Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт 2015.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
370.18 Кб
Скачать

Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу

Максаты: бактериологиялық зерттеуге материал алу.

Қажетті құралдар:резеңке қолғап, бет перде, құрғақ мақта

оралған таяқшалар, пробиркалар 2 шт, пробиркаларды қоятын штатив, лотоктағы залалсыздандырылған шпатель, жолдама, қағаз, стеклограф.

Іс - әрекеті:

  • қажетті құралдарды дайындайды;

  • зертханаға жолдама жазады;

  • қолды жуып,кептіреді;

  • бет перде, резеңке қолғап киеді;

  • үстелге оң қол жаққа қажет құралдарды қояды;

  • пробиркаға стеклографпен «М», «Т» (мұрын, тамақ) деп белгілейді;

  • баланың бетін жарыққа қаратып отырғызады, қажет болса көмекші ұстайды:

    1. баланың аяқтарын көмекші аяқтарымен қысып отырады;

    2. денесі мен қолын баланың маңдайына қойып басын ұстайды;

  • «М» белгісі бар пробиркадағы мақта оралған таяқшаны оң қолға алады;

  • сол қолдың бас бармағымен мұрын ұшын көтереді;

  • тампонды айналдыра отырып еппен бір жақ мұрын қуысының, одан кейін екінші мұрын қуысының қабырғаларынан жағынды алады;

  • тампонды пробирканың жан жағына тигізбей ішіне салады;

  • баланың аузын ашуын сұрайды, шпателмен тілдің түбінен басады.

Ескерту:

  • жас балалардың ауызын шпателмен ашқанда сол қолмен шпателді қаламша ұстап, ауыз қуысына тістерге дейін қырынан кіргізеді де, тістердің соңына жеткенде шпателді жалпағынан бұрады,тілдің түбіне басады;

  • сол қолдың IV және V саусақтарымен пробирканы, қалған үш саусақтармен шпателді қаламша ұстайды;

  • баланың тілін шпателмен басып,аузын ашады;

  • оң қолмен «Т» белгісі бар пробиркадағы мақта оралған таяқшаны алып, доғашықтан, тілшіктен, көмей бездерінің шырышты қабығынан жағынды алып ұртына,тіліне тигізбей шығарып алады да пробиркаға салады.

Ескерту: егер дифтерияға күдікті қабыршақ болса материалды

сау және зақымдалған ұлпаның арасындағы шекарадан алады;

  • қолды жуып, қолғапты сыртынан залалсыздандырылған ерітіндімен сүртеді;

  • бет пердені, қолғапты шешеді;

  • қолды жуып кептіреді;

алынған материалды жолдамамен зертханаға жөнелтеді.

Нәжісті бактериологиялық тексеруге жинау

Мақсаты: бактериологиялық тексеруге материал жинау.

Қажетті құралдар: темір ілмегі бар залалсызданған пробирка консервантімен, резеңке қолғап, жолдама қағаз, стеклограф

Іс - әрекеті:

  • қажетті құралдарды дайындайды;

  • зертханаға жолдама толтырады;

  • стеклографпен пробиркаға жолдамамен сәйкес номерін жазады;

  • қолды жуып,кептіреді;

  • резеңке қолғап киеді;

  • баланы қырынан жатқызып, тізесінен бүгілген аяғын ішіне жақындатады;

  • сол қолдың 1 және 2 саусағымен баланың құйрығын ашады;

  • оң қолымен пробиркадан темір ілмекті алып, айналдыра отырып тік тік ішекке кіргізеді де, қабырғасынан жағынды алады.

Ескерту:жас балаларға ілмекті 3-4 см, ересек балаларға 6-8 см тереңдікке енгізеді;

  • ілмекті тік ішектен алып, консерванты бар пробиркаға салады;

  • қолғапты шешіп, қолды жуып,кептіреді;

  • алынған материалды бактериологиялық зертханаға жібереді (тоңазытқышта консерванты бар пробирканы +3 ºС, +4ºС сақтауға болады).

Бұлшық ет тонусын анықтау

Мақсаты: баланың физикалық дамуын анықтау

Іс - әрекеті:

  1. Қолды жуып кептіру.

  2. Баланы жатқызу немесе отырғызу.

  3. Баланың тыныш қалпында бұлшық ет консистенциясын сипап бағалау.

  4. Мүмкіндік болса аяқ- қолын бос ұстауды сұрай отырып, баланың аяқ-қолының енжар қозғалысын (бүгу, жазу) тексеру;

  5. Аяқ-қолдың енжар қозғалысы кезінде пайда болатын қарсы тұру дәрежесін бағалау.

  6. Қорытындылырды жазып алу.

