Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт 2015.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
370.18 Кб
Скачать

Омфалит кезінде кіндік жарасын күту

Қажетті құралдар: залалсызданған мақта таяқшалар, қолданылған заттарға арналған лоток, 3 % сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 70 % этил спирті, залалсызданған тамызғыш, жөргектеу үстелінде дайындалған жөргектеуге арналған құралдар, резеңке қолғаптар, залалсыздандыратын ертіндісімен ыдыс.

Іс - әрекеті:

  • қажет құралдарды дайындайды;

  • қолды жуып, кептіріп, резеңке қолғап киеді;

  • жөргектеу үстелін залалсыздандыратын ертіндімен сүртіп, оған жөргек төсейді;

  • баланы жөргектеу үстеліне жатқызады;

  • сол қолдың 1 және 2 саусағымен кіндік жарасының шеттерін керіп ашады;

  • тамызғышпен кіндік жарасына 1-2 тамшы 3 % сутегі асқын тотығын тамызады;

  • пайда болған көпіршікті залалсызданған мақта оралған таяқшамен

ішінен сыртқа қарай сүртіп алады (таяқшаны лотокқа тастайды);

  • кіндік жарасының шетін керіп тұрып, 70 % этил спиртіне

батырылған залалсызданған мақта оралған таяқшамен ішінен сыртқа қарай

өңдейді (таяқшаны лотокқа тастайды);

  • қажетіне қарай кіндік жарасын (айналасындағы теріге тигізбей)

5 % калий перманганат ерітіндісіне батырылған мақта

таяқшамен өңдейді (таяқшаны лотокқа тастайды);

баланы жөргектеп төсегіне жатқызады;

жөргектеу стөлінен жөргекті алып, оны кір киімдерге арналған қапқа салады;

  • жөргектеу стөлінің үстін залалсыздайтын ерітіндімен сүртеді;

  • қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІ ЖЫЛЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ

Мақсаты:

  • шала туған нәрестені қалыпты дене температурасымен қамтамасыз ету

Қажетті құралдар: резеңке жылытқыш – 3 шт, су температурасы – 60–70 0С, жөргектер – 3 шт, жылы жөргек

Орындау жоспары:

- жылытқышқа 60 – 70 0 С ыстық суды ½ немесе 2/3 бөлігіне дейін құяды;

- қысып, ауасын шығарып, қақпағын жабады;

- жылытқыштың бас жағын төмен қаратып, жабылғанын тексереді;

- тағы 2 жылытқышты сол әдіспен толтырады;

- төрт бүктелген жөргекпен әрбір жылытқышты орайды;

- оралған жылытқышты нәрестеден 10 см қашықтыққа қояды:

а) біреуін – аяқ жағына

б) екеуін денесінің екі жағына

- баланы жылы жөргекпен жабады;

- жылытқыштағы су суыған сайын кезекпен ауыстырып тұрады;

- жылытқыштағы суды төгеді;

- сыртын залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;

- қолды жуып кептіреді.

МҰЗДЫ МҰЙЫҚ ҚОЮ

Қажетті құралдар: мұйық, мұз бөлшектері, мұзды алатын қасық, сүлгі.

Іс - әрекеті:

  • қолды тазалап алады;

  • мұзды мұйықты алып, қақпағын ашады;

  • ортасына дейін мұзбен толтырады;

  • ауасын шығарады;

  • қақпағын жабады;

  • сүлгіге орайды;

  • қажет жерге 15 – 20 минөтке қойылады;

  • қажет болса 10 – 15 минөттен кейін қайталайды;

  • мұз еріген сайын, суын төгіп, мұз бөлшектерін салып отырады;

Есте сақта! Мұзды мұйықты су құйып тоңазытқышқа қоюға болмайды,

ондай ірі мұз қойылған жерге зиянды әсер етеді, кейде үсікке шалдығуы мүмкін.

Шала туған нәрестені зонд арқылы тамақтандыру

Мақсаты: ауызбен тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда жаңа туған нәрестені қажет тамақпен қамтамасыз ету

Құралдар: резеңке қолғап, орамал, бетперде, 37-380С жылытылған бір рет тамақтандыруға мөлшерленген қажетті сүт, залалсыздандырылған асқазан катетрі, қысқыш, залалсызданған 20 мл шприц, лоток, электросорғыш немесе резеңке үргіш. Күні жетпей туған нәрестеге тамақтандырудан бұрын және тамақтандырғаннан кейін оттегі беріледі (дем алудың тоқтап қалуының алдын алу үшін)

Іс - әрекеті:

