- •Дене салмағын өлшеу
- •Дене ұзындығын өлшеу
- •Жаңа туған нәрестенің және жас баланың таңертеңгілік туалеті
- •Жаңа туған нәрестеге гигиеналық ванна жасау
- •Жаңа туған нәрестені жөргектеу
- •Омфалит кезінде кіндік жарасын күту
- •Орындау жоспары:
- •Жел шығаратын түтікше қою тәсілі
- •Балалардың көзіне дәрі тамызу
- •Балалардың мұрнына дәрі тамызу
- •Құлаққа дәрі тамызу
- •Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу
- •Баланы қарау:
- •Ішек құрттарының жұмыртқаларына нәжісті жинау
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Ауыз арқылы регидратация жүргізу Мақсаты:
- •Стоматит кезінде ауыз қуысын тазалау және емдеу
- •Бцж вакцинасын жасау
- •Қосымша №
- •Талуда (обморок) жедел көмек
- •Талықсуда (коллапс) жедел көмек
- •Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек
- •Құсқанда жедел көмек
Жаңа туған нәрестеге гигиеналық ванна жасау
Қажетті құралдар:суға түсіретін ванна, жөргек, құмыра, су термометрі, жұмсақ қолғап, бала су сабыны үлкен жұмсақ сүлгі, жөргектеу үстеліне орналастырылған таза киімдер мен жөргектер, залалсызданған немесе бала ұнтағы, резеңке қолғап,
залалсыздандыратын ертінді, кір киімдерге арналған қап.
Іс - әрекеті:
қажет құралдарды дайындайды;
ваннаны орнықтырып қояды;
қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;
ваннаның ішін залалсыздандыратын ертіндімен сүртеді;
ваннаны щеткамен жуып, қайнаған сумен шаяды;
жөргектеу үстелін залалсыздандыратын ертіндімен сүртіп,оған жөргек төсейді;
ваннаның түбіне қабатталған жөргекті төсейді (шетін ваннаның қабырғасына жеткізбеу керек);
ваннаға су термометрін салады;
ваннаның ½ немесе 1/3 бөлігіне дейін 36-37 0С су құяды;
ваннадан құмыраға баланы шаюға су алады;
баланы шешіндіреді (қажет болса ағынды суға жыныс мүшелерін жуады);
киімдерін кір киімге арналған қапқа салады;
баланы қолға алады сол қолымен арқасы мен желкесінен ұстайды
оң қолымен жамбасы мен санынан ұстайды;
баланы жайлап суға салады (бірінші аяғы мен жамбасын,
сосын дененің жоғарғы бөлігін);
су емшек тұсына дейін жетеді, төсінің жоғарғы жағы ашық қалады;
оң қолды босатып алады, сол қолмен басы мен денесінің
жоғарғы бөлігін ұстап тұрады;
оң қолға жұмсақ қолғапты киіп, сабындайды да басын
(маңдайынан желкесіне қарай), мойнын, денесін, аяқ-қолдарын
(әсіресе табиғи қатпарларын) мұқият жуады; соңында жыныс мүшелері жуылады;
қолғапты шешеді;
баланы судан алады;
бетін төмен бұрады;
құмырадағы сумен шайындырады ( 35-36 0С);
сүлгіні жауып, жөргектеу үстеліне жатқызады;
терісін сорғызып құрғатады;
баланы киіндіріп, төсекке жатқызады;
жөргектеу үстеліндегі жөргекті, жұмсақ қолғапты кір салатын қапқа тастайды;
ваннадағы суды төгіп, ішін шаяды;
жөргектеу үстелін залалсыздандыратын ертіндімен сүртеді;
қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.
Жаңа туған нәрестені жөргектеу
Қажетті құралдар: жұқа және жылы киімдер, жұқа және жылы жөргектер,
сүлгі, жөргектеу үстелі, резеңке қолғаптар, залалсыздандыратын ерітіндімен
ыдыс.
Іс - әрекеті:
қажет құралдарды дайындайды;
қолды жуып, кептіріп, резеңке қолғап киеді;
жөргектеу үстелін залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;
жөргектеу үстеліне жөргектерді астынан үстіне қарай қабаттап салады:
жылы жөргек, жұқа жөргек, жөргекше немесе памперс;
киімдерді тігісін сыртына қаратып дайындайды;
төсегінде баланы ораудан босатып алады, қажет болса жыныс мүшелерін жуындырып, таза сүлгімен құрғатады да, жөргектеу үстеліне жатқызады;
жұқа іш көйлегін ашық жағын артына қаратып,
жылысын ашық жағын алдына қаратып кигізеді;
жөргекшені орайды:
а) жөргекшенің кең жағын белінің тұсына келтіреді;
б) төменгі ұшын екі аяғының ортасынан өткізеді;
в) екі жақ ұшын жамбасын айналдырып орайды;
жұқа жөргекке баланың «қолынсыз» орайды:
а) баланы жұқа жөргекке жатқызғанда, жөргектің жоғарғы шетін қолтық тұсына келтіреді;
б)жөргектің бір шетін аяқтардың арасынан өткізеді;
в)екінші шетімен баланы орайды;
г)төменгі шетін қайырғанда аяғын қозғайтын
бос орын қалдырып, денесін орайды;
д) жөргекті алдыңғы жағынан бекітеді;
қажет болғанда баланы жылы жөргекке қолымен орайды:
а)жылы жөргекке жатқызғанда, жоғарғы шетін
құлақтың төменгі жағына келтіреді;
б) бір ұшымен иықты орап, одан дененің алдынан
келесі жақ қолтыққа жеткізеді;
в)екінші ұшымен келесі иықты жауып, орайды;
г)төменгі шетін аяғын қозғайтын бос орын қалдырып,
қайырып орайды;
д)білектің тұсында буыннан жоғары деңгейде
алдыңғы жақтан жөргекті бекітеді;
жөргектеу үстелінің бетін залалсыздайтын ерітіндімен сүртеді;
қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.
