Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ЛД 3 курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.44 Кб
Скачать

Дәріс 5. Тақырып: Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы. Ойық жара ауруларының асқынулары

Дәріс жоспары:

  1. Жара ауруы, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі

  2. Жара ауруы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі

  3. Жара ауруы, асқынулары

Жара ауруы – негізгі белгісі: асқазан қабырғасында ойық болуымен сипатталатың созылмалы рецидивті ауру.

Этиологиясы: НР ашылғанан бері жара ауруы жұқпалы ауру болып саналады.

Бұл негізінде хеликобактерлік гастриттің және дуодениттің үстінде дамитың ауру. НР үйреншікті мекендейтің жері: асқазанның антралдық бөлігі. НР мекендеу үшін кілігей метаплазияға ұшырау қажет. Бұл созылмалы дуоденитте кездеседі.

Қолайлы факторлар:

  • Шылым шегу, алкоголь

  • Тұқым бейімдеушілік

  • Асқазан сөлінің гиперсекрециясы

  • Дәрі –дәрмектердің әсері

  • Алиментарлық факторлар

  • Нервілік – психикалық өзгерістер

Патогенез: Этиологиялық факторлар бас миының қыртысына, гипоталамусқа әсер етеді. Агрессиялық және қорғаныс факторлардың арасындағы тепе тендік бұзылады.

Агрессиялық факторлар күшееді :

  • Тұз қышқылы

  • Пепсин

  • Асқазанның эвакуациялық қызметінің бұзылуы

  • Онекелішік асқазандық рефлюкс

Қорғаныс факторлар әлсірейді:

  • Кілегейдің түзілуі

  • Қанағымының қалыптылығы

  • Иммундық қорғаныс

  • Эпителийдің регенерациясы

Жара ауруының патогенезі

Этиологиялық факторлар Қолайлы факторлар

Н.pylori Нейроэндокриндік реттеудің бұзылыстары

Гастрин жоғарылау Парасимпатикалық ж.ж. белсенділігі жоғарылайды Генет.бейімд.

Асқазан және онекіелі ішектің Асқазан секрециясы Кілегей Қорғаныс

моторикасы бұзылу жоғары ерекшеліктері фактор.төмен

Асқазан және онекіелі ішектің кілегейі зақымдалуы

Клиникалық белгілері:

Шағымдары: ауырсынулар, асқазандық диспепсия, ішектік диспепсия, астеновегетативті синдром, жаралы кемістік синдромы, асқынулар синдромы

Ауырсыну синдромы – жараның орналасуына байланысты.

Ауырсыну себебі: жараның түбіндегі нерв ұштарының тұз қышқылымен тітіркенуі, асқазанның және ұлтабардың моторикасының бұзылуы, жара айналасында тамырлар ишемиясы дамуы.

Ауырсынудың тамақ ішкеннен кейін пайда болу уақытына байланысты ерте, кеш, түнгі, ашқарындық ауырсынулар кездеседі.

Тамақтанғаннан кейін 30 мин -1 сағ пайда болса – ерте (жара биік орналасқан)

Тамақтанғаннан кейін 1,5 – 2 – 3 сағаттан кейң дамыса- кеш ауырсынулар, ашқарын -6 – 7 сағаттан кейін пайда болады. Кеш, түнгі, аш ауырсынулар антральдық немесе дуоденалды жараларда кездеседі.

Асқазан диспепсия синдромы: қыжылдау, кекіру, құсу. Құсу себебі: кезбе нерв тонусының жоғарылауы, асқазан моторикасының күшеюі, асқазанның гиперсекрециясы.

Ішектік диспепсия: сирек іш қату болуы мүмкін.

Астеновегетативті синдром: терісі бозаруы, аяқ қол ұштарының салқындауы, ылғалдылығы, брадикардия және артериалдық гипотензияға бейімділік (парасимпатикалық нерв жүйесінің тонусының жоғарылауынан)

Пальпация кезінде эпигастрий аймағында бұлшық еттердің қатаюы және ауырсыну байқалады.

Диагностикасы:

- ЖҚА (қан кетуде анемия болуы мүмкін, асқынуларда-лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдайды)

- ЭГДС

- өнештің және асқазанның рентгенологиялық тексеруі

- НР анықтау үшін -тыныс уреазды тест

-нәжісті жасырын қанға тексеру

Ем мақсаттары:

  • Клиникалық белгілерді басу

  • Жара жазылу

  • НР инфекциясын жою

 Емі:

Зиянды әдеттерден құтылу

Диета 1 HР эрадикациясы. Осы мақсатпен 1-2апта эрадикация жүргізіледі. Содан кейін жараларды толық жазу үшін антисекрециялық дәрмектер беріледі.

Эрадикацияның басты принциптері:

  • Антимикробтық дәрілерді қосарланып қолдану

  • Антибиотиктердің антимикробтық әсерін антисекреторлық дәрмектермен күшейту

Асқынулары: қан кету, перфорация, пенетрация, малигнизация, пилорикалық бөліктің стенозы

Шұғыл госпитализацияға көрсеткіштер:

1) асқынулар

2) қарқынды ауырсыну синдромы

3) амбулаториялық емнің нәтижесіз болуы

4) қосымша аурулар

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» Б.С. Калимурзина

«Ішкі аурулар» В.И. Маколкин