлінеді. Дем алу ритмі тыныс алу орталығына байланысты ритмді, ритмді емес болып бөлінеді.
ПУЛЬСТІ АНЫҚТАУ
Пульс дегеніміз қан тамырлары қабырғаларының үнемі қозғалыста болуы, ол жүрек соғысы мен қан тамырларының қанға толуына және қан қысымына байланысты. Артериялық қан қысымы орталық аорта мен ұйқы артериясында, шеткі кәрі жілік артериясы, аяқтың үстіңгі артериясында болып бөлінеді.
Пульстің ритмі, жиілігі, толуы, күші анықталады.
Іс - әрекеті:
Оң қолыңның саусақтарымен білезік тұсынан қамтып ұста.
Бірінші саусағын бiлезіктің үстіңгі жағында орналасады.
2-4ші саусақтар кәрі жілік артериясын тауып алады да, оны кәрі жілікке басып тұрып қасиетін бағалайды.
Қорытындысы температура қағазына және ауру тарихына белгіленеді.
1.Пульс ритмі дегеніміз – пульс толқыны белгілі бір уақыттан кейін қайталанып отырса оны ритмді пульс дейді, егер пульс толқыны әртүрлі уақыттан кейін қайталанса оны аритмді пульс дейді.
2. Пульс жиілігі – 1 минуттағы пульс санын айтады. Ол баланың жасына қарай өзгеріп отырады. Жаңа туған балада-120-140
1-жаста-110-120
5-жаста-100
10-жаста-90
12-13 жаста-80-70 рет минутына .
Пульстің жиіленуі- тахикардия.
Пульстің сирек болуы- брадикардия деп аталады.
