Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт 2015.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
370.18 Кб
Скачать

Жел шығаратын түтікше қою тәсілі

Қажетті құралдар:

залалсыздандырылған жел шығаратын түтікше, лоток, клеенка, жөргек, резеңке қолғаптар, дәке, залалсыздандырылған вазелин немесе өсімдік майы, халат.

Іс - әрекеті:

  • клеенка, оның үстіне жөргек төсейді;

  • қолды жуып, кептіреді;

  • халат, қолғап, бет перде киеді;

  • баланы сол жақ қырына жатқызып, аяғын бүгіп ішіне тақайды;

  • жел шығаратын түтікшеге майды құйып майлайды;

  • сол қолдың 1-2 саусағымен баланың құйрығын ашады;

  • жел шығаратын түтікшенің бос жағын қысып тұрып артқы тесікке енгізеді;

  • түтікшені тік ішекке 10-12 см-ге бірінші кіндікке қарай,

сосын құйымшаққа параллель кіргізеді;

  • түтікшенің бос жағын қысып тұрып, суы бар лотокқа салады;

  • 20-30 минөт өткен соң дәкемен ұстап түтікшені алады;

  • анус маңайын өсімдік майына ылғалданған дәкемен сүртеді,

  • түтікшені залалсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салады;

  • қолғапты, халатты, бет пердені шешеді;

  • қолғапты залалсыздандыратын ерітіндіге, халатты кір салатын қапқа салады.

Ескерту:

  • бұл іс-әрекетті 2-3 сағаттан кейін қайталауға болады.

Балалардың көзіне дәрі тамызу

Қажетті құралдар:

көзге тамызатын дәрі, дәрі тамызғыш, фурациллин ерітіндісі 1:5000, заласызданған мақта түйіршіктері, қолданған заттарға арналған лоток, залалсыздандыратын ерітінді.

Іс - әрекеті:

  • қолды жуып, кептіреді;

  • дәріні су моншасында (+ 22 0 + 24 0 С ) жылытады,

  • баланы жатқызады (отырғызады);

  • фурациллин ерітіндісіне ылғанданған мақта түйіршіктерімен көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай сүртеді (қажет болса);

  • сол қолға заласызданған мақта түйіршіктерін алады;

  • мақта түйіршігі көмегімен қабақты төмен тартады;

  • оң қолмен 1-2 тамшы дәрі ерітіндісін төменгі коньюнктивальді

қатпарға тамызады;

  • көздің ішкі бұрышынан тамшы қалдығын сорғызады;

  • екінші көзге осы әдіспен тамшы тамызады;

  • тамызғышты залалсыздандыратын ерітіндіге тастайды.

Ескерту:

  • әрбір көзге жеке мақта түйіршігін пайдаланады;

  • тамызғыштың ұшы доғал болу керек.

Балалардың мұрнына дәрі тамызу

Қажетті құралдар:

мұрынға тамызатын дәрі, мензуркадағы залалсыздандырылған тамызғыш,

электросорғыш немесе резеңке үргіш, дәкелер, лоток, резеңке қолғап, бет перде.

Іс - әрекеті:

  • қажетті құралдарды дайындайды;

  • қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;

  • ересек балаларды отырғызады, кішкентай балаларды жөргектеу үстеліне жатқызады;

  • шырыш болса мұрын қуысын электросорғышпен (резеңке үргішпен) тазалайды, қабыршықтарды өсімдік майымен ылғалданған шиыршықтармен тазалайды;

  • балаға ыңғайлы қалып жасайды: басын сәл шалқайтып, тамшы тамызатын жаққа бұрады;

  • тамызғышқа тамызатын дәріні алады, сол қолдың 4 саусағын маңдайға қояды, бас бармағымен мұрын ұшын көтереді де 2-3 тамшыны сыртқы жақ қабырға бойымен тамызады;

  • мұрын қанатын мұрын пердесіне саусақпен сәл басып тұрады да, айналдыра ақырын уқалайды;

  • 1-2 минөттен кейін сол әдіспен екінші мұрын қуысына тамшы тамызады.

