- •Дене салмағын өлшеу
- •Дене ұзындығын өлшеу
- •Жаңа туған нәрестенің және жас баланың таңертеңгілік туалеті
- •Жаңа туған нәрестеге гигиеналық ванна жасау
- •Жаңа туған нәрестені жөргектеу
- •Омфалит кезінде кіндік жарасын күту
- •Орындау жоспары:
- •Жел шығаратын түтікше қою тәсілі
- •Балалардың көзіне дәрі тамызу
- •Балалардың мұрнына дәрі тамызу
- •Құлаққа дәрі тамызу
- •Мұрын мен тамақтан бактериологиялық зерттеуге жағынды алу
- •Баланы қарау:
- •Ішек құрттарының жұмыртқаларына нәжісті жинау
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Энтеробиозға жағынды алу
- •Ауыз арқылы регидратация жүргізу Мақсаты:
- •Стоматит кезінде ауыз қуысын тазалау және емдеу
- •Бцж вакцинасын жасау
- •Қосымша №
- •Талуда (обморок) жедел көмек
- •Талықсуда (коллапс) жедел көмек
- •Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек
- •Құсқанда жедел көмек
Астана қаласының «Медициналық колледжі» МКҚК
Педиатрия пәнінен студенттерге арналған
стандарттар
(оқу құралы)
Астана-2014ж
Рецензент:
Оқу құралы медицина колледжінің барлық мамандықтарына арналып
типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған. Онда жаңа туған нәресте мен әртүрлі жастағы дені сау және ауру балаларды күту мен тексеру әдістерінің алгоритмдері және жедел көмек берілетін жағдайларда көмек көрсету әдістері берілген. Аталған материалдар колледж білімгерлерінің білім, білік және дағды деңгейін шыңдауда қажет. Дайындалған оқу құралын оқу үрдісінде медицина колледжі білімгерлеріне педиатрия пәнінен қолдануға болады.
Дене салмағын өлшеу
Мақсаты: физикалық өсуді бағалау
Қажетті құралдар: электронды салмақ өлшегіш, жөргек,
залалсыздандыратын ерітінді, қағаз , қалам;
Іс - әрекеті:
тегіс орнықты жерге салмақ өлшегішті орналастырады;
қажет құралдарды дайындайды;
салмақ өлшегіштің табақшасын залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;
электронды салмақ өлшегішті электр торабына қосады
салмақ өлшегішті жұмысқа қосады, көрсеткішін «0»-ге келтіреді
қабатталған жөргекті төсейді, ол шкаланы жаппауы керек
баланы жатқызады (немесе отырғызады), көрсеткіштің шығуын күтеді,
баланың дене салмағын анықтайды;
баланы алып, көрсеткішті жазып алады;
салмақ өлшегіштен жөргекті алып, үстін залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;
Дене ұзындығын өлшеу
Мақсаты: физикалық өсуді бағалау
Қажетті құралдар:
горизонтальды бой өлшегіш құрал; залалсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдыс;
резеңке қолғап, жөргек, жуғыш, қағаз, қалам.
Іс - әрекеті:
горизонтальды бой өлшегішті тегіс орнықты жерге шкаласын «өзіне» қаратып қояды;
қажет құралдарды дайындайды;
қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;
бой өлшегіштің үстін залалсыздандырғыш ерітіндімен сүртеді;
жөргек төсейді (ол шкаланы жаппауы, жылжымалы тақтайшаның
қозғалуына бөгет болмауы керек);
баланың басын бой өлшегіштің жылжымайтын жағына қаратып жатқызады;
баланың тізесінен ақырын басып, аяғын түзетеді;
табанына жылжымалы тақтайшаны әкеп тірейді;
шкаладан баланың денесінің ұзындығын белгілейді;
баланы алады, қорытындысын жазады;
бой өлшегіштен жөргекті алады;
бой өлшегіштің үстін залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;
қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.
БАС АЙНАЛЫМЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты:
физикалық өсуді бағалау
Қажетті құралдар: сантиметрлік жолақ, 70 % этил спирті, дәкелер, қалам, қағаз
Іс - әрекеті:
қажет құралдарды дайындайды
сантиметрлік жолақты екі жағынан спирттелген дәкемен сүртеді
баланы жатқызады немесе отырғызады
баланың басына сантиметрлік жолақты қояды:
а) артынан – желке томпағы
б) алдынан қабақ үсті доғалары бойымен
саусақтың тері мен жолақтың арасында қалмауын қадағалайды
бас айналымы көрсеткішін анықтайды
қорытындысын жазып алады
КЕУДЕ АЙНАЛЫМЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты:
физикалық өсуді бағалау
Қажетті құралдар: сантиметрлік жолақ, 70 % этил спирті, дәкелер, қалам, қағаз
Іс - әрекеті:
қажет құралдарды дайындайды
сантиметрлік жолақты екі жағынан спирттелген дәкемен сүртеді
баланы жатқызады немесе отырғызады
баланың кеуде торына сантиметрлік жолақты қояды:
а) артынан – жауырынның төменгі бұрыштары
б) алдынан – емшек ұшы айналасы шеңберінің төменгі шеті
(жасөспірім қыздарда сүт бездерінің үстіңгі жағы 4-ші қабырғаның жоғарғы шеті)
кеуде айналымы көрсеткішін анықтайды
қорытындысын жазып алады
Жаңа туған нәрестенің және жас баланың таңертеңгілік туалеті
Мақсаты:
дене тазалығын сақтау;
баланың жан-жақты қажеттілігі «таза болуды» қамтамасыз ету;
ұқыпты болу дағдысын қалыптастыру
Қажетті құралдар: қайнаған су, мақта түйіршіктері мен шиыршықтар, қолданылған заттарға арналған лоток, жөргектеу үстелінде орналасқан таза киімдер мен жөргектер, резеңке қолғап, залалсыздандыратын ертінді, кір киімдерге арналған қап
Қажетті шарты:
мұрын мен құлақты тазалағанда қатты заттарды қолдануға болмайды;
анасы мен туыстарына атқарылатын істің мақсаты мен орындалуы түсіндіріледі;
қажет құралдар дайындалады;
қолды жуып, кептіріп, қолғап киеді;
жөргектеу столын залалсыздандыратын ертіндімен тазалап, оған жөргек төсейді;
баланы шешіндіріп (қажет болса жыныс мүшелерін жуып), жөргектеу столына
жатқызады;
киімдерін кір киімдер салатын қапқа тастайды;
мақта тампондарын қайнаған суға батырып алып бетін жуады;
көзін қайнаған суға батырылған мақта домалақшаларымен сырты бұрышынан ішкі бұрышына қарай тазалайды (әрбір көзге жеке домалақшалар қолданылады)
мұрын қуысын қайнаған суға батырылған
тығыз мақта шиыршықтарымен айналдыра отырып тазалайды
(әрбір мұрын қуысына жеке шиыршықтар пайдаланады);
құлақ қуысын да тығыз мақта шиыршықтарымен тазалайды.
Ескерту:
құлақты аптасына 1 рет немесе қажетіне қарай тазалайды;
баланың иегін ақырын басып аузын ашады да, ауыз қуысын қарайды;
терінің табиғи қатпарларын қайнаған сумен мақта тампонымен мына кезекпен өңдейді:
а) құлақ арты б) мойын в) қолтық г) шынтақ д) білезік е) қылта ж) тобық з) шат
и)жамбас.
баланы киіндіріп төсекке жатқызады;
жөргектеу столынан жөргекті алып,оны кір киімдерге арналған қапқа салады;
жөргектеу столын залалсыздандыратын ерітіндімен сүртеді;
қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреді.