  1. Басқа орамал тартып, бетперде киеді

  2. Қолды жуып, кептіреді; резеңке қолғап киеді

  3. Баланың бас жағын биіктетіп, қырынан салады

  4. Катетерді құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тәрізді өсіндіге дейін өлшеп белгілейді

Ескерту: Мұрын ұшынан құлақ артына және төс сүйегінің жоғарғы қырына дейін аралықты өлшеп алуға да болады

5. Зондқа шприцті жалғап, оған ауа жіберу арқылы тексеру қажет

Ескерту: Катетрдің бос жағын қолмен ұстап тұру керек

6. Шприцтен поршенді алып тастайды

7. Шприцті сол жақ қолға орналастырып, жалғанған катетерді 2-3саусақтар арасынан өткізеді

8. Шприцтің 1/3 бөлігіне дейін ана сүтіне толтырады

9. Катетердің бітеу жағын оң қолға ұстап, жайлап төмен түсіре отырып сүтке толтырады (бірінші сүт тамшысы зонд тесігінен шыққанша)

10. Зондты сол қолға әуелгі қалпына қайтарады

Ескерту: Зондты сүтке толтырған кезде, зондтың бітеу жағы үнемі жоғары болуын бақыла

  1. Катетерді шприцтен 5-8 см қашықтықта қысқышпен қыс

12. Қысқыш сақинасын сол қолдың бас бармағына орналастыр

13. Оң қолмен зондтың бітеу жағынан 7-8 см жерінен ұста

14. Оны сүтке батыр

15. Зондты мұрын арқылы төменгі мұрын жолдарымен немесе ауызға тілдің ортаңғы сызығымен белгіге дейін енгіз (зондты енгізгенде күш жұмсамай, ентігу мен көгеру жоқ па екенін бақылау қажет)

16. Шприцке сүт еселе

17. Шприцті көтеріңкіреп, қысқышты катетерден алып, сүтті нәрестенің асқазанына жайлап жібер

18. Сүт шприц түбіне тақағанда, тағы катетерге қысқыш сал

Ескерту: Егер қажет сүт мөлшері түгел берілмесе, шприцті қайта толтырып алып, асқазанға жіберу керек

19. Катетерді оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен ауыз қуысынан 2-3 см жерден қысып тұрып, салфетка арқылы шапшаң қимылмен алады

20. Нәрестені оң жақ қырына басын жоғары көтеріп жатқызады

21. Қолғапты шешіп, қолын жуып кептіреді.

ЖАС БАЛАЛАРҒА ТАЗАЛАУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ТӘСІЛІ

Қажетті құралдар:

резеңке қолғап және алжапқыш, клеенка, жөргек, сүлгі,

резеңке үргіш ұштарымен (№ 1 - 6),

су құйылған ыдыс бөлме температурасындай (20 – 22 0 С ),

вазелин майы, қолданылған заттарға арналған лоток, дәрет ыдысы

Іс - әрекеті:

- қажет құралдарды дайындайды;

- клеенка төсеп, үстіне жөргек салады;

- баланы құрғатуға сүлгі дайындайды;

- резеңке үргішке 20 – 22 0 С суды алады;

Судың мөлшері:

а) жаңа туған нәрестеге – 25 –30 мл;

б) емшек жасындағы балаға – 50 – 150 мл;

в) 1 – 3 жастағы балаға – 150 – 250 мл;

- резеңке үргіштің ұшына вазелин майын құяды;

- баланы сол жақ қырына жатқызып, аяғын және тізе мен ұршық буындарын бүгіп, ішіне басады, ал 6 айға дейінгі балаларды арқасынан жатқызып, аяғын жоғары көтеруге болады;

- сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен баланың құйрығын ашады;

- резеңке үргіштің ұшын жоғары қаратып, төменгі жағынан оң қолдың бас бармағымен басады;

- ұшын еппен күштемей анус арқылы тік ішекке кіргізеді (басында кіндікке қарай, одан кейін құйымшаққа параллельді бағыттайды);

- төменгі жағынан үргішке қатты басып суды жібереді, оны босатпай

тұрып тік ішектен алады да, қолданылған заттарға арналған лотокқа тастайды;

- сол қолымен баланың құйрығын 3 – 5 минут қысып тұрады;

- баланы шалқасынан жатқызып дәретке отырғанша күтеді

( шат аралығын жөргекпен жауып қояды );

- дәретке отырғаннан кейін жуындырады, сүлгімен сорғызып құрғатады;

киіндіреді;

- алжапқышты, қолғапты шешіп, залалсыздандыратын ерітіндіге салады;

- қолды жуып, кептіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]