Құлаққа дәрі тамызу

Қажетті құралдар:

қажетті дәрі, 50 – 60 0 С суымен ыдыс, тамызғыш мақта түйіршіктері мен шиыршықтары, резеңке қолғап, қолданылған заттарға арналған лоток.

Іс - әрекеті:

  • қажет құралдарды дайындайды;

  • шыныдағы дәріні ыдыстағы 50 – 60 0 С суға салып,

дене температурасына дейін жылытады;

  • қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;

  • баланы сау жағына бұрып жатқызады;

  • құлақты қажет болса алдын ала мақта шиыршықтарымен тазалап алады;

  • тамызғышқа бір тамшы дәрі сорып алып, оны қолдың сыртына тамызып, жылылығын тексереді

  • құлақтың сыртқы тесігін дұрыстайды:

а) 1 жасқа дейінгі балаларда – құлақ қалқанын төмен тартады;

б) 1 жастан асқан балаларда – құлақ қалқанын артқа және жоғары тартады;

  • тамызғышпен дәрігер тағайындаған дәрінің қажет мөлшерін құлақтың сыртқы қабырғасы бойымен тамызады;

  • бірнеше рет құлақ түйініне басады;

  • құлаққа 10-15 минөтке мақта тығынын салып қояды;

  • бала осы қалпында (басын сау жағына бұрып) 10-15 минөт жатуын бақылайды;

  • қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.

Балаларға ылғалданған оттегін беру

Мақсаты: Әртүрлі себептерден пайда болған гипоксияны азайту.

Көрсетілімдері: Егер оттегі қоры аз болса, бірінші кезекте оттегіні өте ауыр пневмания, бронхиолит немесе демікпесі бар балаларға беріңіз:

  • егер оларда орталық цианоз немесе

  • олар іше алмайтын болса (тыныс жетіспеушілігіне байланысты)

Егер оттегі қоры жеткілікті болса, балаларда төменде көрсетілген белгілердің кез-келген біреуі болса беріңіз:

  • кеуденің төменгі жағының айқын тартылуы:

  • тыныс жиілігі минутына 70 немесе одан жоғары:

  • ыңқылдап дем алу (ерте жастағы нәрестелерде)

  • дем алғанда басының қосыла изелуі.

Қажетті құралдар: Бобров аппараты, t -38º – 40º С су, оттегі беру үшін катетр, залалсызданған өсімдік майы, дәке салфеткалар, лотоктар, лейкопластырь, қайшы, сағат, резеңке қолғап, мұрынға тамызатын дәрі. Оттегі үнемі қол астында болуы керек. Оттегінің 2 негізгі қоры - баллондар және оттегі концентраторлары. Жабдықтардың барлық бөлшектерінің бір-біріне сәйкес келетіндігін тексеру өте маңызды.

Іс - әрекеті:

қолды жуып кептіреді;

  • Бобров аппаратын жұмысқа дайындау:

- таза шыны ыдысқа 2/3 бөлігіне дейін ылғалдандыратын сұйықты 38º-40º С құяды;

- ұзын шыны түтікті сұйыққа батырып оттегі көзіне жалғайды;

- тығындағы бұрында арқылы тығыздап жабады;

- аппараттың өткізгіштігін тексереді.

Ескерту: ылғалдандыру үшін залалсызданған су, 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі, 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісі, өкпе ісінуінде 96% спирт немесе антимофсилан қолданылады.

  • залалсыздандыратын ерітіндімен жөргектейтін төсенішті сүртіп, оған жөргек төсейді;

  • қолды жуып, кептіреді;

  • баланың басын биіктеу етіп жатқызады;

  • тыныс жолдарын қажет болса тазалайды;

Оттегі берудің үш әдісі ұсынылады: танау шанышқысы, танау немесе жұтқыншақ катетері арқылы беру.