  7. Қолды жуып, кептіру.

Терінің созылғыштығын анықтау

Мақсаты: құрғау белгілерін ( дегидратация),

тамақтанудың бұзылуын анықтау.

Іс - әрекеті:

  1. Қолды жуып, кептіру.

  2. Баланы отырғызу немесе жатқызу.

  3. Оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен іштің терісін кіндік маңынан жиырып ұстау.

  4. Саусақтарды босатып, терінің жазылу жылдамдығын бақылау.

  5. Қорытындысын жазып алу.

  6. Қолды жуып, кептіру.

Ұлпаның тығыздығын анықтау

Мақсаты: құрғау белгілерін ( дегидратация), тамақтанудың бұзылуын анықтау.

Іс - әрекеті:

1. Қолды жуып, кептіру.

  1. Баланы отырғызу немесе жатқызу.

  2. Оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен иық пен санның ішкі жағынан тері және шел қабатын қоса жиырып ұстау.

  3. Ақырындып саусақтармен жұмсақ ұлпаны қысу.

  4. Қысқан кездегі қарсылық бойынша ұлпаның тығыздығын бағалау.

  5. Қорытындысын жазып алу.

  6. Қолды жуып, кептіру.

Шел қабатының қалыңдығын анықтау

Мақсаты: тамақтанудың дұрыстығын анықтау

Қажет құралдар: сантиметрлік жолақ немесе мөлдір сызғыш, 70 % этил спирті, дәке, қағаз, қалам.

Іс - әрекеті:

  1. Қолды жуып, кептіру.

  2. Сантиметрлік жолақты ( сызғышты) дәкенің көмегімен спиртпен өңдеу.

  3. Баланы отырғызу немесе жатқызу.

  4. Оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен іштің терісі мен шел қабатын кіндік маңынан жиырып ұстау.

  5. Жиырып ұсалған жердің қалыңдығын сантиметрлік жолақпен немесе мөлдір сызғышпен өлшеу.

  6. Қорытындысын жазып алу.

  7. Қолды жуып, кептіру.

Үлкен еңбектің өлшемдерін анықтау

Мақсаты: баланың физикалық дамуын анықтау

Қажет құралдар: сантиметрлік жолақ немесе мөлдір сызғыш, 70 % этил спирті, дәке, қағаз, қалам.

Іс - әрекеті:

  1. Қолды жуып, кептіру.

  2. Сантиметрлік жолақты( сызғышты) дәкенің көмегімен спиртпен екі жағынанда өңдеу.

  3. Баланы отырғызу немесе жатқызу.

4. Сантиметрлік жолақты баланың басына үлкен еңбегінің маңына қойып, бір жағынан келесі жағына қарай арақашықтығын өлшеу.

5. Қорытындысын жазып алу.

6. Қолды жуып, кептіру.

Баланың сүйек бітімінің бұзылуын анықтау

Мақсаты: баланың физикалық дамуын анықтау

Іс - әрекеті:

  1. Қолды жуып, кептіру.

  2. Баланың беліне дейін шешінуін сұрау, қажет болса көмектесу.

  3. Баладан екі қолын денесінің бойымен төмен түсіріп, дұрыс, түзу тұруын өтіну.

  4. 2 – 3 минөт баланың дене бітімін бақылау.

  5. Иықтарының орналасуын, жауырындарының төменгі бұрыштарын, емшектерін, белдегі үшбұрыштарды бағалау.

  6. Баладан қолдарын жерге жеткізуді өтіну, сөйтіп компенсаторлық бұлшық ет жиырылуын анықтау.

  7. Қорытындысын жазып алу.

  8. Қолды жуып, кептіру.

Тамақты қарау

Мақсаты: доғашықтардың, жұмсақ таңдайдың, бадамша бездердің, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығының жағдайын бағалау.

Қажет құралдар: лотокта залалсыздандырылған шпатель, залалсыздандыратын ерітінді, қолғаптар

Іс - әрекеті:

  1. Қолды жуып, кептіреді

  2. Қолғаптарды киеді.

  3. Баланы жарық көзіне қаратып отырғызу, қажет болса көмекшінің көмегімен ұстап отырады

а) баланың аяқтарын көмекші өз аяқтарымен қамтиды;

б) қолдары мен денесін бір қолымен ұстайды;

в) келесі қолын баланың маңдайына қойып, басын ұстайды.

4. Баладан аузын кең ашуын өтінеді және тілдің түбін шпательмен басады.

Ескерту: жас балалардың аузын шпателдің көмегімен ашады, оң қолға оны қалам тәрізді ұстап, ауыз қуысына тістерге дейін кіргізеді де, қырындатып қызыл иектің бойымен тістер біткенше жылжытады, одан кейін жалпағынан бұрып, тілдің түбіне салады да, тез басады.