  • Әрдайым танау шанышқысын немесе танау катетерін қолдану жақсырақ. Танау шанышқысы, бұл танауға салынатын екі қысқа түтікше ерте жастағы нәрестелерде, ауыр қыспағы бар немесе көк жөтелі бар балаларға қолдану- оттегі беруге ең жақсы әдіс.

Жұтқыншақ катетерін қолдану мұқият бақылауды қажет етеді. Катетер өңешке түсіп кетсе немесе басқа ауыр асқынулар болса, шұғыл шаралар қолдану керек болуы мүмкін. Маска немесе шлемді қолдануға болмайды.

  • Танаудың шырыштан босатады;

  • Танауға тереңдетпей енгізіп желімдейтін таспамен бетіне бекітіп қойыңыз. Танаудың шырыштан бос қалғанын қадағалаңыз, ол оттегнің өтуіне кедергі жасайды.

  • Оттегінің концентрациясы демді ішке тарту кезінде 30-35% жету үшін, оны 1-2 л/мин жылдамдықпен берініз. Танау шанышқысының қолданғанда оттегі ылғалдаудың қажеті жоқ.

  • Танау катетері. Бұл мұрынның артқы бөлігіне орналастыратын үшін 6-8 калибрлі катетер. Катетер енгізудің тереңдігі танаудың шетінен қастарының ішкі шекарасына дейінгі арақашыққа тең.

  • Оттегінің жылдамдығын 1-2 л/мин етіп қойыныз.

  • Жұтқыншақ катетері құлақ ұшынан мұрын желбезегіне дейін өлшеп алады да катетерді енгізу тереңдігін белгілейді;

  • пинцетпен дәке салфетканы алып сол қолға салады;

  • катетерді алып, оның бүтіндігін тексереді;

  • дәке салфеткалы қолға катетердің кіргізетін ұшын қойып, оны баланың мұрнына жақындатады, катетердің келесі ұшы тұсында бетке тигізбей ұстайды;

Ескерту:катетр дұрыс енгізілсе оның ұшы жұмсақ таңдайдағы тілшіктен

1 см төмен түсіп тұрады;

  • катетрдің сыртқы жағын науқастың бетіне лейкопластырмен жабыстырады;

  • катетрдің сыртқы ұшын резеңке түтік арқылы ( ұзындығы 60 см артық емес);

ылғалдағыштағы сұйықтан жоғары орналасқан қысқа түтікшеге жалғайды;

  • оттегі берілген уақытты белгілейді ( дәрігердің тағайындауы бойынша) ;

  • демді ішке тарту кезінде оттегінің концентрациясы 45-60% жету үшін оттегі жылдамдығын 1-2 л/мин етіп қойыңыз. Асқазанның созылу қаупі болғандықтан осы жылдамдықтан жоғарыламаған өте маңызды.

  • оттегімен емдеу тағайындалған уақыты өткен соң оттегі беруді тоқтатады.

Ескерту:

  • ұзақ уақытқа оттегімен емдеу белгіленсе 30-60 минөт сайын мұрындағы катетерді келесі мұрынға ауыстырады (алдын ала оттегі беруді тоқтатады);

  • катетерді дәке салфеткамен алады;

  • мұрынға 2-3 тамшы тамыр тарылтатын және залалсыздандыратын әсері бар тамшылар тамызады;

  • қолданылған құралдар мен қолғаптарды дез.ерітіндіге салады;

  • қолды жуып кептіреді;

  • орындалған процедура жөнінде жазылады.

Пульсоксиметрия

Пульсоксиметр- бұл қанның оттегіне қаныққандығын инвазиясыз өлшейтін құрал. Жарықтың сәулесін қолдың немесе аяқтың саусақтарының жұмсақ тіндерінен немесе кішкентай балаларда алақанынан немесе табанынан өткізу арқылы жүргізеді. Ағзаның оттегімен қанныққаны майда артериялардан анықталады, сондықтан артериялық қанның оттегімен қанығуы деп аталады. Бірнеше ай бойы қолданылатын көп реттік және бір реттік құрылғылыр болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]