  1. Доғашықтардың, жұмсақ таңдайдың, бадамша бездердің, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығының жағдайын қарап, бағалалайды.

  2. Залалсыздайтын ертіндіге шпателді салады.

  3. Қолғапты шешеді, қолды жуып, кептіреді.

  4. Қортындыларды жазады.

Шеткі лимфа түйіндеріне пальпация жасау

Мақсаты: баланың лимфа түйіндерін бағалау, олардың негізгі сипаттамасын алу ( дені сау балаларда тек қана жақ асты, қолтық асты, шап лимфа түйіндері ғана пальпациямен анықталады).

Іс - әрекеті:

- Қолды жуып, кептіру.

- Баланы шешіндіру.

- Оның бетін өзіңе қаратып тұрғызу.

  1. Желке лимфа түйіндеріне палпация жасау:

- қолды баланың желкесіне қою;

- желке сүйегі бойымен саусақтарды айналдыра қозғап (шарик домалатқандай) лимфа түйіндерін іздеу.

  1. Иек асты лимфа түйіндеріне пальпация жасау:

- басты алға, төмен еңкейтіп, 3 саусақпен иек асты лимфа түйіндеріне пальпация жасау.

3. Жақ асты лимфа түйіндеріне пальпация жасау:

- бір қолды төбе сүйекке қою, осы қолдың бас бармағы маңдайда болады;

- басты ақырындап тексерілетін жаққа қарай қисайту;

- келесі бүгілген қолдың 4 саусағымен жақ асты лимфа түйіндеріне жеңіл пальпация жасау ( жақ астынан лимфа түйіндерін алып жатқандай);

- келесі жаққа осы тексеруді қайталау.

4. Мойын алды және мойын арты лимфа түйіндеріне пальпация жасау:

- тексерілетін жаққа қарама қарсы баланың басын бұрып және қисайтып

төс- бұғана-емшек тәрізді бұлшық еттің контурын айқындап алу;

- осы бұлшық еттің алдыңғы және артқы бойымен пальпация жасау;

- келесі жаққа осы тексеруді қайталау.

5. Қолтық асты лимфа түйіндеріне пальпация жасау:

- баланың қолдарын денесінен алшақ ұсату,

- саусақтарды жоғары бағыттап, қолтық астына тереңдете енгізу;

- оларды (саусақтарды) көкірек торына қысу;

- баланың қолдарын төмен түсіру;

- көкірек торы бойымен жылжыта пальпация жасау;

- келесі жаққа осы тексеруді қайталау.

6. Шынтақ лимфа түйіндеріне пальпация жасау:

- бір қолмен баланың қолын «сәлемдескендей» етіп ұстау;

- келесі қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен шынтақ лимфа түйіндерін шынтақ тұсынан және одан жоғары сипалау;

- келесі жаққа осы тексеруді қайталау.

7. Шап лимфа түйіндеріне пальпация жасау:

- шап қыртысы бойымен анықталады.

8. Қорытындысын жазу.

Ескерту: лимфа түйіндерінің көлемін (см), санын (бірен – саран, көптеген), тығыздығын (жұмсақ, қатты, жұмыр, т.б.), қозғалысын, терімен және қоршаған ұлпамен байланысын (біріккен немесе бірікпеген), сезімталдығын (ауырсынады, ауырмайды) бағалау.

9. Қолды жуып, кептіру.

Тыныс алу жүйесін тексеру әдісі

Көрсетілімі: дені сау және тыныс алу жүйесінің әртүрлі ауруларында

( ринофарингит, ларингит, созылмалы тонзилит, баспа, бронхит, жедел және созылмалы бронхиттер, пневмония, бронх демікпесі) балаларды қарау.

Құрал-жабдықтар: стетоскоп, шпатель, бетперде. Тексеруді бөлме температурасы 20-220 төмен емес бөлмеде жүргізеді. Тексеру кезінде көкірек торы жалаңаш болуы , бала мазасызданбауы қажет.

1. Баламен дұрыс қарым – қатынас жасау.

2. Анамнез жинау: бұрын өкпе ауруы , туберкулез ауруымен қарым- қатынаста болғаны, тұмау болды ма және оның сипаты, жөтел, оның сипаты ( құрғақ, ұстама тәріздес, ылғалды, ауысыну, битональды).

Сипаттау: Мұрыннан бөлінген шырыш сипаты: шырышты- кілегейлі болса, ол аурудың вирусты екенін көрсетеді, егер шырышты- іріңді болса, ол бактериалы ауруға тән. Ұстама тәріздес булықпа жөтел реприздермен аяқталса - көкжөтелді, құрғақ - трахеитті, ылғалды, «терең» - бронхит пен пневмонияны, құрғақ, «үрген» - ларингитті, қысқа ауырсынумен сипатталатын жөтел - плевритті, битональды - туберкулезді бронхоаденит пен көкірек аралығы ісігін көрсетеді.

3.Баланы қарау:

А) терісі мен шырышты қабықтарын қарау (ауыз маңында немесе жалпы цианоз болуы мүмкін), аузынан көпіршік бөлінеді;

Б) мұрынды қарау: дем алудың қиындауы, мұрын желбезектерінің дем алуға қатысуы және жас балаларда оның керілуі; мұрын бөліндісі және оның сипаты

(шырышты, кілегейлі, іріңді);

В) ауыз қуысын қарау: анасының көмегімен жүргізіледі, анасы баланы қозғалтпай ұстап отырады, сол кезде шпателді тіл түбіне дейін кіргізеді де, тілді басып ауызды ашады. Тамақтың қызаруын, бадамша бездердің жағдайын, олардағы қабыршақтарды анықтайды. Таңдай доғашықтары мен жұтқыншақтың артқы қабырғасын қарайды.

Г) көкірек торын қарау:

- көкірек торының пішіні, қосалқы бұлшық еттердің дем алуға қатысуы, қабырғааралық бұлшық еттердің ішке қабысуы, жауырындардың дем алған кезде қозғалу симметриясы анықталады;

- көкірек торының қозғалуының ( экскурсиясының) сипаты;

- баланың тыныш қалпында дем алу жиілігі саналады ( стетоскопты баланың мұрнына жақындатады; қолды баланың көкірек торына қояды);

- ентікпе сипаты анықталады – ішке дем алудың қиындауы

( инспираторлы ентігу), яремдық ойықтың , бұғана үсті және бұғана астының, т.б. ішке тартылуы;

- дем шығарудың қиындауы ( экспираторлы ентігу);

- аралас ентігу;

- дем алудың жиілеуі ( сиреуі),

- дем алудың жиілеуі ( тахипноэ);

- дем алудың сиреуі (брадипноэ);

- дем алудың тоқтап қалуы ( апноэ);

Д) көкірек торының пальпациясы: екі қолмен екі жақтан бірдей, симметриялы түрде жүргізіледі, ол кезде дыбыс дірілі, ауырсыну анықталады. Жас балаларда айқайлаған кезде анықтайды.

Е) физикалық тексерулер:

Перкуссия. Жас балаларға салыстырмалы перкуссия арқасына жатқызып көкірек торының алдыңғы жағына жасалады, артқы жағына баланы отырғызып жасайды. Ересек балаларға перкуссия тұрғызып , оң және сол жақтарына симметриялы жасалады. Дені сау балаларда перкуссия кезінде анық өкпе дыбысы анықталады. Перкуторлы дыбыстың қысқаруы өкпе ұлпасының ауасы азайғанда байқалады.

- Перкуссиялық дыбыстың күшеюі – тимпанит ( альвеолалар мен бронхтарда ауаның көп мөлшерде жиналуында) – бос қораптың дыбысы шығады.

- омыртқа маңы аймағы мен өкпе түбірі маңында 3-ші және 4-ші кеуде омыртқа деңгейінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы.

Өкпе аускультациясы. Өкпенің екі жағынанда симметриялы түрде жүргізіледі. Бала айқайлағанда дем алуы тереңдейді және сырылдар жақсы естіледі. Жаңа туған нәрестеде және 3 – 6 айлық балаларда дем алу әлсіз болады. 6 айдан 3 – 5 жасқа дейін пуэрильді дем алу ( күшейген везикулярлы, дем алудың екі фазасында да дем алу шуылы күшейген).

Тыныс алу жолы ауруларында дем алу қатқыл, бронхиальды.

Бронхиальды дем алу үрлеген сипатпен ауа толы қуыстарда – амфорикалық, әлсіз құрғақ немесе ылғалды сырылдар, плевраның үйкелу шуылы естіледі.

Жүрек – қан тамырлар жүйесін тексеру әдісі

Көрсетілімі: жүрек – қан тамыры ауруларының әртүрімен ауырған науқас және сау балаларды қарау.

Құрал – жабдықтар: стетоскоп, шпатель, секундомер.

Тексеру жүргізілетін бөлме температурасы 20–220 төмен болмауы керек.

  1. Баланы шешіндіріп, тыныштандыру қажет.

  2. Баламен дұрыс қарым – қатынас жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]